Глоссарий адымдаушы конвейер


Мерзімді әрекетті машиналар -



бет7/7
Дата09.02.2022
өлшемі29.33 Kb.
#455228
1   2   3   4   5   6   7
Глоссарий

Мерзімді әрекетті машиналар - машинаға шикізат материалы жүктеледі де, белгілі уақыт ішінде өңделіп болған соң, машинадан дайын өнім алынады да, машинаға жаңадан шикізат жүктеледі.
пакеттеуші – бұйымдарды қоймаға кіргізуге арналған құрылғы.
полиспаст (грек. polyspastonpolyspastos – көптеген жіптермен немесе арқандармен тартылатын) – жылжымалы және жылжымайтын шығырларды бірнеше рет айналып өтетін икемді байланыс арқылы жүкті көтеруге немесе жылжытуға арналған құрылғы.
портального крана механизм – жүкті тасымалдауға немесе порттық кранды жылжытуға арналған құрылғы.
робот (чех. robotrobota – еріксіз еңбек, rob – құл; чех жазушысы К. Чапек ойлап тапқан сөз, ол оған «жұмыста шебер адам» мағанасын берген) – адамға ұқсас (адам пішінді) мінез-құлықы бар машина. Ол қоршаған ортамен әрекеттесуде толық немесе жарым-жартылай адам функцияларын орындайды. Ең көп таралған робот – манипулятор мен қайта программаланған құрылымы бар атқарушы құрылғыдан құрылған автоматты машина – өнеркәсіптік робот.
скипті көтергіштің механизмі – көлденең рельстер бойынша тасымалдауға және жолдың шетінде материал салынған ыдысты төңкеруге арналған құрылғы.
таль (голл. talie) – лебедка мен арбьашадан тұратын аспалы жүк көтергіш құрылғы.
таспалы реверстік тежегіш – цилиндрлі шкивті қамтыған икемді таспа түріндегі тежегіш. Бұл тежегіш шкивтің кез келген бағытында тежей алады.
техника (грец. techne – өнер, біліктілік) — өндіріс процестерін іске асыруға және қоғамның өндірістік емес қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған адам іс-әрекетінің құралдарының жиынтығы.
тормоз (грец. tormos – дөңгелектің айналуын жібермейтін шегені орнатуға арналған тесік) машинаның жылдамдығын кемітуге немесе толық тоқтатуға арналған құрылғы.
тормоз грузовой – жүк көтергіш машина білігінің айналуын болдырмайтын құрылғы.
трансмиссия (лат. transmissio – асу, тапсыру, беру) – айналуды қозғалтқыштан энергия тұтынушыларына беруге арналған құрылғы. Әдетте трансмиссия деп бір қозғалтқыштан бірнеше тұтынушыларды параллель немесе араластырып қосуға арналған күштік берілісті түсінеді.

Технологиялық жабдықтар – технологиялық процестерді жүзеге асырады, оларға машиналар, агрегаттар, қондырғылар, құрылғылар және т.б. жатады.
шаппалы механизм – буындардың салыстырмалы қозғалысы бірақ бағытта болатын, ал екінші бағытта буындардың элеменеттерінің қысылуының арқасында қозғалыс мүмкін емес. Бұл механизмді жүк көтергіш машиналарында ұстап тұрғыш құрылғы ретінде, сонымен қатар, периодты айналу қозғалысын беретін берілістерде – тербелмелі қозғалысты бір қатарлы қозғалысқа түрлендіретін құрылғыларда және т. б. қолданады.
шынжыр – жүктерді көтеруге және түсіруге, сонымен қатар, шынжырлы конвейерлер мен шынжырлы берілістерде қозғалысты беруге арналған көп буынды икемді байланыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет