манипулятор (франц. manipulateur, лат. manipulus– бір уыс, manus– қол) – , оператордың қолының функциясын және қозғалысын қайталауға арналған жұмыс органы бар қашықтықтан басқарылатын және бағдарламалық құрылымы бар механизм. Манипулятор келесі негізгі бөлімдерден тұрады: қармау құрылғысы, жетекші кинематикалық жұбы бар кинематикалық тізбек және басқару жүйесі.
манипулятордың жұмыс аймағы – манипулятор жұмыс істегенде оның жұмыс органы (қармау құрылғысы) орналасатын кеңістік. Еркін кеңістікте жұмыс органын берілген нүктеге орналастыру үшін үш еркіндік дәрежесі жеткілікті. Тағы үш еркіндік дәрежесі манипуляторды объектінің керек жағына орналастыруға үшін қажет.