1.2. Біріккен Германия мемлекетінің құрылуы
Егерде бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германия территориясы соғыс қимылдарынан ешқандай зиян шекпесе, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ел үгінді болып қалғандай көрінді. ('неркәсіп өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінінің үштен біріне ғана жетті. Шығыс Пруссиядан Одерден Нейсеге дейін жатқан жерлерге қоныс аударылды. Бұл онсызда қиын тұрғын үй проблемасын шиеленістіріп жіберді. Одақтастар репарация төлемі үшін өнеркәсіп құрал-жабдықтарын әкете бастады. Елде өмір сүру деңгейі 3/1 –ге дейін қүлады, ақша қүнсызданды. Азық-түлік пайкалары физиологиялық минимумынан калориясы төмен еді. Оның үстіне Германия тәуелсіз мемлекет болудан қалды. Ол оккупацияланды. Оның территориясының біраз бөлігі тартып алынды. Көзімен көргендердің айтуынша «ашаршылық пен қорқыныштың арасындағы, үміті өлген мемлекет» [13].
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін дүниежүзінің алып мемлекеттері АҚШ пен КСРО арасында туындаған «қырғи қабақ соғыс» соғыстан кейінгі Германия тағдырына тікелей ықпал етті. Басты державалардың Германия территориясы бойынша қарама-қайшылығы білінді. Бұл Германияның бөлінбей қоймайтындығын көрсетті. Сонымен бірге «қырғи қабақ соғыс» батыс державалардың оккупацияланған Германияның роліне басқаша қараудың жөн екенін байқатты. Жеңілген жаудан гөрі Германия не одақтасқа, не Батыстағы үміт артатын сүйнішке айналғаны дүрыс болып есептелінді. Оның экономикалық потенциалын барынша әлсіретуге ынтызарлық жойылды. Германиядан өнеркәсіптің 5%-тік қуаттылығы ғана әкетілді. Америкада Маршалл жоспары талқыланған кезде амер ікандықтар оған батыс зонаны да қосуды талап етті. Бас мемлекеттер үшін Германияда экономикалық ситуацияны сауықтыру қажеттілікке айналды. КСРО-ның қатысуымен мүндай саясатты жүргізу мүмкін емес еді. Олар тек ақша реформасын ғана жүргізе алды. Қүнсызданған рехсмаркадан немістер қүтылуға асықты. Рехсмарка неміс маркасымен ауыстырылды. Батыс зонадағы әрбір тұрғын 60 ескі рехсмарканың орнына 60 жаңа неміс маркасын алды. Егер бүрын товарлар жетіспесе енді ақша жетіспейді. Инфлияция тоқтатылды, қара рынок жойылды. Экономикалық өмірде қалпына келтіру үшін барлық жағдай жасалды [14].
1948 жылдың соңына қарай өнеркәсіп өндірісі жартысына дейін өсті. Ал 1949 жылдың соңына қарай ол соғысқа,дейінгі қалпына келтірілді. Батыс Германияда ақша реформасының жүргізілуіне қарсы КСРО Батыс Берлинге блокада жасады. Батыс елдері батыс зоналарда герман емлекетін тез құруға асықты. 1948 жылы қыркүйекте 1946 жылы қалпына келтірілген жер парламенттерінің Парламенттік кеңесі шақырылды. Ол Федеративтік Республиканың конституциясын жасады. Оны оккупациялық өкіметтер бекіткен соң 1949 жылы 23 мамырда :үшіне енді. Конституция неміс азаматтарының негізгі азаматтық және саяси бостандықтарын бекітті және Батыс Германияны Федеративтік Республика деп жариялады. 1949 жылы ФРГ-ның құрамында 11 неміс жері батен-вюлтенберг жерлері кірді. СААР жері 10 бөліктен тұрды. Оның әрқайсысының өз конституциясы бар, сонымен қатар олардың заң шығаратын, оны орындайтын және сот органдары бар. Басқару формасы жағынан ФРГ парламенттік республика. Веймар республикасының конституциясымен салыстырғанда ФРГ-дағы президент өкіметі шектеуліол неді жалпы сайлауда сайланбайды. Оның қарамағында заңдар үкімет басшысында нақтылануы қажет. Бундестаг федералдық канцлерді бекітеді.
1949 жылы тамызда Бундестагқа міғашқы сайлау болды. Жеңіске үмтылған үміткерлердің ішінде христиан-демократиялық және христиан-әлеуметтік одақ блоктары болды. Және Германияның социал-демократиялық партиясы да жеңістен үміткер болатын. Олар Бундестагта бірдей мөлшерде орын жинады. Алайда ХДР-ХСС және коалициясына ерікті демократиялық партия (СвДП) кірді. Ол осы партиялардың үкімет құру ие болу қүқына жол ашты. ФРГ-нің канцлері болып 75 жастағы тәжірибелі саясаткер христан-демократ Конрад Аданауэр сайсанды. Веймар республикасының жылдарында ол орталық партиясының мүшесі және Кельн қаласының бургом-мистр ол Черчилл сияқты саясатта үзақ айналысқан. Конрад Аданауэр 1963 жылға дейін канцлер болып қала берді. Оның мемлекет нің ішкі және сыртқы саясатында жүргізген еңбігінде баға жетпейді. Веймар республикасының күйрегенін көзімен көрген нағыз демократ Конрад Аданауэр ФРГ-да демократиялық институттардың нығаюына өз тигізді. Ол европалық идеяны жақтаушы, Германияның Европаның басқа істерінен аулақ болмауына қолдан келгеннің бәрін істеді. Ол европалық интеграцияны барынша жақтады. Сондықтан ол 1952 жылы Германияны біріктіру жөніндегі жоспарын қабылдамады. Германия бірігу үшін КСРО-да және Шығыс Европа елдерінде түбірлі өзгерістер болуы қажет. Сондай жағдайда ғана ФРГ мен ГДР біріге алады. Оның сөзі шықтан болғандығын тарихтың өзі дәлелдеді [15]. «Қырғи қабақ соғыстарында» ФРГ үкіметінің АҚШ-қа бағытталуы оны позициясын нығайтты. 1951 жылы оның территориясында оккупациялық режим алынып тасталынды. 1955 жылы ФРГ НАТО-ның мүшесі болды. 1957 жылы Европалық экономикалық қауымдастықтың мүшесі. Франция Германиямен татуласты. ФРГ өзінің маңызды мемлекетке айналғанын түсініп Шығыс Германия туралы мәселені көтерді. Германия Шығыста социалистік елдерді мойындамады. Өзі де және одақтастары да Германия демократиялық республикасымен демократиялық қатынастар орнатпады.
Достарыңызбен бөлісу: |