манипулятордың икемділігі – манипулятордың жұмыс кеңістігінде кедергілерді айналып өту қабілеттілігі. Икемділік қармау құрылғысының қозғалмаған жағдайында еркіндік дәрежелерінің санымен және буындардың орналасу жағдайының мүмкіншілік варианттарының санымен сипатталады.
машина (франц. machine, лат. machina) — физикалық және ой еңбегін жеңілдету немесе ауыстыру үшін энергияны, материалдарды және ақпараттарды түрлендіруге арналған механикалық қозғалысты жасайтын құрылғы.
машина-автомат – энергияны, материалдарды және ақпараттарды түрлендіруді адамның көмегісіз орындайтын машина.
механизация – қол еңбегін машиналармен және механизмдармен ауыстыру; адам қызметінің әртүрлі облыстарына, соның ішінде, ой еңбегінде техникалық құралдарды енгізу.
механизм — бір немесе бірнеше қатты денелердің қозғалысын басқа денелердің қажетті қозғалысына түрлендіруге арналған денелер жүйесі.
мөлшерлегіш – материалдың берілген массасын немесе көлемін автоматты өлшегіш құрылғы. Мөлшерлегіш оқтын-оқтын немесе толассыз жұмыс істей алады.
Машинаның қуаты - өнім өндірудегі машинаға қажетті энергия
Достарыңызбен бөлісу: |