ӨАТЭ кезінде байқалады:
- кенеттен ентігу (ортопноэ тəн емес);
- қорқу;
- күрт əлсіздік, бас айналу.
Өкпелік инфаркттың дамуында – жөтел, кеудеде ауыру сезімі (тыныс алу актісінде көбінесе фибринозды плеврит пайда болғанда), қантүкіру.
Қарап тексергенде анықталады:
- Мойын веналарының пульсациясы мен ісінуі;
- Жүрек шекарасының оңға ұлғаюы;
- Эпигастральді пульсация, тыныс алу кезінде күшейеді;
- Өкпелік артерияда II тонның акценті жəне екі еселенуі;
- Əлсіреген тыныс жəне /немесе шектелген аймақтарда майда көпіршікті сырылдар,құрғақ сырылдар болуы мүмкін;
- Плевраның үйкеліс шуы;
- Бауырдың ұлғаюы;
- Əртүрлі айқын цианоздар;
- Гипертермия ( коллапс кезінде) 37,8°С жоғары (тұрақты) 2-3 тəулікке дейін;
- Тахипноэ минутына 20 артық;
- Кеудеде ауыру сезімі;
- Жөтел (ХОБЛ қатысуынсыз өнімсіз);
- Тахикардия минутына100 артық;
- Қантүкіру (əсіресе қақырықтағы қан ұйындыларымен);
- Артериалды-альвеоларлы айырмасының жоғарылауы (рО2).
Терең веналар тромбозының болу мүмкіндігінің критерилері:
- Ісік (өкпенің, қуық асты безінің, ұйқы безінің), алдыңғы 6 ай ішінде анықтау;
- Салдану кезінде аяққа иммобилизация немесе гипсті таңғыш салу;
- Сан мен балтырдың ісінуі;
- 3 күннен артық төсектік режим немесе алдыңғы 4-6 апта ішінде операция;
- Терең веналар бойымен пальпациялағанда жергілікті ауыру сезімі;
- Балтырдың біржақты 3 см-ге артық ісінуі;
- Біржақты шектелген ісінулер;
- Беткей веналардың кеңеюі.
ӨАТЭ болу мүмкіндіктері:
- 3 жəне оданда көп белгілердің болуы-жоғары;
- 2 белгі-орташа;
- 2 белгіден аз – төмен немесе альтернативті диагноз.
Объективті тексеру
ӨАТЭ электрокардиографиялық диагностикасы:
- P-pulmonale (оң жақ жүрекшенің жүктемесі);
- Жүрекшенің электрлік осінің оңға айналымы ( Мак-Джина-Уайт синдромы - I стандартты əкетудегі терең S тісшесі, III əкетудегі Q тісшесі мен Т тісшесінің болмауы );
- Өтпелі аймақтың солға ығысуы;
- Оң жақ жүрекшенің жүктемесі;
- Гис шоғырының оң тармағының жедел дамыған толық блокадасы;
- Инфаркт тəрізді өзгерістер – II III aVF əкетулерінде ST тісшесінің элевациясы немесе V1-4 əкетуде ST тісшелерінің жоғары тұруы (миокард инфарктынан айырмашылығы ӨАТЭ реципрокты өзгерістер тəн емес);
- Оң жақ (V1-3) кеуде əкетуіндегі Т тісшесінің инверсиясы.
20% жағдайда ӨАТЭ ЭКГ-да өзгерістер тудырмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |