Гүлтас сайынқызы


Тамшы сөз. Өмірден көрікті, өмірден тәтті, өмірден қымбат нәрсе



Pdf көрінісі
бет17/47
Дата18.11.2022
өлшемі0.73 Mb.
#465205
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47
Әке рухымен диалог. 19.02.13.

Тамшы сөз. Өмірден көрікті, өмірден тәтті, өмірден қымбат нәрсе 
жоқ. Сол үшін өмірлеріңді сақтаңдар. 
 
Ұстаз деп содай адамды айтса болады 
 
«Балам, мен тағдырыма разымын ...» деп, ұзақ үнсіз жаттың. Екеуміз 
көзбен сөйлесіп отырдық. Көп сөйлесең, шаршап қаласың ба деген ой да 
болды. Бірақ сен өзіңнің пешенеңе жазылған тағдырыңды ой дарияңнан 


27 
сүзіп алып жатқан екенсің. «Балам, мен оқысам, бір жерден шығатыным 
белгілі еді. Марқұм Ергембай көкем керемет адам еді ғой. Өзінің тұлғасы да,
мінезі де, нағыз әскери мұғалімнің өзі болатын. Әскери мінезі мүмкін қанды 
соғысты көргеннен қалыптасқан шығар? Ол қатал еді, бірақ әділ еді. 
Сондықтан да оны барлық оқушылар сыйлайтын. Менен көп үміт күтті. 
Сабақтан кейін: «Әй, Сайынтай, үйге барып жеңшеме көмектес, суын тасып, 
малын жайғап бер де, біздің үйге кел, кітап, дәптерлеріңді ала кел» дейді. 
Үйіне келген соң, столға бар кітап, дәптерлерімді шығартып, орындыққа 
отырғызады да, менен барлық сабақты сұрай бастайды. Мен кібіртіктеп айта 
алмағанымды салмақты даусымен жақсылап түсіндіріп береді де: «ал енді 
айтып көрші» дейді. Мен есепті жақсы шығаратынмын. Соған қуанатын. 
«Вот так! Есеп білмеген – есек. Ал сен есепті жақсы білесің, сондықтан 
адамсың, ал бұдан да жақсы білсең, жақсы азамат боласың, көкем сияқты 
бастық боласың» деп басымнан сипап, «дайындал» деп өз жұмыстарымен 
кетеді. Әрі кетіп бара жатып өзінің шешесіне: «Апа, Сайынды үй жұмысына 
жұмсамаңдар, сабағын оқысын, қарны ашса, тамақтарыңды беріңдер» дейтін. 
Қазір сондай ұстаздар бар ма? Ай, білмеймін. Кеш болып кетсе, үйге дейін 
ертіп келіп: менің шешеме: «Жеңеше, мына балаңды оқыт, көкем сияқты 
болады, өзінің ынтасы да бар» дейтін еді. Менің әкемді аузынан 
тастамайтын, «шіркін, көкем тірі болса, бәрі басқаша болар еді ғой. Сен 
Сайып екеуің енді көкемді тірілтулерің керек. Өлген адам тірілмейді. Бірақ 
ұрпағы жақсы болса, әкесінің жақсы ісін жалғастырса, атын шығарса
тірілген деген сол. Түсіндің бе көкемнің баласы?» 
Иә, балам, ұстаз деп сондай адамды айтса болады. Жарықтық Ергембай 
көкем өле-өлгенше мені жақсы көріп кетті. Мен де туған ағамдай қадірлеп 
сыйладым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет