Гүлтас сайынқызы


Қамшы сөз: Тірілер тірілермен тістесерсің, бірақ әруақтарға



Pdf көрінісі
бет25/47
Дата18.11.2022
өлшемі0.73 Mb.
#465205
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47
Әке рухымен диалог. 19.02.13.

Қамшы сөз: Тірілер тірілермен тістесерсің, бірақ әруақтарға 
тістеріңді батырамын деп әуре болмаңдар. Ұрпақтарыңды ойлаңдар... 
 
Елігі едім елімнің алыс кеткен Алтайға 
Айналайын ағайын,
Елігі едім елімнің алыс кеткен Алтайға, 
Жүрегімде мұң барын жақындарым байқай ма? 
«
Туған жерім гүлденсе, туған елім түрленсе, 
айбарлы болса ағалар, кемеңгер болса аналар, 
бауырларым саналы болса екен деп сарабдал, 
бабам басын көтерсе, әділіне ел сенсе», 
деген арман-тілекті Жаратқанға жолдап ем ... 
Қабыл болды тілегім. 
Ел екен – Елім, Ер екен– Ерім,
Алғыс жаусын сендерге! 
Батырбек датқа – қасиетті баба, кемелді, 
Рухы асқақтап, рахымға білем кенелді. 
Арманы болған Тәуелсіз Елдің Көк Туы, 
Желбіреп көкте ұрпағын әркез жебеді.


41 
*** 
 
Аттас атаң Батырбек иесін көп күтіпті 
(
Батырбек Құлекеевке) 
Таңдар да атар, күндер де батар 
жолымен әрі жөнімен, 
Жақсы мен жасық тұра алмас қатар,
сөз де арналмас көңілден. 
Тамыры терең, тарихы өлең 
ғажайып осы өлкенің 
Тағдырына қолтаңба салған, 
Азамат Әкім болдың сен. 
Табиғатыңа тартқан, Батырбек аға, 
жүрегің сенің жылы екен, 
Шуақ тарап жүрген жеріңде
іздерің нұр боп тұр екен. 
Таймағың аға, қалпыңнан, осы салтыңнан 
Қазаққа керек дәл қазір сенің
бодан болмайтын өр тұлғаң! 
Аттас атаң Батырбек иесін көп күтіпті, 
Талай мәрте қыс пен жаз ол өлкеден өтіпті. 
Дұшпан жапқан жаланың ақ, қарасын білмеген 
Бір атаның баласы ағайындықтан кетіпті. 
...................................................................... 
Тарих шындығы ашылды да, айтылды, 
Пікірлер айтты абыз ғалымдар сан түрлі. 
Бейіті бар, белгісі бар, аты бар датқа аулына 
Батырбек атын бермеген – 
елдігімізге сын болып тұр бір түрлі. 
Құлеке тегі Батырбек, Алладан жетсін Сізге нұр, 
Аруақты сыйлаған – биікке самғар, біл де, тұр. 
Жуалының жайлауы, Мыңбұлақтың самалы 
Батырлардың айбары болсын сізге қалқан – Пір! 
Әке, бұл тілек, алғыстың ішінде Сенің де тілегің бар, алтын анамның да 
аппақ батасы бар. Сенің төрт күйеубалаң: Тезекбай, Ербол, Сәбит, Мұқан 
мен төрт қызыңның қосқан үлесі бар. Батырбек бабамызға аудан 
орталығындағы мейрамханада үлкен ас берілді. Елден, ағайыннан 
айналайын, қауғадай жапырылып, дастарқандарын мол етіп, берекелді етіп 
жайып, аяқтарынан тік тұрып қызмет жасады. Келіндерімізді де Құдай 


42 
адалынан беріпті. Абай ағамның келіншегі Күләш жеңешемнен бастап
ауылдың келіндері түгел сонда болды. Аллаға тәубә дедім. Сайып ағам 
басқарып жүрді, алыс-жақыннан келген ақсақалдардың иығына шапан 
жапты. Біз де сенің балаларың мен, Сәбит, Шарбала үшеуміз де сенің бұл 
тойға келе алмай қалған себебіңді айтып (Сәке, асықпайтын керек еді) 
облыстың әкіміне, ауданның әкіміне, Шымкенттен келген үлкен жазушы 
ағамыз Еркінбек Тұрысов ағаға, облыс маслихатның төрағасына, Батырбек 
датқаның кесенесі мен ескерткішін орнатуда еңбегі ерен ағамыз Жарас ағаға, 
қамқор ағамыз Еркінбек Солтыбаевқа, менен сүйінші сұраған Жуалы 
аудандық газетінің бас редакторы Мейірбек Мәтеновке кереметтей хан 
шапандар жаптық. Астанаға келген соң сондай жақсы шапанды сенатор Әділ 
Ахметовтың иығына жаптым. Ол кісі де Батырбек датқа туралы мақала 
жазған болатын. Әке, енді бір адам қалды. Ол кісінің еңбегі өте зор. Ол – 
үлкен ғалым, мемлекеттік сыйлықтың иегері Мекемтас Мырзахметов аға. Ол 
кісіге де сый-сияпатты арнайы алып барып едім, бірақ аға ауырып қалып
тойға келе алмады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет