Гипертензиялық криз


Өкпе артерияларының окклюзиясы дəрежесі бойынша



бет8/10
Дата07.02.2024
өлшемі56.33 Kb.
#491079
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Гипертензиялық криз

Өкпе артерияларының окклюзиясы дəрежесі бойынша:
1. Шамалы – қан тамыр өрімінің жалпы алаңының 30% (ентігу, тахипноэ, бас айналу, қорқыныш сезімі).
2. Орташа – 30-50% (кеудеде ауыру сезімі, тахикардия артериальды қысымның төмендеуі, кенеттен əлсіреу, өкпе инфаркт белгілері, жөтел, қан түкіру).
3. Көлемді – 50% жоғары (жедел оң қарыншалық жетіспеушілік, обструктивті шок, мойын веналарының ісінуі).
4. Аса көлемді – 70% жоғары (кенеттен ес жоғалуы, дененің жоғарғы бөлігінің диффузды цианозы, қан айналымның тоқтауы, тырысулар, тыныс тоқтауы).

Жиірек көзі болып табылады:
1. Аяқ веналарының (негізінен мықын-сан сегменті – 90%) жəне кіші жамбастың терең веналарының тромбтары; тізенің терең веналары тромбозы 5% жағдайда ӨАТЭ мен асқынады, беткей веналар тромбозында ӨАТЭ-мен асқыну болмайды.
2. Жүректің оң жақ бөлігінің тромбтары.
Қауіп-қатерлі факторлар

Қауіп-қатерлы факторлар:
- егде жəне қарт жас;
- гиподинамия;
- соңғы 12 апта ішіндегі аяқтардың иммобилизациясы немесе оның салдануы;
- 3 күннен артық төсектік режим;
- өткерген операциялар (əсіресе жамбас ағзалары, ішке жəне аяққа), аяқ сынықтары;
- қатерлі жаңа түзілімдер;
- семіздік;
- варикозды ауру;
- жүктілік, ерте туыттан кейінгі кезең жəне операциямен босануға келісу;
- жүрек жетіспеушілігі, жүрек қақпақшаларының ақауы;
- жыбырлаушы аритмия;
- сепсис;
- нефротикалық синдром;
- пероральды контрацептивтер қолдану, диуретиктерді үлкен дозада қолдану, орынбасушы гормональды терапия;
- миокард инфаркты;
- инсульт;
- гепарининдуцирленген тромбоцитопения;
- эритремия;
- жүйелі қызыл ноқта;
- тұқым қуалау факторы – антитромбин III тапшылығы, С жəне S протеиндері, дисфибриногенемия.
Диагностикасы

Диагностика критерилері
ӨАТЭ айқын кардиореспираторлы бұзылыстармен жүреді, ал майда тармақтар окклюзиясы кезінде өкпе инфаркты деп аталатын өкпелік паренхиманың геморрагиямен тығыздалуы (жиі келесі некрозданумен).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет