көтергіштің механизмі – жүктік платформаларды (алаңдарды, кабиналарды) қатаң тік немесе көлбеу бағыттағыштардың бойымен тасымалдауға арналған құрылғы. Көтергіштерде әртүрлі жүк көтергіш құрылғылар (лебедкалар, гидроцилиндрлер, арқанды жүргізуші шкивтер) қолданылады.
кран – жүкті қармаушы құрылғымен ұсталып тұрған затты кеңістікте көтеруге және жылжытуға арналған циклды жұмыс істейтін машина.
құрылғы – 1) қандайда болмасын түсінікке (машина, механизм, агрегат, торап, қосылыс, буын) арналған жалпы атау; 2) машинадағы және механизмдегі тораптар мен буындардың орналасуы және өзара байланысы.
қуат – жұмыстың уақыт интервалына қатынасына тең болатын энергиялық сипаттама. Қуат Р күш векторының осы күштің тіркелу жылдамдығына скалярляқ көбейтіндісіне тең: , α – мен арасындағы бұрыш. Т моментінің әсерінен бұрыштық жылдамдықпен айналатын денелер үшін қуат Қуат Вт және кВт өлшенеді: 1 Вт=1Дж/с=1Н·с (1Вт≈0,102 кгс·м/с; 1кВт≈1,36 л. с.).
Достарыңызбен бөлісу: |