Жалпы сұрақтары: Ұлпалардың жалпы құрылым және жiктелу қағидалары, дамуы, ұлпалар iшiндегi және араларындағы өзара iс-қимыл жасауы, жiктелуi.
Дәрістің қысқаша жазбасы. Организмдер органикалық дүниенiң тарихи дамуында белгiлерiнiң алшақтануы (дивергенция) жолымен жүрдi. Нәтижесiнде қазiргi кезде көптеген әртүрлi түрлер тiршiлiк етуде. Мұнымен қатар ұлпалардың дамуы да жүрдi. Ұлпалар дамуында белгiлерiнiң алшақтануы iлiмiн негiздеп, дамытқан Н.Г. Хлопин болды. Бiрақ, органикалық дүниенiң тарихи дамуында бiр-бiрiнен алшақ, тұқымдассыз жануарлар түрлерiнде атқаратын қызметi бiрдей, ұқсас ұлпалардың бары да байқалды. Бұл А.А. Заварзинге ұлпалар дамуында бiрдей жүретiн қатарлар iлiмiн ашуда басты негiз болды. Ол ұрық дамуын зерделей отырып, құрылысы қалай бiртiндеп күрделенетiнiн салыстырып қарағанда жасуша материалдары ауысу, тектердiң басым болу (репрессия), дерепрессия, жасуша iшiндегi зат алмасу өзгерiсi, айқындалу (детерминация), жетiлу нәтижесiнде әртүрлi бастамаларға өзгерiп кетiп, ұлпалар, ағзалар құратынын байқауға болатынын көрсеттi. Ұлпалар дамуын гистогенез деп атайды. Онда негiзiнен басты екi процесс жүредi: бiрiншiден, жасушалар белсендi көбейiп, саны көптеген миллиардқа жетедi; екiншiден, жасушалар арасында құрылым, қызмет ерекшелiктерi пайда болып, өздiгiнен реттелiп, жаңарып тұрады. Организмде 100 жуық әр түрлi жасушалар типтерi құрылып, тiршiлiк етедi. Ұлпалар жеке емес, бiр-бiрiмен өзара тәуелдiлiкте дамиды. Қалыптасқан ұлпалар тұрақты болмай, сыртқы және iшкi жағдайларға орай, дарақ тiршiлiгiнде әрдайым өзгерiстерге ұшырап тұрады. Ұлпа деп, тарихи дамуда пайда болған, жалпы құрылымы, қызметi, шығу тегi ұқсас, ерекшеленген жасушалар жүйесiн, туындыларын атайды. Оның құрылым, қызмет гистологиялық элементтерiне - жасушалық (жасушалар, симпластар, синцитийлер), жасушасыз (жасуша аралық заттек, жасуша соңы құрылымдар) топтар, жасуша iшiндегi (организм iшiндегi барлық судың 55%), одан тыс (организмдегi судың 45%, интерстициалдi және жасуша арқылы өтетiн сұйықтық, қан плазмасы, кристалданған су) сұйықтықтар кiредi. Жасушалар - ұлпаларды құратын ең басты бiрлiк. Олар ұлпалардың негiзгi қасиеттерiн анықтап, бiрталай туындыларының бастамалары болып келедi. Жасуша аралық заттек - ұлпадағы жасушалар әрекетiнен пайда болатын өнiмдер жиынтығы. Құрамы, деңгейi химиялық, физикалық қасиеттерi әр ұлпаға тән белгiлерiмен сипатталады. Кейбiр ұлпаларда ол өз қасиетiне байланысты басты рөл (шемiршек, сүйек ұлпалары берiктiгiн қамтамасыз етедi) атқарады. Жасуша аралық заттекті коллаген, эластин және аргирофилдi талшықтар, аморфты зат құрады. Жасушасоңы құрылымдары - жасуша туындылары. Жасушаларға тән басты белгiлерiнiң жетiлу жолында жоғалып кетедi, арнайы қызметтердi орындауға қажет бiрнеше қасиеттерге ие болады. Оларға эритроциттер, тромбоциттер, эпидермистiң мүйiздi қабыршақтары, шаш және тырнақтар жатады. Симпластар деп, көп ядролы цитоплазмадан құралған жасушасыз құрылымды айтады. Оларға остеокластар, трофобластың сыртқы қабаты, қаңқа бұлшықет талшықтары жатады. Синцитийлер - жасушалар бөлiнуiнде толық цитотомия жүрмегенде пайда болатын торлы құрылым. Оған еннiң иректi өзекшелерiнде дамитын аталық жыныс жасушаларын жатқызуға болады. Органикалық дүниенiң тарихи дамуы жолында ұлпалар организмнiң тарихи даму процесiнiң (филогенез) белгiлi бiр сатысында пайда болады. Жануарлар жеке организмiнiң дамуы барлық тарихи даму өзгерiстерiн қайталап, әртүрлi ұрық бастамалары, олардың қайнар көзi болып келедi. Эволюциядағы (бірте-бірте даму) ұлпалардың даму заңдылықтары ұлпа дамуындағы белгiлердiң алшақтануы (Н.Г. Хлопин), ұлпалар дамуында бiрдей жүретiн қатарлар (А.А. Заварзин) iлiмдерiмен қорытындалды. Ұлпалар дамуындағы белгiлердiң алшақтану iлiмi фило-онтогенезде ұлпалар эволюциялық өзгеруiн белгiлердiң алшақтануы ретiнде қарастырады. Себебi, әр ұрық бастамасынан ұлпалар дамып, құрылым, қызмет жағынан бiр-бiрiнен бiртiндеп, өзгешелiктерге ие бола бастайды. Бұл iлiм ұлпалардың эволюциядағы негiзгi бағыттарын көрсетедi. Ұлпалар дамуында бiрдей жүретiн қатарлар iлiмi ұлпалар құрылысына, филогенезде бiр-бiрiнен алшақ тұратын тұқымдас емес жануарлар бiрдей қызмет атқарудағы ұқсастықтарына негiзделген. Ол ұлпалар құрылысы, қызметi тығыз байланыста және жануарлар әлемiнiң әртүрлi тарауындағы бiр типтi ұлпалар эволюция жолында дербес екендiгiн көрсетедi. Бұлар ұлпалар құрамы дамуындағы ұқсастыққа жеткiздi. Бұл iлiм ұлпалардың бейiмделгiш қасиетi барын, олардың эволюциядағы өзгерiс дәлелдерiн ашады. Ұлпа түрлерiнiң дамуы, жасушалардың айқындалу (детерминация), жiктелу (дифференциация) процестерiмен қамтамасыз етiледi. Ұлпалардың айқындалуы ұрық жапырақшаларының даму кезiнде жүрiп, ол дамудағы әр ұлпаға тән бағытты бекiтедi. Бұл бекiту жасушалар қабілетiн сатылап шектелуiнде iске асады. Жiктелу процесiнде ұлпалардағы жасушалар бекiтiлген қабілеттердi жүзеге асырады. Ұлпаларда бiрнеше әртүрлi жасауша дифферондары (жiктелу тармақтарын түзетiн жасуша түрлерiнiң (бағаналық, құрушы, жетiлген) жиынтығы) болады. Бағаналық жасушалар ұлпалардың ұрықтық дамуында, организмнiң көптеген ұлпаларында болып, үзiлмейтiн қабілеттi қолдап, сирек бөлiнiп, бұзғыш факторлар әсерiне тұрақты болып, басқа жасушаларды дамыта алады. Алғашқы жалғыз құрушы жасушадан пайда болатын ұқсас жасушалар тобын-вегетативтiк өскiн (клон) деп атайды. Кейбiр ұлпалардың жетiлген жасушалары түрткiнi қолданғанда (гепатоциттер, тироциттер, жебiр жасушалар) бөлiну қабілетiн сақтаса, ақтық жетiлген жасушалар мұндай қабілеттi толық жоғалтады (нейрон, остеоцит, түйiршiктi қан жасушасы, бүрлi энтероцит, кардиомиоцит). Ұлпалардың қалпына келуi деп, ұлпа элементтерінің қалыпты тiршiлiк әрекетi (физиологиялық қалпына келу), бүлiнуден кейiнгi (репаративтiк) жолдармен пайда болуын айтады. Оны алдымен ұлпадағы жасушалар қамтамасыз етедi. Онда жасушалар митоз жолымен бөлiнiп, ұлпада жаңа жасушалар түзіле ұлғайып, өсуi нәтижесiнде жүредi. Бұның әр ұлпадағы қарқындылығын өсу факторлары, гормондар, жасуша қызметінің асуы, цитокиндер бақылап отырады. Организмдегi барлық ұлпа жасушалары қалпына келу деңгейiне орай, үш топқа бөлiнедi: тұрақты қабылеттi - ұзақ тiршiлiк ететiн, бөлiнбейтiн жасушалар (нейрон, кардиомиоцит); өсуге қабылеттi - ұзақ тiршiлiк ететiн, арнайы қызметтер орындайтын, ширатуда бөлiне алатын, ядросында хромосома санының көп болуына ұшырайтын жасушалар (бүйрек, бауыр, ұйқы, қалқанша, қуық бездерiндегi эпителийлер); жаңартуға қабылеттi - тұрақты, жылдам жаңаратын жасушалар (iшек, эпидермис эпителийлерi, қан жасушалары). Жасуша iшiндегi қалпына келуде жасуша құрамбөлiктерiнiң құрылымы қалыпты жағдайда немесе бүлiнуден кейiнгі жолдармен үзiлiссiз қалпына келуi қамтамасыз етiледi. Ол әмбебапты, организмдегi барлық ұлпаларға тән. Кейбiр ұлпаларда (жүрек бұлшық ет ұлпасы), жасушалар тармақтарында (нейрондар) мұндай қалпына келу жалғыз-ақ тәсiл болса, басқаларда жасушалардың толық жаңаруы жүредi. Жасушалар көлемiнiң ұлғаюы - гипертрофия, түзiлiстiк процес ыдырау процесiнен басым болғанда өтедi, құрылымдар жасуша iшiндегi қалпына келу тәсiлi арқасында ұлғайып, өзгерiс жағдайларына бейiмдi болып келедi. Жасуша ядросында хромосома саны артып, ДНҚ молекуласындағы бiрiздiлiктiң иРНҚ молекуласына жазылуына қолайлы жағдай туатындықтан, ұлпалар көлемiнiң ұлғаюы жүредi. Онда көлемi ұлғайған, бiрақ саны өспеген жеке жасушалар байқалады. Бұл құбылысты ұлпалар көлемiнiң ұлғаюы-гипертрофия деп атайды. Ұлпада жаңадан жасуша түзе ұлғайып, өсуi жүрсе, жасушалар саны көбейедi, оны гиперплазия деп атайды. Гипертрофия және гиперплазия ұлпалар көлемiнiң ұлғаюына жеткiзедi. Жасушаның семуi - атрофия кезiнде, оның көлемi, массасы, қызмет қарқындығы, iшкi қалпына келуi төмендейді, ыдырау процесi түзiлiстiк процесiнен басым болады. Бұл құбылысты жасушаның енжарлығы, гормондар, қоректің жетiмсiздiгi, қартаю, қолайсыз физикалық, химиялық және басқа әсерлер туғызуы мүмкiн. Ұлпалар тұрақтылығын (гомеостаз), оның iшiндегi, араларындағы өзара iс-қимыл жасауы қамтамасыз етедi. Мұндай өзара iс-қимыл жасау әр ұлпада ерекше, оның орналасқан жерiне, үйлесiмiне, жасуша құрамына, зат алмасу ерекшелiктерiне байланысты болады. Ұлпа iшiндегi өзара iс-қимыл жасауы жасушалар, жасуша аралық заттек сақталуымен анықталады. Жасуша аралық заттек аз болса (эпителийлер), ұлпа тұрақтылығын жасуша аралық өзара iс-қимыл жасауы сақтайды. Жасуша қабығы (плазмолемма) жарғақшасы макромолекулаларының өзара iс-қимыл жасауын-жасушалар молекулаларының жабысуы (адгезия) деп атайды. Жасушалардың жанасқан жерлерінде арнайы жасуша аралық қосылыстар құрылып, жасушалар арасындағы механикалық, химиялық (зат алмасу, ион, электрлiк) байланыстарды қамтамасыз етедi. Жасуша аралық заттек (дәнекер ұлпалар) бiраз басым болса, жасушалар бiр-бiрiнен алшақ орналасады, жасушалар мен жасуша аралық заттек араларында өзара iс–қимыл жабысуы алға шығады. Ол төсемiк молекулаларының жанасуынан түзiледi, біршама рөлдi мұнда тiкелей байланыс (жабысу), ара қашықтық химиялық, ұлпалар iшiндегi жасуша аралық өзара iс–қимыл жасаулар атқарады. Жасушалар, оның аралық затындағы жасушалар мен құрамбөлiктерi араларындағы өзара iс–қимыл жасауының арнайы жабысуын ұлпаларда жабысу қабылдағыштары деп атайды, ал олардың бетiне жабысып келген-лигандалар (қабылдағыштармен арнайы байланыстағы молекула) өзара тануын қамтамасыз етедi. Көптеген жасуша молекулаларының гликопротеин жарғақшаларымен байланысқан арнайы түрлеріне - интегрин, селектин, иммуноглобулин тәрiздi жабысу белоктары жатады. Төсемiк молекулалар жабысуының көбi интегрин тұқымдасы болып келiп, негiзгi жарғақша, жасуша аралық заттектегі фибронектин, ламинин, витронектин, коллаген, басқа құрамбөлiктермен байланысады. Ұлпалардағы жасуша аралық өзара iс–қисыл жасауды қамтамасыз ететiн гуморальдiк факторларға түрлi зат алмасу, гормондар, цитокиндер, кейлондар жатады. Цитокин-арнайы ұлпаларда бөлiнбейтiн гликопептидтер, жасушаның өсуi, жетiлуi, қабынуы реакцияларына үш жолдармен - аутокриндi (бiрдей жасушаларға жергiлiктi әсер берушi), паракриндi (әртүрлi жасушалар арасына жергiлiктi әсер берушi), эндокриндi (бiр жасушаның басқаларға, қан арқылы ара қашықтық әсер берушi) әсер етедi. Цитокиндерге интерлейкиндер, өсу және шоғыр дамуына жағдай жасау факторлары, қатерлi iсiк өлi еттену факторы, интерферондар жатады. Кейлон - ұлпаның арнайы факторлары, ұлпадағы жетiлген жасушаларды өндiредi, нашар жетiлген бағаналық және жартылай бағаналық жасушалар бөлiнуiн тежейдi. Оның өнiмдерi арқасында жетiлген ұлпада жасушалар санының тұрақтылығы сақталады. Егер бұл тұрақтылық бұзылса, онда қалпына келудi кейлондар өнiмi күшейтедi. Ұлпалар арасындағы демеушi өзара iс–қимыл жасау тұңғыш рет ұрық даму процесiнде басталып, одан әрi, бiраз өзгерiске түсiп жетiлген организмде сақталады. Мұндай өзара iс-қимыл жасау болмаса, мысалы, тiрi ұлпа өзiне тән бiрталай қасиеттерiн, қызметтерiн себiндi де жоғалтып алар едi. Алғашқы ұлпалар жiктелуiн ХVIII ғасырдың соңында француз ғалымы Мари Франсуа Биша ұсынып, организм ағзалары 21 ұлпадан тұрады деп, кесiп айтты. Қазiргi кезде қабылданып, кең тараған екi ұлпалар жiктелуi бар. Бiрiншi жiктелудi ұлпалардың құрылымы мен қызмет негiзiне сүйенiп, 1857 ж. фон Ф. Лейдиг және Р. Келликер ұсынды. Бұл жiктелу организмде төрт: эпителий, дәнекер, бұлшық ет, жүйке ұлпалар тобын ажыратады. Екiншi жiктелу онто-, филогенез процестерiнде ұлпалардың шығу тегiне негiзделген, ол Н.Г. Хлопин мен В.П. Михайлов әзiрлеген ұлпалардың гистогенетикалық жiктелуi. Эпителий ұлпалары iшкi, сыртқы орта шекарасында (ас қорыту жолының кiлегейлi қабығы, терi сыртқабықшасы, сыртқы ортамен байланысқан түтiктi және қуыс ағзалар), әрі организмнің iшкi ортасында (эндокриндi жасуша) орналасады. Шекара эпителийі тосқауыл (қорғаныш), қабылдағыш (татым баданасындағы жасушалар) қызметтердi атқарады, сыртқы ортамен алмасуды (сыртқы секреция, газ алмасу, қажетсiз бөлiндi бөлу) қамтамасыз етiп, жасушалар қабаттарын құрады. Ұлпаларды iшкi ортадан негiзгi жарғақша бөлiп тұрады. Эпителийдің қыртысында қан тамырлары болмайды. Шекаралық эпителий жасушаларына полюстенген жетiлу тән. Организмнiң iшкi ортасына батқан эпителий жасушаларынан тұратын аралшық, арқаулар сыртқы ортамен (эндокриндi жасушалар, айырша без қаңқасы) тiкелей байланыспайды. Дәнекер (iшкi орта, тiректi-қоректiк) ұлпалар организмнің тұрақтылығын (гомеостаз) қамтамасыз етiп, қорғаныш, қоректiк, тiректiк қызметтер атқарады. Бұның құрамына мезенхимадан дамитын үлкен ұлпалар тобы - қан, дәнекер, қаңқалық ұлпалар кiредi. Бұлшық ет ұлпалары дене және оның бөлiктерiнiң қимылдауын қамтамасыз етiп, қаңқалық, жүректiк, бiрыңғай салалы болып бөлiнедi. Бұлшық етте актомиозиндi хемомеханикалық түрлендiргiштер болады. Бұлшық еттердiң жиырылуын, босаңсуын жүйке жүйесi бақылып отырады. Қанқалық бұлшық ет тәндiк, ал жүректiк және бiрыңғай салалы бұлшық еттер вегетативтiк жүйкеленудi алады. Жүйке ұлпасы бiрiктiру рөлiн орындап, организм қызметтерiн үйлестiрiп, қозғыштық, жүйке тiтiркенiсiн өткiзу қабілеттерiмен сипатталып, нейрондардан және нейроглиядан тұрады.
Әдебиеттер
1.Бет. 99-181. 2. Бет. 77-128. 3. Бет. 40-106. 5. Бет. 128-200. 6. Бет. 97-141.
№ 12 дәріс тақырыбы – Эпителий ұлпалары
Жалпы сұрақтары: Ұлпа туралы түсiнiкке анықтама. Ұлпалардың морфологиялық, қызметтi және генетикалық жiктелуi. Эпителий ұлпасының жалпы сипаттамасы, морфологиялық белгiлерi, жiктелуi. Секреттiң бөлiнiп шығуы, секрет бөлу әдiстерi. Дәрістің қысқаша жазбасы Организмдер органикалық дүние тарихи дамуында белгiлерiнiң алшақтануы (дивергенция) жолымен жүрдi. Нәтижесiнде қазiр көптеген әртүрлi түрлер тiршiлiк етуде. Мұнымен қатар ұлпалар дамуы жүрдi. Ұлпалар дамуының белгiлер алшақтануы iлiмiн негiздеп, дамытқан Н.Г. Хлопин болды. Бiрақ, органикалық дүниенiң тарихи дамуында бiр-бiрiнен алшақ, тұқымдассыз жануарлар түрлерiнде атқаратын қызметi бiрдей, ұқсас ұлпалар бары байқалды. Бұл А.А. Заварзинге ұлпалар дамуында бiрдей жүретiн қатарлар iлiмiн ашуда басты негiз болды. Ол ұрық дамуын зерделей отырып, құрылысы қалай бiртiндеп күрделетiнiн, салыстырып қарағанда жасуша материалдары ауысу, тектердiң басым болу (репрессия), дерепрессия, жасуша iшiндегi зат алмасу өзгерiсi, айқындалу (детерминация), жетiлу нәтижесiнде әртүрлi бастамаларға өзгерiп кетiп, ұлпалар, ағзалар құратынын байқауға болатынын көрсеттi. Ұлпалар дамуы - гистогенез. Онда жасушалар белсендi көбейiп, саны көптеген миллиардқа жетедi; жасушалар арасында құрылым, қызмет ерекшелiктерi пайда болып, олар өздiгiнен реттелiп, жаңарып тұрады. Сөйтiп организмде 100 жуық түрлi жасушалар типтерi құрылып, тiршiлiк етедi. Ұлпалар жеке емес, бiр-бiрiмен өзара тәуелдiлiкте дамиды. Қалыптасқан ұлпалар тұрақты болмай, сыртқы, iшкi жағдайларға орай, дарақ тiршiлiгiнде әрдайым өзгерiстерге ұшырап тұрады. Ұлпа деп, тарихи дамуда пайда болған, жалпы құрылымы, қызметi, шығу тегi ұқсас, ерекшеленген жасушалар жүйесiн, оның туындыларын атайды. Оның құрылым, қызмет элементтерiне - жасушалық (жасушалар, симпластар, синцитийлер), жасушасыз (жасушааралық зат, жасуша соңы құрылымдар) топтар, жасуша iшiндегi (организм iшiндегi барлық судың 55%), одан тыс (организмдегi судың 45%, интерстициалдi сұйықтық, қан плазмасы, кристалданған су, жасуша арқылы өтетiн сұйықтық) сұйықтықтар кiредi. Жасушааралық зат ұлпадағы жасушалар әрекетiнен пайда болатын өнiмдер жиынтығы. Кейбiр ұлпаларда ол өз қасиетiне байланысты басты рөлде (шемiршек, сүйек ұлпалары берiктiгiн қамтамасыз етедi) атқарады. Оларды коллаген, эластин, аргирофилдi талшықтар, аморфты зат құрады. Жасушасоңы құрылымдары - жасуша туындылары. Оларға эритроциттер, тромбоциттер, эпидермистiң мүйiздi қабыршақтары, шаш, тырнақтар жатады. Симпластар көп ядролы цитоплазмадан құралған жасушасыз құрылым. Олар - трофобластың сыртқы қабаты, қаңқа бұлшықет талшықтары, остеокластар. Синцитийлер жасушалар бөлiнуiнде толық цитотомия жүрмегенде пайда болатын торлы құрылым. Оған еннiң иректi өзекшелерiнде дамитын аталық жыныс жасушалары жатады. Органикалық дүниенiң тарихи дамуы жолында ұлпалар организмнiң тарихи даму процессiнiң (филогенез) белгiлi бiр сатысында пайда болады. Жануарлар жеке организмiнiң дамуы, барлық тарихи даму өзгерiстерiн қайталап, әртүрлi ұрық бастамалары, олардың қайнар көзi болып келедi. Эволюциядағы ұлпалар даму заңдылықтары ұлпа дамуындағы белгiлердiң алшақтануы (Н.Г. Хлопин), ұлпалар дамуында бiрдей жүретiн қатарлар (А.А. Заварзин) iлiмдерiмен қорытындалды. Ұлпалар дамуындағы белгiлердiң алшақтану iлiмi фило-онтогенезде ұлпалар эволюциялық өзгеруiн белгiлердiң алшақтануы ретiнде қарастырады. Себебi, әр ұрық бастамасынан ұлпалар дамып, олар құрылым, қызмет жағынан бiр-бiрiнен бiртiндеп, өзгешелiктерге ие бола бастайды. Бұл iлiм ұлпалардың эволюциядағы негiзгi бағыттарын көрсетедi. Ұлпалар дамуында бiрдей жүретiн қатарлар iлiмi ұлпалар құрылысына, филогенезде бiр-бiрiнен алшақ тұратын тұқымдас емес жануарлар бiрдей қызмет атқару ұқсастықтарына негiзделген. Ол ұлпалар құрылысы, қызмет құрамы тығыз байланыста екенiн, жануарлар әлемiнiң әртүрлi тарауларындағы бiр типтi ұлпалар эволюция жолында дербестiгiн көрсетедi. Бұлар ұлпалар құрамы дамуындағы ұқсастыққа жеткiздi. Бұл iлiм ұлпалардың бейiмделгiш қасиетi барын, олардың эволюциядағы өзгерiс дәлелдерiн ашады. Ұлпалар дамуы, жасушалардың айқындалу (детерминация), жiктелу (дифференциация) процестерiмен қамтамасыз етiледi. Ұлпалар айқындалуы ұрық жапырақшаларының даму кезiнде жүрiп, ол дамудағы әр ұлпаға тән бағытты бекiтедi. Бұл бекiту жасушалар қабілетiн сатылап шектелуiнде iске асады. Жiктелу процесiнде ұлпалардағы жасушалар бекiтiлген қабілеттердi жүзеге асырады. Көптеген ұлпаларда бiрнеше әртүрлi жасауша дифферондары (жiктелу тармақтарын түзетiн жасуша түрлерi (бағаналық, құрушы, жетiлген) жиынтығы) болады. Бағаналық - ұлпалардың ұрықтық дамуында жетiлген организмнiң көптеген ұлпаларында болып, үзiлмейтiн қабілеттi қолдап, өте сирек бөлiнiп, бұзғыш факторлар әсерiне тұрақты болып, басқа жасушаларды дамыта алады. Алғашқы жалғыз құрушы жасушадан пайда болатын ұқсас жасушалар тобын - вегетативтiк өскiн (клон) деп атайды. Кейбiр ұлпалардың жетiлген жасушалары тиiстi ширатуды қолданғанда (гепатоцит, тироцит, жебiр жасуша) бөлiну қабілетiн сақтап, ақтық жетiлген жасушалар мұндай қабілеттi толық жоғалтады (нейрон, остеоцит түйiршiктi қан жасушасы, бүрлi энтероцит, кардиомиоцит). Ұлпалардың қалпына келуi қалыпты тiршiлiк әрекетiнде (физиологиялық қалпына келу), бүлiнуден кейiнгi (репаративтiк) жолдарымен iске асады. Организмдегi барлық ұлпа жасушалары қалпына келу деңгейiне орай, үш топқа бөлiнедi: тұрақты қабылеттi - ұзақ тiршiлiк ететiн, бөлiнбейтiн жасушалар (нейрон, кардиомиоцит); өсуге қабылеттi - ұзақ тiршiлiк ететiн, арнайы қызметтер орындайтын, ширатуда бөлiне алатын, жасуша ядросында хромосомалар санының көп болуына ұшырайтын жасушалар (бүйрек, бауыр, ұйқы, қалқанша, қуық бездерiндегi эпителийлер); жаңартуға қабылеттi - тұрақты, жылдам жаңаратын жасушалар (iшек, эпидермис эпителийлерi, қан жасушалары). Жасуша iшiндегi қалпына келуде жасуша құрамбөлiктерiнiң құрылымы қалыпты жағдайда, немесе бүлiнуден кейiн жолдармен үзiлiссiз қалпына келуi қамтамасыз етiледi. Ол әмбебапты, организмдегi барлық ұлпаларға тән. Кейбiр ұлпаларда (жүрек бұлшықет ұлпасы), жасуша тармақтарында (нейрондар) мұндай қалпына келу жалғыз-ақ тәсiл болса, басқаларда жасушалардың толық жаңаруы жүредi. Жасушалар көлемiнiң ұлғаюы - гипертрофия, түзiлiстiк ыдырау процесiнен басым болғанда өтедi, құрылымдар жасуша iшiндегi қалпына келу тәсiлi арқасында ұлғайып, өзгерiс жағдайларына бейiмдi болып келедi. Жасуша ядросында хромосома саны артып, ДНҚ молекуласындағы бiрiздiлiктiң иРНҚ молекуласына жазылуына қолайлы жағдай туатындықтан, ұлпалар көлемiнiң ұлғаюы жүредi. Онда көлемi ұлғайған, бiрақ саны өспеген жеке жасушалар байқалады. Бұл құбылысты ұлпалар көлемiнiң ұлғаюы - гипертрофия деп атайды. Ұлпада жаңадан жасуша түзе ұлғайып, өсуi жүрсе, жасушалар саны көбейедi, оны гиперплазия деп атайды. Жасушаның семуi - атрофия кезiнде, оның көлемi, массасы, қызмет қарқындығы, iшкi қалпына келуi төмендейтiндiктен, ондағы ыдырау процесi түзiлiстiк процесiнен басым болады. Оны жасушаның енжарлығы, гормондар, қоректер жетiмсiздiгi, қартаю, қолайсыз физикалық, химиялық және басқа әсерлер туғызуы мүмкiн. Ұлпалар тұрақтылығын (гомеостаз), оның iшiндегi, араларындағы өзара iс-қимыл жасауы қамтамасыз етедi. Жасуша қабығы (плазмолемма) жарғақшасы макромолекулаларының өзара iс-қимыл жасауын - жасушалар молекулаларының жабысуы (адгезия) деп атайды. Жасушалар жанасқан жерлерде арнайы жасушааралық қосылыстар құрылады. Олар жасушалар арасындағы механикалық, химиялық (зат алмасу, ион, электрлiк) байланыстарды қамтамасыз етедi. Жасушааралық зат (дәнекер ұлпа) бiраз басым болса, жасушалар бiр-бiрiнен алшақ орналасады, жасушалар мен жасушалараралық зат араларында өзара iс–қимыл жабысуы алға шығады. Ол төсемiк молекулаларының жанасуынан түзiлiп, айтарлықтай рөлдi мұнда тiкелей байланыс (жабысу), ара қашықтық химиялық, ұлпалар iшiндегi жасушааралық өзара iс–қимыл жасаулар атқарады. Жасушалар, жасушааралық заттағы жасушалар мен құрамбөлiктерi араларындағы өзара iс–қимыл жасауының арнайы жабысуын ұлпаларда жабысу қабылдағыштары деп атайды, ал олардың бетiне жабысып келген - лигандалар (қабылдағыштармен арнайы байланыстағы молекулалар) өзара тануын қамтамасыз етедi. Ұлпалардағы жасушааралық өзара iс–қисыл жасауды қамтамасыз ететiн гуморальдiк факторларға түрлi зат алмасу, гормондар, цитокиндер, кейлондар жатады. Цитокин - арнайы ұлпаларда бөлiнбейтiн гликопептидтер, жасушалардың өсуi, жетiлуi, қабынуы реакцияларына үш - аутокриндi (бiрдей жасушаларға жергiлiктi әсер берушi), паракриндi (әртүрлi жасушалар арасына жергiлiктi әсер берушi), эндокриндi (бiр жасушаның басқаларға, қан арқылы ара қашықтық әсер берушi) жолдармен әсер етедi. Айтарлықтай цитокиндерге интерлейкиндер, өсу факторлары, шоғыр дамуына жағдай жасау факторлары, қатерлi iсiк өлi еттену факторы, интерферондар жатады. Кейлон-ұлпаның арнайы факторлары, ұлпадағы жетiлген жасушаларды өндiредi, нашар жетiлген бағаналық және жартылай бағаналық жасушалар бөлiнуiн тежейдi. Кейлондар өнiмдерi арқасында жетiлген ұлпада жасушалар санының тұрақтылығы сақталады. Егер бұл тұрақтылық бұзылса, онда қалпына келудi кейлондар өнiмi күшейтедi. Ұлпалар арасындағы демеушi өзара iс–қимыл жасау тұңғыш рет ұрық даму процесiнде басталып, одан әрi, бiраз өзгерiске түсiп жетiлген организмде сақталады. Мұндай өзара iс-қимыл жасау болмаса, мысалы, тiрi ұлпа өзiне тән бiрталай қасиеттерiн, қызметтерiн себiндi де жоғалтып алар едi. Эпителий ұлпалары iшкi, сыртқы орта шекарасында (ас қорыту жолы кiлегейлi қабығы,терi сыртқабықшасы, сыртқы ортамен байланысы бар түтiктi, қуыс ағзалар), онымен қатар организм iшкi ортасында (эндокриндi жасушалар) орналасады. Шекара эпителийi тосқауыл (қорғаныш), қабылдағыш (татым баданасындағы жасушалар) қызметтердi атқарады, сыртқы ортамен алмасуды (сыртқы секреция, газ алмасу, қажетсiз бөлiндi бөлу) қамтамасыз етiп, жасушалар қабаттарын құрады. Оларды iшкi ортадан негiзгi жарғақша бөлiп тұрады. Эпителий қыртысында қан тамырлары болмайды. Шекаралық эпителий жасушаларына полюстенген жетiлу тән. Организмнiң iшкi ортасына батқан эпителий жасушаларынан тұратын аралшық, арқаулар сыртқы ортамен (эндокриндi жасушалар, айырша без қаңқасы) тiкелей байланыспайды. Эпителий ұлпалары, эпителий - шекаралық ұлпа, сыртқы орта шекарасында орналасады, дене бетiн жабып, қуыстарын, iшкi ағзалар кiлегейлi қабығын төсеп, көптеген бездердi құрады. Эпителийдiң үш: жабынды (түрлi төсенiштер құрады), бездi (без түзедi), сезгiш (сенсорлы, қабылдағыш қызметтердi орындайды, сезiм ағзаларының құрамына кiредi) түрлерiн ажыратады. Қызметтерi: шек қою, тосқауыл - бұл эпителийдiң негiзгi қызметi. Сыртқы, iшкi орта арасында тосқауыл түзiп, ол әр эпителийдiң механикалық берiктiгiн, оның қалыңдығы, өткiзгiштiгi, басқада құрылым, қызмет ерекшелiктерiн айқындайды. Бұған дене қуысын төсейтiн - мезотелий, тамырларды төсейтiн - эндотелий қатыспайды; қорғаныш - эпителий организмнiң iшкi ортасын механикалық, физикалық (дене қызуы, сәулет), химиялық, микробтық факторлардың бүлдiру әсерiнен қорғауды қамтамасыз етедi. Қорғаныш қызмет әртүрлi көрiне алады (эпителий қалың қыртыс құрып, сыртқы аз өткiзгiштi, физикалық, химиялық әсерлерге төзiмдi мүйiздi қабат қалыптастырады, сiлемейдiң қорғаныш қабатына секрет бөлдiредi, микробқа қарсы әсер ететiн заттарды өндiредi); тасылым - эпителий қыртысы арқылы заттарды тасымалдай алады (қаннан ұсақ тамырлар эндотелийi арқылы басқа ұлпаларға), ол эпителий бетi арқылы жүредi (тыныс алу жолындағы кiрпiкшелi эпителий сiлемейдi, ұрық жолындағы бұл эпителий овоциттi тасымалдауы жатады); сiңiру - көптеген эпителийлер заттарды қарқынды сiңiре алады. Олар - iшек, бүйрек өзекшелерiндегi эпителийлер; сөл бөлу - эпителий бездердi түзетiндiктен, сөл бөлiнедi; сыртқа қажетсiз заттарды шығару - эпителий организмнен (зәр, тер, өт арқылы) зат алмасудың соңғы өнiмдерiн, организмге енгiзген қосындыларды (дәрiлердi) шығаруға қатынасады; сенсорлы (қабылдағыш)-эпителий организмнiң iшкi, сыртқы орта шекарасында орналасып хабарларды (дабылды, механикалық, химиялық) қабылдайды. Эпителийлердің ерекшелiктері: барлық тек жасушадан - эпителиоциттерден тұрады. Жасушааралық заты өте аз, жасушааралық кеңiстiгi тар; эпителиоциттер бiр-бiрiмен тығыз жанасып, қабаттар құрып, арнайы жасушааралық байланыстармен байланады; организмдi сыртқы, iшкi орталардан бөлiп тұратындықтан шекарада орналасады; төменгi дәнекер ұлпадан негiзгi жарғақшамен (тақташа) бөлiнедi. Негiзгi жарғақша қоректенудi қамтамасыз етедi. Бауыр эпителийінің жасушаларында негiзгi жарғақша болмайды. Электронды микроскоп негiзгi жарғақшада: ақшыл, тығыз, торлы тақташалар барын анықтады. Негiзгi жарғақша эпителийдiң қалыпты үйлесуiн, жетiлуiн, полюстенуiн қолдайды; төмен орналасқан дәнекер ұлпамен тығыз байланысын қамтамасыз етедi; түсетiн қоректiк заттарды таңдап сүзедi; өсуiн, қозғалысын реттеп, қамтамасыз етедi; бiр қабатты, қан қылтамырларымен тығыз байланыстағы эпителиоциттер құрылым қарама - қарсылығына (полярность) орай, бос, сыртқы ортаға бағытталған бетiн төбелiк (апикальный) полюс деп, төмен орналасқан дәнекер ұлпаға қараған бетiн негiздiк (базальный) полюс деп атайды. Төбелiкте микробүрлер, кiрпiкшелер түзiндi материалдары болып, тығыз, аралық байланыстарды құруға қатысады. Негiздiкте тұрақты қосындылар, гормондар, өсу факторларының қабылдағыштары, иондар, амин қышқылдарының тасылым жүйелерi болады. Қызметтiк қарама - қарсылықта төбелiк полюсте сiңiру, кiрпiкшелер қозғалысы байқалса, негiздiк полюсте заттардың түзiлуi жүредi; эпителийлердiң қалпына келу қабылетi, әсiресе жабын эпителийлерде, жақсы көрiнедi. Себебi, құрамында бағаналық (эпидермис, түтiкше, қуысты ағзалар кiлегейлi қабығындағы эпителийлер, мезотелий), түзушi ұлпа (камбий), жетiлу жасушалары болады; эпителийде (шемiршектер, қан тамырларының ортаңғы, iшкi қабықтары, эпителий қабаттарында) қан тамырлары болмайды. Қоректенуi дәнекер ұлпа тамырларынан алынған заттардың диффузия жолымен негiзгi жарғақша арқылы өтуiмен iске асады; эпителиоциттер организмнiң сыртқы, iшкi орта шекарасында, iшкi ортада бiрлесiп, тығыз қабаттар (эпидермис, терi, iшек эпителийлерi кiлегейлi қабығы, мезотелий), арқау (бауыр паренхимасы), аралшық (ұйқы безiнiң Лангерханс аралшығы), фолликула (қалқанша безi), түтiкше (тер безi, нефрон өзекшесi), тор тәрiздi (айырша бездiң сүйенiш қаңқасы тор тәрiздi эпителиоциттерден тұрады) құрылым құра алады. Механикалық - эпителиоциттердiң бiр-бiрiмен механикалық (тығыз, аралық байланыстар, десмосома, интердигитацийлер), ал қатынастық (коммуникациялық) - эпителиоциттер арасындағы химиялық (зат алмасу, иондық, электрлiк) байланыстарды (саңлаулы) қамтамасыз етедi. Эпителийлердiң жiктелуi құрылысына (морфологиялық жiктелу), ұрық дамуы қайнар көзiне (гистогенетикалық жiктелу) негiзделген. Алғашқы жiктелу сипатмежесi (критерий) эпителийдегi қабаттар санына қарай, бiр, көп қабатты, бiр қабатты эпителийлер қатарларына орай, бiр, көп қатарлы, эпителиоциттер пiшiнiне байланысты - жайпақ, текше, цилиндр тәрiздi, сипатмежеде полюстiк жетiлуi ескерiледi. Қабаттағы эпителиоциттердiң негiзгi жарғақшамен байланысы эпителий қатарларын анықтайды. Егер де қабаттағы эпителиоциттердiң бәрi негiзгi жарғақшамен байланыста болса, онда эпителий бiр қабатты, ал мұндай құрылым болмаса, эпителий көп қабатты деп аталады. Көп қабатты эпителий эктодермадан, бiр қабатты эпителий энтодерма мен мезодермадан дамиды. Хлопин Н.Г. 1947 ж. ұрық дамуында әртүрлi ұлпалар бастамасынан мына эпителийлердi ажыратып, сыртқабықша (эпидермалдi), энтеродермалдi, целонефродермалдi, ангиодермалдi және эпендимоглиалдi деп атады. Бездi жасушалар (гландулоциттер) жабын, төсенiш эпителийлер құрамына кiредi, маманданылған ағзалар - бездер құрып, түзiндi құру қызметiн атқарады. Бездер түзiндi бөлуіне орай, экзо,-эндокриндi деп, жiктеледi. Экзокриндi без түзiндiсiн терiнiң, шырышты қабықтың сыртына, iшкi ағзалар кеңiстiгiне бөледi. Эндокриндi бездiң өзегi болмайды, гормондары тiкелей қан, сөл тамырларына өтедi. Олар бiр, көп жасушалы болады. Гландулоциттерде секреция процестерi циклды жүрiп, төрт: соңғы затты сiңiру, секрет түзiлу, түзiлген өнiмдi жинау, секреттi шығару фазаларынан тұрады. Экзокриндi бездерде гландулоциттерден түзiлiп, секрет бөлетiн (соңғы) бөлiмi мен шығарушы өзектен тұрады. Секрет бөлетiн бөлiмге гладулоциттерден басқа ұзын өсiндiлi, жиырылу қабылетi бар, соңғы бөлiмдi қапсырып алатын, секреттiң шығарушы өзекке жылжуын жеңiлдететiн еттi-эпителий (миоэпителиалды) жасушалары кiредi. Шығарушы өзек безден секреттiң ағуын қамтамасыз етедi. Iрi бездерде iшкi бөлiктiк, бөлiктiк, бөлiм арасы, басты өзектер болады. Бездер жiктелуiнiң сипатмежесiне: гландулоциттер саны - бiр жасушалы (құты тәрiздi жасушалар, эндокриндi жүйенiң жасушалары), көп жасушалы (барлық бездердегi жасушалар); құрылым деңгейi -әртүрлi ағзалар құрамына құрамбөлiктер ретiнде кiрмейтiн (шырышты қабықтардағы бездер), дербес анатомиялық ағзалар болып қалыптасқан (iрi сiлекей бездерi, бауыр, ұйқы безi, қалқанша без) бездер; эпителий қыртысында орналасуы -эпителий қыртысында орналасса - эндоэпителиалдi, одан тыс орналасса - экзоэпителиалдi (бұған көптеген бездер жатады); секрет бөлу тәсiлi–мерокриндi (эккриндi) секреция экзоцитоз жолымен өтiп, жасуша құрылымын бұзбайды (сiлекей бездерi), апокриндi секрецияда секрет гландулоциттердiң төбелiк бөлiмiмен бiрге бөлiнсе (сүт безi), голокриндi де гландулоциттер толық бұзылып, секретке айналады (май безi). Кейбiр гландулоциттерде секрет бiр мезгiлде апокриндi, мерокриндi жолдармен бөлiнедi; секреттiң химиялық құрамы - сiрлi (белокты), шырышты, аралас (белокты-шырышты) болады. Экзокриндi бездiң морфологиялық жiктелуi соңғы бөлiм, шығарушы өзектер құрылым белгiлерiне негiзделедi. Соңғы бөлiм формасына қарай, түтiктi, көпiршiктi, екi түрi болғанда түтiктi-көпiршiктi, көпiршiктi-түтiктi деп, ал тармақталуына орай - тармақталған, тармақталмаған, шығарушы өзектiң тармақталуына байланысты - қарапайым (өзегi тармақталмаған) және күрделi (өзегi тармақталған) деп жiктеледi.
Достарыңызбен бөлісу: |