біліктес лебедка – қозғалтқышы, төмендеткіші және барабаны біліктес орналасқан лебедка.
грейфер (нем. Greifer, от greifen – ұстау) – бұрылатын жақтары бар жүкті қармау механизмі.
дискілі тежегіш – білікке бекітілген дискіге айналмайтын дискіні қысу арқылы айналатын білікті тежеуге арналған құрылғы.
домкрат – жүкті кішкене биіктікке (до 0,8…1м) көтеруге арналған механизм. Ол әдетте жөндеу және монтаждық жұмыстарда қолданылады.
екі барабанды лебедка – өзара кинематикалы байланысқан екі барабаны бар лебедка.
жүкті тіреуші тежегіш – жетектегі буынындағы айналу моментіне байланысты автоматты басқарылатын үйкелісті тежегіш . Жүкті тіреуші тежегіш жетекші буынға келтірілген кедергі күштерді асатын жетекші буындағы айналу моменті болған кезде ғана сөндіріледі. Жүкті тіреуші тежегіш іске қосылады, егер жетекші буында айналу моменті болмаса.
Жартылай автоматтандырылған машиналар - машиналар тікелей адамның қатысуымен жүзеге асады, машинға шикі затты жүктеу немесе машинаны қосу көмекші құралдармен немесе автоматты түрде жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |