25
адамдар еді. Сол бабасының күнәсі үшін мына балалар өлуге тиіс болатын.
Бірақ сенің таңға көз ілмей жылағаныңды, қылған дұғаңды Алла қабыл алып,
балаларға кеңшілік жасады» дейді. Пайғамбарымыз Аллаға рақметін
жаудырып, тоқтамай намаз оқиды. Шүкірлік етеді». Әшірбек ағаның аузынан
естіген
осы әңгімені балаларыма, туыстарыма, олардың балаларына айтып
бердім. Оларға өз ұрпақтарыңа айтыңдар дедім. Кісі ақысын жеп,
қарыз
алып, оны қайтармау деген үлкен күнә екенін терең түсінген абзал.
Алтын әкетайым, сен сондай адамдарды сыйламайтынсың. Қолыңды бірақ
сілтеп: «адам емес» дейтінсің. Сен өз өнегеңмен бізге тәрбие бердің. Біз
оқыған кезде сен де талай бай шешен (ұлты) достарыңнан қарыз алдың.
Сонда сенің аузыңнан талай мәрте естіген сөзім: «Алған қарызын бермей,
өздері дүние алып, ат мініп жүретіндерді түсінбеймін. Астыңдағы атыңды
сатасың ба, алтыныңды сатасың ба, ол – сенің шаруаң, уәде бердің бе, осы
кезде қайтарымын деп, қайтар. Ақшаны
алғанда қуанып алдың ғой,
қайтарғанда да қуанып қайтар. Мен сөзімде тұратын болғандықтан, мен
қарыз сұрағанда кімде болса қиналмай береді. Себебі маған сенеді. Ал
кейбіреулер сұрап барса, бар болса да бермейді. Өйткені олар уәдеде
тұрмайды».
Әке, сенің өнегеңді өз балаларымызға, немерелерімізге айтып отырамыз.
Рухың көкте шарықтасын, жан әке.
Достарыңызбен бөлісу: