Гипертензиялық криз


Жоғары систолалық артериялық қысым мен тахикардия қосарланған кезде



бет5/10
Дата07.02.2024
өлшемі56.33 Kb.
#491079
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Гипертензиялық криз

Жоғары систолалық артериялық қысым мен тахикардия қосарланған кезде:
- Пропранолол (селективті емес ß адреноблокатор ) - ішкізуге10-40 мг;
- Клонидин (препарат орталыққа əсер етеді) – тіл астына 0,075-0,150 мг.

Диастолалық артериялық қысым басым жоғарылағанда немесе систолалық артериялық қысым мен диастолалық артериялық қысым бірдей жоғарылаған кезде:
- Каптоприл ( АПФ ингибиторы) – тіл астына 25 мг;
- Нифедипин (кальций каналының II типінің блокаторы, дигидропиридиндер) – тіл астына 10-20 мг.

Асқынған гипертензиялық криз:
1. Тыныс жолдарын санациялау.
2. Оксигенотерапия.
3. Венаға ену.
4. Дамыған асқынуды емдеу жəне гипотензивті препараттарға салыстырмалы таңдау жасау.
5. Антигипертензиялық терапияны парентеральдық препараттармен жүргізеді.
6. Тездетіп АҚҚ төмендету (соңынан 1 сағат ішінде 15-20%, содан соң 2-6 сағатта 160 жəне 100 мм с.б.б. (дəрілерді ішкізу арқылы беруге, ауыстыруға болады).

Миокардтың жіті инфаркты немесе коронарлық синдроммен асқынған гипертензиялық криз

Мақсаты: ауру ұстамасын тию, миокардтың қоректенуін жақсарту, АҚҚ төмендету.
1. Нитроглицерин 0,5мг тіл астына, аэрозолде немесе спрейде (0,4 мг, немесе 1 доза), қажет жағдайда əр 5-10 минут сайын қайталайды, немесе көктамырға 10 мл 0,1% ерітіндіні 100 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен бірге тамшылатып құяды (2-4 тамшы минутына) АҚҚ мен ЖЖЖ бақылай отырып;
2. Пропранолол (селективті емес β-адреноблокатор ) – көктамырға баяу шүмектете құяды 1 мл 0,1% ерітінді (1мг), осы дозаны ЖЖЖ минутына 60 жеткенде АҚҚ мен ЭКГ бақылай отырып əр 3-5 минут сайын қайталауға болады; жалпы ең жоғарғы доза 10 мг;
3. АҚҚ жоғары деңгейден түспеген жағдайда: эналаприлат (АПФ ингибиторы) 5 минут ішінде 0,625-1,250 мг баяу көктамырға жібереді, шамамен 20 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісіне ерітеді;
4. Морфин (есіріткі анальгетик) 1 мл 1% ерітіндіні 20 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісіне араластырып жəне 4-10 мл бөліп (немесе 2-5мг) əр 5-15 минут сайын, ауырсыну сезімі мен ентігу басылғанша, немесе жанама əсерлері пайда бүлінгенге дейін (гипотензия, тыныстың тежелуі, құсу) көктамырға құяды;
5. Варфарин 2,5 мг, немесе ацетилсалицил қышқылы –160-325 мг шайнайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет