Гүлтас сайынқызы



Pdf көрінісі
бет7/47
Дата18.11.2022
өлшемі0.73 Mb.
#465205
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47
Әке рухымен диалог. 19.02.13.

 
Қамшы сөз. Келешекте елге ие болатын жастарда жастыққа тән 
жігер, қайрат, ақыл, сезім болуға тиіс. 
Әке, сенің көзің жұмылған соң, сен жақсы көретін көршің Қайрат бар 
еді ғой, сол жігіт тез арада молданы алып келді. Ол кісі соншама бір 
парасатты жан екен. Сенің иман суыңды беріп, қасына Ербол мен Мұханды 
(екі балаңды) алып жуындырып, орныңды дайындап жатқызып қойды. Одан 
кейін не істейтінімізді айтты. Жер таңдауға да көмектесті. Алла ол кісінің сол 
істерін сауапқа жазсын. Ербол көрші Қайратпен бірге барып, үйге жап-
жақын Ақсай аулынан сенің мәңгілік орныңды таңдапты. Теп-тегіс, жақсы 
жер екен. Біратыла өзіңнің қосағың анамызға да қасыңнан жер алып 
қойыпты. Ол өте дұрыс болды. Көңілге де жақсы екен.
Сені күндердің қасиеттісі бай дүйсенбі күні 18 маусымда Жер Анаңның 
құшағына тапсырдық. Жаназаңа кісі көп жиналды. Алдыңғы түнде селдетіп 
жауған жауын дүние кірін жуып тазартып, дала еркін тыныстап тұрды. 
Жаназаңды шығарып, үйден, біздерден бөліп әкетіп бара жатқанда Аспанға 
қарадым, жылап тұрып, Алладан сені алдыңнан қорқытпауын тіледім, 
сұрағыңның жеңіл болғанын тіледім, тіршіліктегі біліп, білмей істеген 
қателіктерің үшін кешірім сұрадым. Апама, Сырымға, Сәлік ағама сәлем айт 
дедім. Жаным әкетайым-ау, сенімен бірге алып Жер аударылып бара 
жатқандай болды. Сөйтсем көзім қарауытып, басым айналып барады екен. 
Шәмша әпкем келіп құшақтап, сүйеді.
Күн дүйсенбі жұмыс күні болғандықтан біраз кісілер жұмыстарына 
қайтып кетті. Асқа 400-ге жуық адам қатысты.
Ас үстінде адамдар сенің кереметтей қасиеттеріңді айтып жатты. 
Ауылдағы достарыңнан көп ешкім де қалмады ғой. Алматыдағы достарың 
өте жақсы сөйледі. Бір досың бар екен. Өзі әнші, зейнеткер. Сол кісі 
ақжарылып сөйледі. «Сәкеңдей адам жүз жылда, мың жылда бір-ақ рет 
туылады. Ондай жүрегі таза адам өте сирек» деді. Достарың жақсы екен, 
әкетайым. Сен өзің де ол кісілер туралы ылғи жақсы айтушы едің ғой. Бір 
өкініш сол достарыңды жақсы күндерде бір қонақ ете алмағаныма жүрегім 
ауырды. Таугүлдегі үлкен үйге шақырсаң ғой, оларды тамаша етіп күтсек, 
Ербол шашлык пісірсе, жаным әкетайым, сен қандай мәз болып қуанар едің...
Әке, ойлап отырсам, сен қаншама адамға жақсылық жасапсың. Өзің 
араласатын адамдар арқылы жас жігіттерге, тіпті біздің достарымызға 
жақсылық жасап, жұмысқа орналастырып жүрдің. Алыстап бара жатқан 
туыстардың да балаларын бауырға тартып, ауылға көшіріп алып келіп, 
ауылдың басшыларына оларды тапсырып жүретін едің. Алла енді сол 
жасаған ізгі амалдарыңды сауапқа жазып, таразының оң жағын басым етсін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет