Гүлтас сайынқызы


Тамшы сөз: Ата-анаң – үлкен дос. Сондықтан оларға ашық бол



Pdf көрінісі
бет11/47
Дата18.11.2022
өлшемі0.73 Mb.
#465205
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47
Әке рухымен диалог. 19.02.13.

Тамшы сөз: Ата-анаң – үлкен дос. Сондықтан оларға ашық бол
ойыңмен, армандарыңмен бөліс.
 
Құдай қосқан қосағыңды сыйла, қадірле. 
13 маусым күні (2012) Ақсайдағы өз үйіңде сенің өкпеңе жалғанған 
түтікше түсіп қалып, есіміз шықты. Дидар сен алдында жатқан ауруханадағы 
орыс жігіт дәрігерге телефон шалды. Олар жедел жәрдем шақырыңдар деді. 
Жедел жәрдеммен Алматының №7 аурауханасына апарды. Сол аурухананы 
жақсы көрмеуші едім. 2006 жылы шешемді машина қағып, аяғы бес жерден, 
қолы екі жерден сынғанда да жедел жәрдем №7-ауруханаға апарған болатын. 
Ол кезде де дәрігерлер қиналып жатқан анамызға қарамай, дәлізде каталогта 
жатқызып қойған болатын. Қолдары тимей жатқан сыңай білдіреді. 
Шыдамай есіктерін итеріп ашып барсам, дәрігерлер бос әңгіме соғып 
қарқылдап күліп отыр екен. «Анашым қансырап жатыр ғой, аяғының сүйегі 
мәсіден сыртқа шығып тұр. Қандай дәрігерсіздер?» дедім. Олай еткенше, 
келе салып қалталарына ақша салсақ жүгіреді екен. Ербол барып сөйлесіп, 
солай еткен екен бәрі де жылдам бола бастады. Сені апарғанда да солай етті. 
Қабылдау бөлімінде отырған қазақтың жігіттері мен қыздары әрең 
қимылдайды, орындыққа желімделіп қалғандай, орындарынан тұрмайды. 
Света қызың біреулер арқылы бас дәрігерге телефон шалып, ол бөлімнің 
меңгерушісіне телефон шалып ... Не керек шығып қалған түтігіңді бір әйел 
дәрігер екі практикант қызды ертіп барып салды. Бірақ ол да дұрыс салмады. 
Саған қарайтын дәрігер бір түрік азаматы екен... Алла сақтасын, дәл сол 
уақыт дәрігерлердің күнінің қарсаңы болды да, тойлаудан уақыттары 
болмады, ақыры жалынып, сыйлықтарды жасап жатып, түтікті дұрыстап 
қайта қойғыздық та, бұл жерден тірідей құтылайық деп қаштық. 
Дәрігерлердің бәрі ондай деуден аулақпын, бірақ бір құмалақ бір қарын 
майды шірітедінің кері болды. Ауруханада 14 маусым күні болытын, сен 
мені шошыттың. «Қызым, аналардың бәрі мұнда неғып жүр?» дедің. «Олар 
кімдер, апам да жүр ме?» деп едім, сен басыңды изедің.
Мен Қадиша апайға телефон шалдым. «Ауруханадамыз, жағдайы ауыр, 
келемін десең кел» дедім. Ол кешке қарай келді. «Ал, сөйлесіп алыңдар» деп 


17 
сыртқа шықтым. Қайта кіргенде сен: «мұнда қалай түскенімді білмеймін» 
дедің. Қадиша апайым: «Гүлтасым келеді, ол келсе бәрі жақсы болады деп 
едің ғой. Енді жақсы боласың» деді. Сен: «Қызым келмесе, қайтып жатар 
едім? Өткенде де қызым келіп жатқызды ғой» деп мені еркелеттің. Сол кезде 
Ербол мен Саят келді. Мен ол екеуін дәлізге шығарып жібердім. Қадиша 
апайым екеуің қоштастыңдар. Қоштасқанда мәңгілікке емес, сен жай 
қоштастың. Себебі сен жазыламын, әлі тұрып кетемін деп жаттың. Ал 
Қадиша апайым қатты жылады. Оның жүрегі сезді, білді.
Неде болса, өзімнің осы әрекетіме кейін қуандым. Екеуің бір-бірлеріңді 
көріп, қоштастыңдар.
Менің оқырманым бұл Қадиша дегені кім деп отырған шығар. Айта 
кетейін. Ал кейбір апайларым, құрбыларым менің әректімді қош көрмейтінін 
де білем. Бірақ бұл – тағдыр, бұл – шындық , бұл өмір ғой ... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет