Глоссарий Коммуналдық-тұрмыстық қалдықтар- адамның тіршілігі барысында түзілетін қалдықтар түрі



бет10/10
Дата28.01.2022
өлшемі17.31 Kb.
#454917
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Глоссарий

Қалдықтарды орналастыру-қалдықтарды сақтау немесе көмуді жүзеге асыру операциялары кешенін аяқтауға байланысты қызмет
Қалдықтарды регенерациялау- қолданыстағы құжаттарға немесе қазіргі қажеттіліктерге сәйкес қалдықтарды қайталама шикізат деңгейіне дейін немесе материалды тікелей немесе өзге де мақсаты бойынша қайталама пайдалану үшін қалпына келтіруге жеткізетін әрекет
Қалдықтарды жинау- қалдықтармен айналысу жөніндегі кезекті жұмыстарды қамтамасыз ету үшін, белгілі уақыт ішінде олардың түзілу орнынан алуға байланысты қызмет
Қалдықтарды жинау- қалдықтардан бағалы материалдарды, күл немесе энергия алу үшін, олардың көлемін азайту мақсатындағы тотықтыру термиялық процесі
Қалдықтарды қоймалау- қалдықтарды белгілі уақыт ішінде сақтауды бақылау мақсатында ол үшін бөлінген орынжайларда, үймереттерде, аумақ учаскелерінде қалдықтардың орналасуын реттеуге байланысты қызмет
Қалдықтардың меншік иесі- қалдықтарды жоюды қоса, оларды дайындау, өңдеу және қалдықтарға байланысты басқа да жұмыстарды жүзеге асыратын, меншігінде өндірілетін қалдықтары бар заңды тұлға, жеке кәсіпкер
Қатты өрт қауіпті қалдықтар- жарылыс қауіпті ретінде сыныпталғандардан өзге, тасымалдау кезінде жеңіл жану мүмкін немесе өшіру кезінде өрт тудыруы немесе өртті күшейтуі мүмкін қатты қалдықтар
Қалдықтардың технологиялық циклі- нақты қалдықтарды жою технологиялық процестерінің кезеңділігі
Уытты қалдықтар- биологиялық жүйеге биоаккумулирлеу және (немесе) уытты әсер ету нәтижесінде қоршаған ортаға түскен кезде адамға қатер төндіретін немесе қатер төндіруі мүмкін заттардан тұратын қалдықтар
Қалдықтарды тасымалдау- қалдықтардың түзілу, жинақталу, сақтау, кәдеге жарату, көму немесе жою орындары немесе объектілері арасында қалдықтарды ауыстыруға байланысты қызмет
Қалдықтарды жою- мақсаты қалдықтардың болуын толық тоқтату болып келетін қалдықтарды өңдеу
Қалдықтарды кәдеге жарату- қалдықтардың технологиялық циклы немесе шығынға жазылған бұйымдарды қайталама пайдалану немесе өңдеуді қамтамасыз ету кезеңдерінде қалдықтарды пайдалануға байланысты қызмет

Қалдықтарды сақтау- Одан әрі өңдеу, тасымалдау, пайдалану, жою немесе көму мақсатында қалдықтардың белгілі уақыт аралығы ішінде белгілі берілген орында немесе белгілі жағдайда болуынан тұратын болуы тәртібі (түрі)


Қалдықтардың технологиялың циклінің кезеңдері- қалдықтардың пайда болған уақытынан бастап және оның болуы аяқталғанға дейінгі уақыт кезеңінде нақты қалдықтармен айналысу процестерінің кезеңділігі: өнімнің тіршілігі циклы кезеңдерінде қалдықтарды кәдеге жарату, көму немесе жоюды қоса, одан әрі паспорттау, жинау, сұрыптау, тасымалдау, сақтау (қоймалау)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет