1.3. Экономикалық өрлеу және оның себептері
ФРГ-нің халықаралық позициясының нығаюы көбіне оның экономикалық өрлеуімен тікелей байланысты. 1950-1964 жылдары ұлттық өнім 3-ке дейін өсті. Ол соғысқа Германиядан артық өнім шығара бастады. Европа «герман кереметі» туралы айта бастады. Оның себептері аздаған соғыс шығындары, отарларды басқару аппаратына ұстауға шығынның болмауы шығыста тұра алмаған қоныс аударушылардың жаңа жерде сіңісіп кетуі осы жылдары Германияның экспорты өсті. Экспорттан түскен табыстар қарыздармен есептесуге мүмкіндік берді. ФРГ-да жасалған өнімнің көпшілігі дүниежүзілік рынокқа шықты. ФРГ нацизм құрбандарына жәрдем ақы беруге және алтын валюттік резервтер жасауға мүмкіндік алды. 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарыс герман демократиясын шайқалтса, 50-60 жылдардағы өрлеу оның нығаюын қамтамасыз етті. Сонымен қатар ФРГ-ны Батыс елдерінің экономикалық қуаты жағынан зор елдерінің біріне айналуы сыртқы саясат саласында оның алдына жаңа міндеттер қойды. Өзіне жақын орналасқан Шығыс Европа елдерінің оны майындамауы ФРГ-нің дипломатиясын икемді етті. Әсіресе бұл дамып келе жатқан елдермен КСРО-ның қарым-қатынасында көрінді. 60-жылдардың соңында Шығыс елдерінде түбірлі өзгерістердің болмай қоймайтындығы айқын болды. Ол елдердегі басқарушы режимдер тұрақтанды, КСРО оларға қатаң бақылау қойды. Өмірде болып жатқан шындық оқиғаларды елемеу ФРГ-ның беделін одан әрі түсіру қаупін туғызды.
СДПГ сыртқы саясат бағытын өзгерту туралы болған пікір-таластың дем берушісі болды. Пікір-талас саяси күштердің қайта топтасуымен аяқталды. СвДП СДПГ-ны қолдады. Осы екеуінің бірін-бірі қолдауымен жаңа коалиция құрылды. Осы екі партия 1969 жылы үкіметті қалыптастырды. Елдің канцлері болып социал-демократ Вилли Брандт та айындалды. Елдің сыртқы істер министрі болып-еркін- демократ Вальтер Шеель қызмет атқарды./16/.
Брандт Вилли /1913-1992/ шын аты Герберт Карл Фрам Германия мен дүние жүзілік социал-демократияның көрнекті қайраткері. СДПГ-ға мүше болған Гитлер өкімет басына келген соң фашизмге қарсы қызмет жүргізеді. Швецияда эмиграцияда болады. Соғыстан кейін Батыс Берлинге қайтып оралады. 1957-1966 жылдары Батыс Берлиннің бургомистрі. 1964 жылы СДПГ-ың төрағасы болып сайланады. 1966-1969 жылдары сыртқы істер министрі және вице-канцлер. 1969-1974 жылдары батысгермандық үкіметті басқарады.
1976 жылдан бастап Социнтерннің төрағасы. 1971 жылы халықаралық қатынастарды жақсартуға қосқан үлесі үшін нобельдік сыйлықтың лауреаты.
Вилли Брандт үкіметі түсында ФРГ-ның жаңа шығыс саясаты жүзеге асты. Соғыстан кейінгі жылдарда Шығыс Европада қалыптасқан шекаралар танылды. ГДР мемлекетімен мемлекет аралық қатынастар орнатылды. Екі неміс мемлекетінің бірін-бірі мойындау олардың БҰҰ-на қабылдануына жол ашты. Екі мемлекет арасында Батыс Берлин статусы туралы келіссушілікке қол жеткізілді. Бұл екі мемлекет арасында осы қала маңайындағы шиеленісті бәсеңдетті. ФРГ 70- жылдары Шығыс Европа елдерінің Батыстағы экономикалық әріптесіне айналды. ФРГ жалпыевропалық қауіпсіздік пен ынтымақтастық бойынша өткен мәжілістің Қорытынды Актісін жасауда үлкен еңбек сіңірді. Осыған байланысты ФРГ-нің халықаралық беделі орасан зор өсті.
Елдің ішкі дамуында 70-жылдар түбегейлі өзгерістер жылдары болып есептелінеді. ФРГ-да валюталық инфляция а қарамастан басқа Батыс елдері сияқты дағдарыстарға үшырағанымен ФРГ-ның экономикасы дамыды. Солай бола тұрса да экономикалық дағдарыстың кейбір салдарлары байқалып қалды. Халықты мазасыздандырған проблемалардың бірі-саяси терроризм./17/. Бұл қүбылыс 60-жылдардағы жастар қозғалысынан туындаған. Осы жылдары жастардың біраз бөлігі революциялық үрандарды тікелей қабылдады. Мүндай үрандар көпшіліктен қолдау таппады. Сол кездегі батысгермандық қоғамда жастардың біраз бөлігі террор құралдары арқылы ФРГ-да капиталистік құрылысты қүлатуды ойлады. ФРГ-да әрекет еткен террористік үйымдардың ішінде жетекші рөльді «Фракция Красной Армии» атқарды. 70-жылдардағы террористердің құрбаны 41 адам болды./П/. Алайда 80-жылдардың басына қарай батысгермандық полиция террористердің басым көпшілігін түтқындай алды. Қудаланғандардың біразы ГДР-ге барып жасырынды.
Батыстың басқа елдері сияқты ФРГ-да да 70-жылдары экономиканы мемлекеттің реттеуі туралы мәселе талқылана бастады. СДПГ оны жүргізбеуді қалады. ХДС-ХСС инфляцияға қарсы қатал шаралар қолдануды және әлеуметтік программаның көптеген салаларын қысқартуды талап етті.
Осы дискуссияның барысында саяси қайта топтасу жүзеге асты. СвДП СДПГ коалициясынан шығып ХДС-ХСС-ты қолдады. 1982 жылы ФРГ-ның канцлері болып Гельмут Коль тағайындалды. СДПГ оппозицияға кетті/18/.
Достарыңызбен бөлісу: |