Глоссарий (негізгі терминдер, анықтамалар). Бұл оқу-әдістемелік құжаттар жиынтығында мына негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылған. Оларды студент оқу семестрі бойы зерделеп, білуі қажет. Адсорбция


Әдебиеттер 1.Бет. 99-181. 2. Бет. 77-128. 3. Бет. 40-106. 5. Бет. 128-200. 6. Бет. 97-141. 3. Зертханалық сабақтар –



бет6/7
Дата27.06.2016
өлшемі0.64 Mb.
#160049
1   2   3   4   5   6   7

Әдебиеттер

1.Бет. 99-181. 2. Бет. 77-128. 3. Бет. 40-106. 5. Бет. 128-200. 6. Бет. 97-141.


3. Зертханалық сабақтар – оқудың бір түрі, студенттердің өзін-өзі бақылауын, іздену әдетін қалыптастыруын, жұмыс істеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Бұл сабақтар пәннің күрделі сұрақтарын терең зерделеуге мүмкіндік туғызады, студенттің өз бетімен дайындалғанын тексереді және оны бақылаудың негізгі түрі болып келеді. Осы сабақтар үстінде студенттер көкейтесті мәселелерді сауатты баяндап, өз ой - пікірін ерікті айтып, түрлі жағдайларды қарастырып, өзінің кәсіптік құзырын дамытуға мүмкіндік алады.

1 тақырып: Микроскоп, онымен жұмыс істеу ережесі.

Оның орындалуын, мақсатын, тапсырмаларын, әдебиетін, кестелерін, дайындалу сұрақтарын З.Қ. Тоқаевтың “Жаратылыстану факультетінің студенттеріне арналған ГИСТОЛОГИЯ зертханалық сабақтарының ОҚУЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ”: 8 – 13 беттерінен ал.



АЛДЫҢҒЫ САБАҚТАРДА ОСЫ ЕРЕЖЕЛЕРДІ, ОРЫНДАЛУ РЕТІН ҮНЕМІ САҚТАУ СТУДЕНТ МІНДЕТТЕРІНІҢ БІРІ.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

  1. Алғашқы микроскопты кiм және қай ғасырда құрастырды?

  2. Тұңғыш микроскоп құрушыларды атаңыз. Олардың рөлi қандай?

  3. А. Левенгук қай кезде өмiр сүрдi, қандай микроскопиялық зерттеулер жүргiздi?

  4. Қандай зерттеулер К.Ф. Вольф, А.М. Шумлянский, К.Э. Бэр аттарымен байланысты?

  5. Преформизм дегенiмiз не және оның маңызы неде?

  6. Қазақстанда алғашқы микроскоптар қашан пайда болды?

  7. Қазақстанда алғашқы жүйелi гистологиялық зерттеулер қашан және қай жерде басталды? Олардың бағыттарын сипаттаңыз.

  8. Микроскоптың құрылысы қандай?

  9. Микроскоппен жұмыс iстеудiң негiзгi ережелерiне не жатады?

  10. Микроскоптардың көру қабiлеттiлiгi дегенiмiз не?

  11. Электронды микроскоптың ерекшелiгi неде?

  12. Микроскоптардын қандай түрлерiн бiлесiз. Олардың ерекшелiктерi неде?

Әдебиеттер

1. Бет. 3-12., 5. Бет. 3 – 18., 6. Бет. 3 – 10., 7. Бет. 3 – 14., 11. Бет. 3 – 22.



2 тақырып: Микроскопиялық техника негіздері

Оның орындалуын, мақсатын, тапсырмаларын, әдебиетін, кестелерін, дайындалу сұрақтарын З.Қ. Тоқаевтың “Жаратылыстану факультетінің студенттеріне арналған ГИСТОЛОГИЯ зертханалық сабақтарының ОҚУЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ”: 5 – 8 беттерінен ал.



Әдебиеттер

1. Бет. 3-12., 5. Бет. 3 – 18., 6. Бет. 3 – 10., 7. Бет. 3 – 14., 11. Бет. 3 – 22.



3 тақырып: Жасуша биологиясы.

Мақсаты: Прокариотты және эукариотты жасушалар.Цитоплазманың, белоктардың, майлардың, көмірсулардың, нуклеин қышқылдарының химиялық құрамын, осы заттардың жасушада түзілуін білу. Жасушаларды, жасушасыз құрылымдарды микроскоппен зерделегенде бір - бірінен ажыратып, таба білу.

1 тапсырма. Препараттан микроскоптың кіші ұлғайтқышында көп бұрышты жасушаларды тауып, оларды үлкен ұлғайтқышпен көріп, әр жасушада көк түске боялған ядросы, оның айналасында қызғылт цитоплазма барын, кейінгі сыртынан цитолеммамен қоршалғанын байқау қажет. Қос жасушалардың бейнесін дәптерге салып, мыналарды белгілеу керек: 1-цитолемма, 2-цитоплазма, 3-ядро.

2 тапсырма. Тақырыптың бақылау сұрақтарына жауап бере отырып, оларға сай ілімдерді талқылау.

3 тапсырма. Жасушасыз құрылымдардың түрлерін атау керек. Ол үшін борпылдақ дәнекер ұлпа препаратынан кіші ұлғайтқышта коллаген талшықтары шоғырын, жіңішке түзу, сәл бұратылып келетін эластин талшықтарын, араларындағы жасушалардың түрлерін тауып, ішіндегі тек фибробластар мен гистиоциттер ғана үнемі көрінетінін білу қажет. Фибро бластардың шеттері нашар байқалады, өйткені олар жасуша аралық заттектерді бөледі. Цитоплазмасының шет жағы желкен тәрізді, ақшыл – ол эктоплазма деп аталады.Ядроның айналасындағы цитоплазма қою түске боялған, ол – эндоплазма. Үлкен ұлғайтқышта препарат бейнесін салып, мыналарды белгілеу керек: 1-коллаген талшықтары; 2-эластин талшықтары; 3-аморфты зат, 4-фибробласт; 5-гистиоцит; 6-лимфоциттер ядросы.

Бақылау есебі: Препаратты зерделегенде плазмалеммасы, тұрақты қосындылары, көптеген ядролары бар құрылым байқалады. Оны қалай деп атайды?

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

  1. Тірі заттар критерийін атаңыз. Тірі заттың өлі түрінен айырмашылығы неде?

  2. Қандай тірі зат түрлері сізге аян?

  3. Тірі зат құрамына қандай химиялық қосындылар енеді? Жай белок молекулалары неден тұрады?

  4. Күрделі белоктардың немесе протеидтердің молекулалары немен сипатталады? Оларды не құрады?

  5. Тірі зат құрамына қандай бейорганикалық қосындылар кіреді?

  6. Қандай құрылым құрамына ДНҚ және РНҚ кіреді?

  7. Симпласт және жасуша аралық заттек дегеніміз не?


Әдебиеттер

1.Бет. 3-12., 5. Бет. 3 – 18., 6. Бет. 3 – 10., 7. Бет. 3 – 14., 11. Бет. 3 – 22.



4 тақырып: Дене жасушасының жалпы сипаттамасы және оның құрамбөліктерінің жіктелуі. Ядро.

Мақсаты: Жасушаларды, оның ядросын, цитоплазмасын, цитолеммасын ажырата білу; микро- және ультрақұрылым ерекшеліктеріне орай, ядро құрылымы ұқсастығын табу; белок түзілуіндегі ядроның рөлін түсіндіру; кезеңаралық дене жасушасының атауларын және маңызын меңгеру.

1 тапсырма. Алдымен, цитоплазма гиалоплазмадан, тұрақты, тұрақсыз қосындылардан тұратынын еске түсіріп, жасуша цитоплазмасының құрылысын меңгеру үшін гепатоциттерден Гольджи аппараты, тұрақсыз май қосындыларын кіші және үлкен ұлғайтқышта; арнайы көрсетілетін препаратта эпителий жасушасындағы митохондрийлерді, тұрақсыз көмірсу, боялмаған бояутек (пигмент) қосындыларын үлкен ұлғайтқышта қарау. Цитоплазма құрылысы препаратты түрлі бояғыштармен бояғанда байқалады. Сондықтан бір препаратта барлық тұрақты, тұрақсыз қосындыларды көру мүмкін емес. 1-2 жасуша бейнесін салып, мыналарды белгілеу керек: 1-цитолемма, 2-цитоплазма: а) май қосындылары, 3-ядро.

2 тапсырма. Препараттан кіші ұлғайтқышта көпбұрышты бауыр жасушаларын тауып, онда көк түске боялған ядро барын байқап, ондай бірнеше жасушаларды салып, мыналарды белгілеу қажет: 1-цитолемма, 2-цитоплазма, 3-ядро: а)кариолемма, б) кариоплазма, в) хроматин үйінділері (гетерохроматин), г) ядрошық.

3 тапсырма. Дәптерге салып алып, мына “кезеңаралық ядроның құрылысын, қызметі” кестесін толтыр:

Кезеңаралық ядро құрамбөліктерінің құрамы

Олардың атқаратын қызметі







Бақылау есебі:

1. Зерттеуде жасуша ядросындағы хроматин мен ядрошық ұқсастығын табу қажеттігі туды. Ол үшін қандай әдісті қолдануға болады?

2. Препаратта ірі ақшыл ядросы мен ядрошығы бар жүйке жасушасы байқалады. Жасушадағы белок түзілу қарқындығын айқындау керек.

          1. Студент алдына ДНҚ, РНҚ бар құрылымды табу міндеті қойылған. Ол қандай әдісті қолдануы керек?

          2. Құрылымында ДНҚ, РНҚ болуын қандай белгілерге негіздеп, анықтауға болады?

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

            1. Ғылымға «клетка» атауын алғашқы болып берген кiм?

            2. Атқаратын қызметіне орай, жасушалардың, оның ядроларының қандай түрлерін білесіз?

            3. Жасуша жарғағы дегеніміз не?

            4. Плазмалемманың құрылысы қандай?

            5. Жасуша аралық байланыстардың қандай түрлері бар?

            6. Жасушаға сұйық, қатты заттар қалай өтеді?

            7. Кезеңаралық ядроның құрамбөліктерін атаңыз.

            8. Гетерохроматин және эухроматин дегеніміз не?

            9. Ядрошықтың химиялық құрамы, құрылысы, қызметі неде?

            10. Хромосоманың құрылым элементтерін атаңыз.

Әдебиеттер

1.Бет. 3-12., 5. Бет. 3 – 18., 6. Бет. 3 – 10., 7. Бет. 3 – 14., 11. Бет. 3 – 22.



5 тақырып: Жасушаның тұрақты және тұрақсыз қосындылары.

Мақсаты: Жасуша цитоплазмасындағы тұрақты қосындыларды, олардың құрылымдық, цитохимиялық ерекшеліктеріне қарап, анықтауды; жасушаның тіршілік әрекетіндегі рөлін; жасуша цитоплазмасындағы –белок, май, көмірсу, бояутек тұрақсыз қосындыларының ұқсастығын табуды; заттек алмасуын, жасуша күйін сипаттап, жасуша құрамбөліктерінің субмикроскопиялық құрылысын білу.

1 тапсырма. Кестеден жасушаның субмикроскопиялық құрылысы сызбасын салып, мыналарды дұрыс белгілеу қажет: 1-цитолемма: а) белок молекуласының қабаты, б) билипидті қабат, 2-фагоцитоз, 3-пиноцитоз, 4-гиалоплазма, 5-лизосомалар, 6-жасуша орталығы, 7-митохондрийлер: в) сыртқы жарғақ, г) ішкі жарғақ, д) кристілер, е) матрикс, 8-Гольджи аппараты: ж) жарғақтар, з) түзінді көпіршіктері, 9-түйіршікті және 10-түйіршіксіз эндоплазмалық тор, 11-рибосомалар, 12-полисомалар, 13-ядро: кариолемма, й)ішкі ядролық жарғақ, к) сыртқы ядролық жарғақ, л) перинуклеарлы кеңістік, м) ядро саңылауы, 14-ядрошық, 15-хроматин, 16-кариоплазма, 17-микротүтікшелер.

2 тапсырма. Дәптерге тұрақты қосындылардың мына жіктелулерін жазып алу керек:

Тұрақты қосындылар

жарғақты

жарғақсыз

3 тапсырма. Ойланып, қандай тұрақты қосындылардың қатысуымен жасушада өтетін мына процесстерді жазып алу керек:

Процесстер

Тұрақты қосындылар

Липидтер, холестерин түзілуі




Гликоген түзілуі




Уларды уытсыздандыру




Ca, Cl иондарын жинақтау




Жасушада заттарды тасымалдау




Түзілген белоктарды шығару




Жарғақтар белогінің түзілуі




Түзінді өнімдерін жинақтау




Түзінділерді шығаруға қатысу




Жасуша цитоқаңқасын құру




Бөлу ұршығын құру




Жиырылу қызметі




Бақылау есебі:

              1. Иондау радиациясы әсерінен кейбір жасушаларда жеке тұрақты қосындылар бүліне бастайды. Жасушада бұл қалдықтар қалай пайдаланылады?

              2. Студентке жасушаның митохондрийлері мен лизосомаларын зерттеу міндеті қойылған. Оны қандай әдістерді қолданып, орындаған жөн? Аталған тұрақты қосындыларды қандай белгілеріне қарап, ажыратуға болады?

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

                1. Жасушаның қандай тұрақты, тұрақсыз қосындыларын білесіз?

                2. Жасушаның тұрақты қосындыларын, олардың түрлерін, атқаратын қызметін сипаттаңыз.

                3. Жасушада заттардың түзілуіне, олардың тасымалдануына қатынасатын тұрақты қосындыларды атаңыз.

                4. Қандай тұрақты қосындылар майлар мен көмірсулардың түзілуіне қатынасады?

                5. Гольджи аппараты қандай қызметтер атқарады?

                6. Тұрақсыз қосындылар дегеніміз не? Олардың қандай түрлерін білесіз?

                7. Тұрақсыз қосындыларды қалай бір-бірінен ажыратады?

Әдебиеттер

1.Бет. 3-12., 5. Бет. 3 – 18., 6. Бет. 3 – 10., 7. Бет. 3 – 14., 11. Бет. 3 – 22.



6 тақырып: Дене жасушасының бөлінуі.

Мақсаты: Жасушаның клеткалық циклін суреттеу, оның әр кезеңі аттарын еске сақтап, сипаттап, жасушалардың бөліну түрлерін, ерекшеліктерін, байқалатын өзгерістерін және митоз бен амитоздың негізгі сатыларын анықтап, зерделей білу.

1 тапсырма. Ұзақтығы 11 сағат болатын клеткалық циклді дәптерге салып алып, ондағы митоздық, түзілу (синтез) алды, түзілу және түзілу соңы кезеңдерінің ұзақтығын дұрыс белгілеу керек.

2 тапсырма. Микроскоп кіші ұлғайтқышымен өсімдік жасушаларындағы митоз препаратын қарап, үлкен ұлғайтқышта, оның сатыларын тауып, олардың әрқайсысының суретін салып алып, мыналарды белгілеу керек: 1-бөлінбеген кезеңаралық жасуша: а) цитолемма, б) цитоплазма, в) ядро, 2-тығыз түйін сатысындағы профаза: г) цитоплазма, д) ядро, е) оралым тәрізді хромосомалар, ж) ядрошық, з) кариолемма, 3-түйіні қопсый бастаған профаза: и) цитолемма, к) миксоплазма, л) оралым тәрізді хромосомалар, 4-метафаза: м) жасушаның экваторында саны екі еселенген хромосомалар, 5-анафаза: н) жас жасушалар центриолилеріне ауысудағы хромосомалар, 6-телофаза: о) жас жасушалар ядросының қалыптасуы, п) жас жасушалар арасындағы перделер.

3 тапсырма. Әртүрлі иінді (субметацентрикалық) метафазалық хромосоманың суретін салып, мыналарды белгілеу қажет: 1-хроматидтер, 2-бірінші тартылу (центромера, кинетохор), 3-екінші тартылу, 4-хромосомалар матриксі.

4 тапсырма. Жануарлар жасушаларындағы митоз бен амитоз препараттарын көру.

Өзін - өзі бақылау сұрақтары:

  1. Тiрi зат критерийiн атап, оның өлiден айырмашылығы неде екенiн түсiндiр?

  2. Сiзге қандай тiрi зат түрлерi аян?

  3. ДНҚ және РНҚ қандай құрылым құрамына кiредi?

  4. Тiрi организм жасушасы қандай үш негiзгi бөлiктерден тұрады?

  5. Жасушалар түрi, көлемi қандай? Жануарлар мен өсiмдiктерде олар бірдей ме?

  6. Ядро түрi, химиялық құрамы қандай, оның жасуша тiршiлiгiндегi маңызы неде?

  7. Ядро құрылымы қандай? Оның электронды микроскоптағы құрылысын түсiндiр.

  8. Жасушаның тұрақты қосындылары дегенiмiз не?

  9. Жасуша дегенiмiз не?

  10. Эукариотты жасушалардың құрылысы қандай?

  11. Тұңғыш рет жасушаға кiм, қай жылы, қандай анықтама бердi?

  12. Қандай жасушасыз құрылымдарды бiлесiз (сипаттамасын беру керек).

  13. Қандай жасушааралық байланыстарды бiлесiз. Оның қажетi неде?

  14. Жасушаның электронды микроскоптағы құрылысы қандай?

  15. Ядроның құрылысы және атқаратын қызметтерi қандай?

  16. Хроматин (хромосома) құрылысы, қызметi неде?

  17. Жасушаның тұрақты қосындыларын, түрлерiн, атқаратын қызметiн сипаттаңыз.

  18. Тұрақсыз қосындылар дегенiмiз не?

  19. Тұрақсыз қосындылардың қандай түрлерiн бiлесiз?

  20. Тұрақсыз қосындыларды қалай бiр-бiрiнен ажыратады?

  21. Тұрақсыз қосындылардың бәрi бiр жасушада, немесе бiр ұлпада кездесеме?

  22. Оларды анықтаудың қандай тәсiлдерiн бiлесiз?

  23. Клеткалық цикл дегенiмiз не? Клеткалық цикл қандай кезеңдерден тұрады?

  24. Циклдiң қай кезеңiнде ДНҚ екi еселенiп, белок синтезi жүрiп, АТФ жиналады?

  25. Интерфазаның әр кезеңiне не тән?

  26. Митозда тұрақты қосындылар қалай өзгередi?

  27. Митоз кезiнде ядрошықпен ядро қабығы неге ұшырайды?

  28. Митоздың амитоздан айырмашылығы неде?

  29. Эндомитоз және полиплоидия дегенiмiз не?

Әдебиеттер

1.Бет. 3-12., 5. Бет. 3 – 18., 6. Бет. 3 – 10., 7. Бет. 3 – 14., 11. Бет. 3 – 22.



7 тақырып: Бір қабатты, көп қатарлы кірпікшелі және безді эпителийлер.

Оның орындалуын, мақсатын, тапсырмаларын, әдебиетін, кестелерін, дайындалу сұрақтарын З.Қ. Тоқаевтың “Жаратылыстану факультетінің студенттеріне арналған ГИСТОЛОГИЯ зертханалық сабақтарының ОҚУЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ”: 13 - 18 беттерінен ал.


Әдебиеттер

1.Бет. 3-12., 5. Бет. 3 – 18., 6. Бет. 3 – 10., 7. Бет. 3 – 14., 11. Бет. 3 – 22.



8 тақырып: Қыртысты (кутикулалы) және көп қабатты эпителийлер.

Оның орындалуын, мақсатын, тапсырмаларын, әдебиетін, кестелерін, дайындалу сұрақтарын З.Қ. Тоқаевтың “Жаратылыстану факультетінің студенттеріне арналған ГИСТОЛОГИЯ зертханалық сабақтарының ОҚУЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ”: 18 – 23 беттерінен ал.



Әдебиеттер

1.Бет. 3-12., 5. Бет. 3 – 18., 6. Бет. 3 – 10., 7. Бет. 3 – 14., 11. Бет. 3 – 22.



9 тақырып: Сүтқоректілер мен төменгі сатылы омыртқалылар ішегіедегі сору эпителийлері.

Оның орындалуын, мақсатын, тапсырмаларын, әдебиетін, кестелерін, дайындалу сұрақтарын З.Қ. Тоқаевтың “Жаратылыстану факультетінің студенттеріне арналған ГИСТОЛОГИЯ зертханалық сабақтарының ОҚУЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ”: 23 – 25 беттерінен ал.



Әдебиеттер

1.Бет. 3-12., 5. Бет. 3 – 18., 6. Бет. 3 – 10., 7. Бет. 3 – 14., 11. Бет. 3 – 22.



10 тақырып: Буынаяқты жәндіктермен омыртқасыз жануарлардың ішек эпителийлері.

Оның орындалуын, мақсатын, тапсырмаларын, әдебиетін, кестелерін, дайындалу сұрақтарын З.Қ. Тоқаевтың “Жаратылыстану факультетінің студенттеріне арналған ГИСТОЛОГИЯ зертханалық сабақтарының ОҚУЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ”: 25 – 27 беттерінен ал.



Әдебиеттер

1.Бет. 3-12., 5. Бет. 3 – 18., 6. Бет. 3 – 10., 7. Бет. 3 – 14., 11. Бет. 3 – 22.



11 тақырып: Тыныс алу ағзалары. Бір, аз және көпклеткалы экзокриндік бездер эпителийлері.

Оның орындалуын, мақсатын, тапсырмаларын, әдебиетін, кестелерін, дайындалу сұрақтарын З.Қ. Тоқаевтың “Жаратылыстану факультетінің студенттеріне арналған ГИСТОЛОГИЯ зертханалық сабақтарының ОҚУЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ”: 27 – 35 беттерінен ал.



Әдебиеттер

1.Бет. 3-12., 5. Бет. 3 – 18., 6. Бет. 3 – 10., 7. Бет. 3 – 14., 11. Бет. 3 – 22.



12 тақырып. Омыртқалы, омыртқасыз жануарлардың ішкі секреция (эндокринді) бездеріндегі эпителийлер.

Оның орындалуын, мақсатын, тапсырмаларын, әдебиетін, кестелерін, дайындалу сұрақтарын З.Қ. Тоқаевтың “Жаратылыстану факультетінің студенттеріне арналған ГИСТОЛОГИЯ зертханалық сабақтарының ОҚУЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ”: 35 – 38 беттерінен ал.



Әдебиеттер

1.Бет. 3-12., 5. Бет. 3 – 18., 6. Бет. 3 – 10., 7. Бет. 3 – 14., 11. Бет. 3 – 22.



13 тақырып. Балықтың тұзды жасушалары, бауырымен жорғалаушы, құстардың тұзды бездері, әрі жәндіктер тері эпителийінің осмосты реттейтін жүйесі.

Оның орындалуын, мақсатын, тапсырмаларын, әдебиетін, кестелерін, дайындалу сұрақтарын З.Қ. Тоқаевтың “Жаратылыстану факультетінің студенттеріне арналған ГИСТОЛОГИЯ зертханалық сабақтарының ОҚУЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ”: 39 – 41 беттерінен ал.



Әдебиеттер

1.Бет. 3-12., 5. Бет. 3 – 18., 6. Бет. 3 – 10., 7. Бет. 3 – 14., 11. Бет. 3 – 22.



14 тақырып. Көпклеткалы жануарлардың аралас осмосты реттейтін және бөлу жүйелерінің қысқаша сипаттамасы, жіктелуі.

Оның орындалуын, мақсатын, тапсырмаларын, әдебиетін, кестелерін, дайындалу сұрақтарын З.Қ. Тоқаевтың “Жаратылыстану факультетінің студенттеріне арналған ГИСТОЛОГИЯ зертханалық сабақтарының ОҚУЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ”: 41 – 45 беттерінен ал.



Әдебиеттер

1.Бет. 3-12., 5. Бет. 3 – 18., 6. Бет. 3 – 10., 7. Бет. 3 – 14., 11. Бет. 3 – 22.



15 тақырып. Борпылдақ дәнекер ұлпа

Оның орындалуын, мақсатын, тапсырмаларын, әдебиетін, кестелерін, дайындалу сұрақтарын З.Қ. Тоқаевтың “Жаратылыстану факультетінің студенттеріне арналған ГИСТОЛОГИЯ зертханалық сабақтарының ОҚУЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ”: 45 – 47 беттерінен ал.



Әдебиеттер

1.Бет. 3-12., 5. Бет. 3 – 18., 6. Бет. 3 – 10., 7. Бет. 3 – 14., 11. Бет. 3 – 22.



16 тақырып. Қан және оның түзілуі.

Оның орындалуын, мақсатын, тапсырмаларын, әдебиетін, кестелерін, дайындалу сұрақтарын З.Қ. Тоқаевтың “Жаратылыстану факультетінің студенттеріне арналған ГИСТОЛОГИЯ зертханалық сабақтарының ОҚУЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ”: 48 – 53 беттерінен ал.



Әдебиеттер

1.Бет. 3-12., 5. Бет. 3 – 18., 6. Бет. 3 – 10., 7. Бет. 3 – 14., 11. Бет. 3 – 22.



17 тақырып. Лимфоидты ұлпалар.

Оның орындалуын, мақсатын, тапсырмаларын, әдебиетін, кестелерін, дайындалу сұрақтарын З.Қ. Тоқаевтың “Жаратылыстану факультетінің студенттеріне арналған ГИСТОЛОГИЯ зертханалық сабақтарының ОҚУЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ”: 53 – 56 беттерінен ал.



Әдебиеттер

1.Бет. 3-12., 5. Бет. 3 – 18., 6. Бет. 3 – 10., 7. Бет. 3 – 14., 11. Бет. 3 – 22.



18 тақырып. Омыртқалы жануарлардың тығыз дәнекер ұлпасы.

Оның орындалуын, мақсатын, тапсырмаларын, әдебиетін, кестелерін, дайындалу сұрақтарын З.Қ. Тоқаевтың “Жаратылыстану факультетінің студенттеріне арналған ГИСТОЛОГИЯ зертханалық сабақтарының ОҚУЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ”: 56 – 58 беттерінен ал.



Әдебиеттер

1.Бет. 3-12., 5. Бет. 3 – 18., 6. Бет. 3 – 10., 7. Бет. 3 – 14., 11. Бет. 3 – 22.



19 тақырып. Омыртқалы жануарлардың шеміршек ұлпалары.

Оның орындалуын, мақсатын, тапсырмаларын, әдебиетін, кестелерін, дайындалу сұрақтарын З.Қ. Тоқаевтың “Жаратылыстану факультетінің студенттеріне арналған ГИСТОЛОГИЯ зертханалық сабақтарының ОҚУЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ”: 59 – 61 беттерінен ал.



Әдебиеттер

1.Бет. 3-12., 5. Бет. 3 – 18., 6. Бет. 3 – 10., 7. Бет. 3 – 14., 11. Бет. 3 – 22.


20 тақырып. Сүйек ұлпалары.

Оның орындалуын, мақсатын, тапсырмаларын, әдебиетін, кестелерін, дайындалу сұрақтарын З.Қ. Тоқаевтың “Жаратылыстану факультетінің студенттеріне арналған ГИСТОЛОГИЯ зертханалық сабақтарының ОҚУЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ”: 62 – 64 беттерінен ал.



Әдебиеттер

1.Бет. 3-12., 5. Бет. 3 – 18., 6. Бет. 3 – 10., 7. Бет. 3 – 14., 11. Бет. 3 – 22.



21 тақырып. Омыртқасыз жануарлардың шеміршек және тығыз дәнекер ұлпалары.

Оның орындалуын, мақсатын, тапсырмаларын, әдебиетін, кестелерін, дайындалу сұрақтарын З.Қ. Тоқаевтың “Жаратылыстану факультетінің студенттеріне арналған ГИСТОЛОГИЯ зертханалық сабақтарының ОҚУЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ”: 65 – 69 беттерінен ал.



Әдебиеттер

1.Бет. 3-12., 5. Бет. 3 – 18., 6. Бет. 3 – 10., 7. Бет. 3 – 14., 11. Бет. 3 – 22.



22 тақырып. Омыртқалылардың қаңқа бұлшық ет ұлпасы.

Оның орындалуын, мақсатын, тапсырмаларын, әдебиетін, кестелерін, дайындалу сұрақтарын З.Қ. Тоқаевтың “Жаратылыстану факультетінің студенттеріне арналған ГИСТОЛОГИЯ зертханалық сабақтарының ОҚУЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ”: 69 – 71 беттерінен ал.



Әдебиеттер

1.Бет. 3-12., 5. Бет. 3 – 18., 6. Бет. 3 – 10., 7. Бет. 3 – 14., 11. Бет. 3 – 22.



23 тақырып. Буынаяқты жәндіктердің қаңқа бұлшық ет ұлпасы.

Оның орындалуын, мақсатын, тапсырмаларын, әдебиетін, кестелерін, дайындалу сұрақтарын З.Қ. Тоқаевтың “Жаратылыстану факультетінің студенттеріне арналған ГИСТОЛОГИЯ зертханалық сабақтарының ОҚУЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛЫ”: 71 – 74 беттерінен ал.



Әдебиеттер

1.Бет. 3-12., 5. Бет. 3 – 18., 6. Бет. 3 – 10., 7. Бет. 3 – 14., 11. Бет. 3 – 22.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет