Гүлтас сайынқызы


Тамшы сөз: Ата-аналарыңды көзі тірісінде қадірлеңдер, еркелетіңдер



Pdf көрінісі
бет2/47
Дата18.11.2022
өлшемі0.73 Mb.
#465205
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Әке рухымен диалог. 19.02.13.

Тамшы сөз: Ата-аналарыңды көзі тірісінде қадірлеңдер, еркелетіңдер, 
жақсы көретіндеріңді айтыңдар. Ата-ана – ең қадірілі қонақ, сыйлаңдар. 
Әке, соңғы күн ... 16-маусым, сен ертеңгі 17-маусымдағы күнді көрген 
жоқсың, сондықтан сен үшін ол соңғы күн болатын. Сені сол күні ауруханада 
қалдырмай, үйге алып шыққанымыз қандай жақсы болды. Өз төсегіңде 
өзіңнің шаңырағыңда, Құдай қосқан қосағың анамыздың қасында, төрт 
перзентің – қыздарыңның алдында соңғы сағаттарыңды, минуттарыңды 
өткіздің. Кешкісін Алматының аспаны жерге түсердей күн күркіреп, селдетіп 
жаңбыр жауды. Найзағайдың гүрсілі мен жарқылы ерекше қатты болды. Өз 
өмірімде табиғаттың сондай құбылысын бірінші рет көрдім. Аулада тұрған 
көп 
автокөліктердің 
сигнализациялары 
найзағайдың 
гүрсілінен 
шошынғандай, шулап кетті. Жан әкем, бірақ сен оны сезген де жоқ 
шығарсың. Ол кезде сені сұм өлім шақырып, есігін ашып, ал өмір соңғы 
үмітімен табан тіреп тұрған болатын. Сен аз уақыт қасыңнан кеткен мені 
жанұшырып іздепсің. Дидар: «Әпке, атам сізді іздеп жатыр. Тез келіңізші» 
деп телефон шалды. Біз Саят екеуміз келдік. Жан әкем-ау, мен сені құшақтап 
сүйдім. Сен маған қоятын соңғы сұрағыңды даярлап қойыпсың, басқалардың 
бірінен де сұрамай, менен сұрадың. «Мен енді өлемін бе?» дедің. Иә, ол 
сұрақты маған қоюың заңды, солай болу керек еді. Себебі, сен маған сендің 
ғой. «Гүлтасым келсе болды, жазыламын» дедің ғой. Ал менің сені алып 
қалуға күшім жетпеді. «Жоқ, сен өлмейсің, өлмейсің. Олай деп айтпа да, олай 
деп ойлама. Сен жазыласың, міндетті түрде жазыласың. Алла тағала 
даусымды естіші» дедім де, «Фатиханы», «Ықыласты, «Нәсты», Фәлахты» 
оқи бердім. Жаратқанға даусым жетеді деп ойладым. Жетті ғой деймін. Сен 
тынышталып, дем алдың. Найзағай ойнап, аспан күрсініп тұрды. Мүмкін 
сені алып кетуге олар да жанұшырып дайындалып жатты ма екен?.. Әлде 
қалдырсақ па екен деді ме екен? Кім білсін?.. 
Әке, сенің әкең, менің Рахымбай атам қайтыс болғанда да (29 тамыз, 1943 
жылы) табиғат қатты мінез көрсетіпті. Оны апам айтатын. «Жаздың күнінде 



ондай дауыл болған емес, аспан жерге түсіп гүрсілдеп, қатты жел соғып
шаңнан боран соқты. Жылқы кісінеп, сиырлар мөңіреп, ауыл азан-қазан 
болған еді. Жарықтық атаң қасиетті еді ғой». Жан әкем, сен де қасиетті 
болатынсың. Селдетіп төккен апамның көз жасы шығар, гүрілдеп жатқан 
атамның жан даусы шығар. Әке сенің жаның соларға ұшып кеткендей болды.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет