Гүлтас сайынқызы


Тамшы сөз: Әкең мен анаң үшін, солардың қуанғаны үшін ғана жақсы



Pdf көрінісі
бет9/47
Дата18.11.2022
өлшемі0.73 Mb.
#465205
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47
Әке рухымен диалог. 19.02.13.

Тамшы сөз: Әкең мен анаң үшін, солардың қуанғаны үшін ғана жақсы, 
ізгі әрекеттерді жасауға болады. 
Жүрек ет екен, уайымнан, қимастықтан ол ауырады екен. 4 маусым (2012 
жыл) күні дүйсенбі болатын, жұмыста өзімнің бөлмемде жүрегім қысып, ауа 
жетпегендей болды. Сені ауруханадан шығарды, бір айдай болдың. 
Дәрігеріңмен сөйлесіп едім. «Енді одан көп жатқыза алмаймыз. Операция 
жасамаған соң, көп ұстамаймыз. Қайта бұл кісіні ұзақ ұстадық» деп, 
жағдайды түсіндірді. Қатты уайымдап кеттім білем, жүрегім қысылды. 
Сонымен не керек, өзім ауруханадан бірақ шықтым. Бара салып операцияға 
дайындап, қан тамыр арқылы «стентирования» (шағын операция) жасады. 
Бір тәуліктей жан сақтау бөлімінде жаттым. 8 маусым күні ауруханадан 
шықтым. Жұмысыма келіп, оқытушыларға тапсырмаларымды беріп, еңбек 
демалысына шықтым. 9 маусым менің туған күнім болатын. Студенттерім, 
мұғалімдер құттықтады. Үйге туыстар келді. Енді ертең таңғы самолетпен 
ұшамын деп ойлап отырғанмын. Алматыдан анам телефон шалып, туған 
күніммен құттықтады. «Мен ертең барамын» деп едім: «әкең сені қатты күтіп 
жатыр. Қазір телефонды өзіне беремін, сен ертең емес, бүгін келемін деп 
айт» деді. Анамның ол сөзін естіген соң, мен сол күні түнгі 11-де ұшып 
бардым. Жаным әкем, сен қатты қуандың. Мені туған күніммен құттықтап, 
маңдайымнан сүйдің. Мен Елбасымен бірге түскен суретті үлкейтіп алып 
барған болатынмын. Суретке қарап, бас бармағыңды көрсетіп: «молодец» 
дедің. «Кезінде сені Алматыға оқуға апарымын деп жатқанда көрші 
ағайларым күйеуге кетіп қалатын қызды несін оқытып, шығындаласың» деп 
еді. Сонда мен оларды тыңдамай, төрт қызымды да оқытып едім. Бәрі – 
оқығанның арқасы. Бізді Алматыға көшіріп алғаның да, осындай жағдайда 
жүргеніміз де бәрі, қызым, оқығанның арқасы. Көрдің бе?– деп, көзіңді 
жұмып жымидың. Өзім оқымадым, бірақ қыздарым оқысын деп ойладым. 
Шешең екеуміз мал да бақтық, қиындықты да көрдік. Бірақ қазір ауылдағы 
ағайындардан жағдайымыз жақсы. Сендердің арқаларыңда елдегі той-
томалақтан қалмаймыз. Қайда барғымыз келсе, сонда барамыз. Астана, 
Шымкент, Таразды аралап жүрміз. Бармасаң-келмесең жат боласың, 
алмасаң-бермесең – сарт боласың деген рас қой. Құдайға шүкір жат та болған 
жоқпыз, сарт та болған жоқпыз.
Алтын әкешім, Алладан тілегім: әкеме ажалды дәл осы жолы бере 
көрмеші, тым болмаса, үш жыл берші деймін. Бір емші, бұрын өзің көрінген 


14 
«Жыланды қайнатып берсе, жазылады» деп, Ұлан балаңа айтыпты. Сол кісіге 
барып, дәрілер сонан соң жыланнның еті мен сорпасын ыстықтай алып келіп 
ішкіздік. Әшейінде жиіркеншек мен, жыланның сорпасын өзім ішіп 
көрсетемін де, саған ішкіземін. Жиiркену деген ойыма да келмейді, әйтеуір 
сен ішсең екен, жазылып кетсең екен деп ойлаймын.
Амал бар ма, амалын тапты да, Алла өзі алып кетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет