«гнпф» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ


«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ



бет2/7
Дата23.02.2016
өлшемі0.78 Mb.
#4488
1   2   3   4   5   6   7

«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ

2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін

қаржылық есеп беруге ескертпе


  1. Бизнес ұйымдастыру


(а) Негізгі қызмет
«ГНПФ» Жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Қор») Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 қыркүйектегі № 1372 қаулысына сәйкес 1997 жылғы 17 желтоқсанда «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» ЖАҚ болып құрылды. Қор 1997 жылы дербес зейнетақы жинақ ақшасы жүйесіне өтуге бағытталған зейнетақы реформасын жүргізуге байланысты құрылды. Қор 1999 жылы тамызда лицензия алғанға дейін зейнетақы активерін басқару Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен (бұдан әрі – «ҚРҰБ») орындалды, содан кейін барып зейнетақы активтерін басқару жауапкершілігі Қорға өтті. Қор 2005 жылы 1 ақпанда «ГНПФ» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ атауымен қайта тіркелді.

Қор Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – «Агенттік») 2005 жылғы 10 наурызда берген №0000006 мемлекеттік лицензиясы негізінде зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі өз қызметтерін жүзеге асырады.


Қор зейнетақы активтерін инвестициялық басқаратын ұйымдардың және жарнаның белгіленген мөлшерімен зейнетақы тәсімдері бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтерін бір уақытта орындайды (бұдан әрі – «Тәсім»).
Қордың негізгі қызметі зейнетақы жинақ ақшаларын мемлекеттік бағалы қағаздарға, корпоративтік бағалы қағаздарға, халықаралық қаржы ұйымдары анықтаған банктік депозиттер мен бағалы қағаздарға инвестициялау. Қор Тәсімді басқаруды жүзеге асырады және зейнет жасына жеткен кезде, қайтыс болған жағдайда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де талаптар болған жағдайда зейнетақы төлемдерін жүргізеді.
2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қор 245,528,103 мың теңге мөлшердегі (2007 жылы: 204,954,982 мың теңге) 3,352,343 салымшының (2007 жылы: 3,382,920) зейнетақы активтерін басқарады. Агенттік жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтерін мемлекетік реттеу үшін жауапкершілік алады. 2008 және 2007 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Тәсімнің зейнетақы активтері ҚРҰБ сақтауында жатыр.
Қор зейнетақы активтерін басқару нәтижесінде алынған таза инвестициялық кіріс сомасының 15 пайызыннан аспайтын және басқарудағы (4 Ескертпе) зейнетақы активтерінің жалпы сомасынан 0,05 пайыз мөлшерде зейнетақы активтерін басқару бойынша комиссиялық сыйақы алуға құқығы бар.
Қордың заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ-сы, Әуезов к-сі, 82, 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қордың Қазақстан Республикасында операциялық қызметтерін жүзеге асыратын 18 филиалы бар (2007 жылы: 18).
2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қор қызметкерлерінің орташа саны 430 және 2007 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 362 адамды құрады.


«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ

2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін

қаржылық есеп беруге ескертпе
1 Бизнес ұйымдастыру, жалғасы
(б) Акционерлер
2008 және 2007 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қордың акционерлері.





Қатысу үлесі

Атауы

2008 жыл

2007 жыл

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

71,86

57,61

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі жанындағы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті

21,51

32,40


Еуропаның Қайта Құру және Даму Банкі

6,63

9,99




100,00

100,00



(в) Қазақстандағы экономикалық жағдай
Қазақстан соңғы жылдары саяси және экономикалық тұрақсыздықты бастан өткізді, ол Қазақстандағы кәсіпорындардың қызметтеріне анағұрлық ықпал етуді жалғастыруы мүмкін. Осының салдарынан Қазақстандағы қаржы-шаруашылық қызметтерді жүзеге асыру тәуекелдермен байланысты, ол нарықтық экомикада өмір сүріп жатқан ел үшін әдеттегі жағдаят емес. Беріліп отырған қаржылық есеп беру Қор қызметтерінің және қаржылық жағдайының нәтижесінде қаржы-шаруашылық қызметтерді жүзеге асыру жағдайын Қор басшылығының бағалауын қамтиды. Қаржы-шаруашылық қызметтерді жүзеге асыру жағдайын дамыту басшылықтың бағалауынан ажыратылуы мүмкін.
2. Қаржылық есептілікті берудің негіздері
а) Бухгалтерлік есеп қағидаттарының сәйкестігі
Осы қаржылық есеп беру қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес әзірленді.

б) Негізгі ұсыныс

Бұл қаржылық есептілік нарықтық бағамдарға сүйеніп әділ құны бойынша бейнеленген, сатуға арналған қолда бар активтерді қоспағанда, бастапқы құны бойынша есепке алу қағидаттарына сәйкес дайындалған.


в) Бернелік валюта және есептілік беру валютасы
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы болып қазақстан теңгесі (бұдан әрі – «теңге») табылады. Қордың басшылығы теңгені бернелік валюта ретінде анықтады, өйткені теңге Қордың экономикалық оқиғалары мен операцияларының мәнін бейнелейді. Теңге сонымен қатар осы қаржылық есептілікті ұсыну мақсаты үшін пайдаланылатын есептілік валютасы болып табылады.

Теңгеде ұсынылған барлық қаржылық ақпарат жақын мыңдыққа дөңгелектелген.




«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ

2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есеп беруге ескертпе
2. Қаржылық есептілікті беру негіздері, жалғасы
г) Бағамдарды пайдалану және байымдау

Басшылық осы қаржылық есептілікті дайындаукезде Қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына сәйкес активтер мен міндеттемелердің есептілігін белгілеу және шартты активтер мен міндеттемелерді ашуға қатысты бірқатар бағамдар мен болжамдар жасады. Нақты алынған нәтижелер көрсетілген бағамдардар өзгеше болуы мүмкін.


Болжамдар және олардың негізінде жасалған есептік бағалаулар өзгеру қажеттіліне қарай тұрақты талданады. Есептік бағалаулардағы өзгерту қайта қаралған осы есептік кезеңде және көрсетілген өзгертулермен қозғалған барлық кезеңде танылады.

3. Есеп саясатының негізгі қағидаттары

Осы қаржылық есептілікті дайындау кезінде есеп саясатының төмендегідей негізгі қағидаттары қолданылды. Осы қағидат дәйектілікпен жаңарды.


(а) Ақшалай қаражат және оның баламалары

Ақшалай қаражат және оның баламаларына кассадағы қаражат пен банктік шоттағы қаражат болып табылады.


б) Қаржы құралдары
(і) Сыныптама

Сатуға арналған қолда бар қаржылық активтер сатуға арналған қолда бар құралдар санатында анықталатын қаржылық активтерден немесе кредиттер мен берешектер, өтеу мерзімене дейін ұсталатын инвестиция, әділ құны бойынша бағаланатын қаржылық құралдардан тұрады, олардың өзгеруі кезең ішіндегі пайда мен шығындар құрамда қамтылады.

Өтеу мерзіміне дейін ұсталатын инвестиция – беркітілген немесе анықталған төлемдері және беркітілген өтеу мерзімі бар туынды емес қаржы активтері, оларға Қор берік ниетті және төмендегі активтерден басқаларын өтеу мерзімі жеткенге дейін иелене алады:

  • Қор сатуға арналған қолда бар санатта анықтайды; немесе

  • кредит пен дебиторлық берешек анықтамасына енгізілген.


Кредиттер мен дебиторлық берешек белсенді рынокта бағаланбайтын, беркітілген немесе анықталған төлемдері бар туынды емес қаржы активтерінен тұрады, оларды:


  • Қор тез арада немесе жақын болашақтау сатуды көздейді;

  • бастапқы танылу сәтінде Қор сатуға арналған қолда бар санатта анықтайды; немесе

  • ол бойынша Қор активтің құнсыздануынан болған себептер бойынша барлық бастапқы жүзеге асырылған инвестицияларды өтей алмайды.



«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ

2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есеп беруге ескертпе
3. Есеп саясатының негізгі қағидаттары, жалғасы

б) Қаржы құралдары, жалғасы
(і) Сыныптама, жалғасы
Басшылық тиісті сыныптауды анықтайды, онда бастапқы мойындалу сәтіндегі қаржылық құралдар жатқызылуы тиіс. Бері келе өтеуге дейін ұсталатын инвестиция және сатуға арналған қолда бар активтер қайталама сыныптау сәтінде басымдықты талаптар негізінде бағаланады.
іі) Мойындау

Қаржы активтері және міндеттемелер Қор сол қаржы құралы туралы шарт бойынша көрсетілген қаржы құралдардың бірі болып саналған сәттегі бухгалтерлік баланаста мойындалады. Барлық қаржы активтерінің сатып алынымы төлем күніндегі қаржылық есеп беруде мойындалады.


ііі) Бағам

Қаржылық активтер және міндеттемелер оларды сатып алу немесе шығаруға тікелей қатысты мәмілелер жөніндегі шығындармен әділ құны бойынша бағаланады.

Бастапқы мойындалудан кейін қаржы активтері, оның ішінде активтер болып табылатын туынды қаржы құралдар мәмілелер бойынша қандай да бір шығындарды шегерусіз олардың әділ құны бойынша бағаланады. Төмендегі қаржы активтері есепке кірмейді:


  • тиімді пайыздық сыйақы әдісін пайдаланып, амортизациялық құны бойынша бағаланатын қарыздар мен дебиторлық берешектер;

  • тиімді пайыздық сыйақы әдісін пайдаланып, амортизациялық құны бойынша бағаланатын, өтелгенге дейін ұсталынып қалатын инвестиция;

  • белсенді рынокта бағаланатын рыноктық бағасы жоқ және құны сенімді бағаланбайтын, өзіндік құны бойынша бағаланатын үлестік құралдарға инвестициялар.

Егер жалпы қол жетімді нарықтық мәліметтерге негізделген баға бастапқы мойындалу сомасына қатынасы бойынша активтер немесе міндеттемелердің әділ құнынің ұлғайуы немесе төмендеуі туралы куәландырса, осындай ұлғаю немесе төмендеуден болған пайда немесе шығындар пайда мен шығындар туралы есепте танылады. Бастапқы пайдалар немесе бастапқы шығындар мөлшері жалпы қол жетімді нарықтық мәліметтерді ғана пайдаланбай бағаланса, онда осындай пайда немесе шығындар мөлшері болашақ кезеңнің кірістері немесе шығыстары құрамында танылады және актив немесе міндеттемелердің барлық әрекет ету мерзімі бойына таңдалған әдіске сәйкес амортизаланады немесе жалпы қол жетімді нарықтық мәліметтер пайда болу сәтенде немесе осы активтер немесе міндеттемелер шығу сәтінде танылады.



«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ

2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есеп беруге ескертпе
3. Есеп саясатының негізгі қағидаттары, жалғасы

б) Қаржы құралдары, жалғасы
іv) Әділ құны бойынша бағалау қағидаттары
Қаржылық құралдардың әділ құны мәмілелер бойынша қандай-да залалдарды шегерместен, есеп беретін күнгі жай-күй бойынша олардың бағаланатын рыноктық бағалары негізінде анықталады. Қаржы құралдарының бағаланатын рыноктық бағалары болмаған жағдайда, ағымдағы құн Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын қадағалау және реттеу агенттігімен әзірленген және 2005 жылғы 26 наурыздағы қаулысымен бекітілген, 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша өзгертулерімен, «Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қоржынындағы қаржы құралдарын бағалау ережесіне» сәйкес анықталады.
2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша сатуға арналған қолда бар барлық активтер олардың бағаланатын нарықтық құны бойынша бағаланды.
v) Кейінгі мойындалу кезінде туындайтын пайдалар мен шығындар

Қаржы активтінің немесе міндеттемелерінің әділ құнын өзгерту кезінде туындайтын пайдалар мен шығындар төмендегідей сипатта танылады:



  • сатуға арналған қолда бар қаржы активтері бойынша пайда мен шығындар, пайда мен шығындар туралы есептің тиісті бабындағы капитал құрамында бұрын қамтылған жинақталған пайда мен шығындарды бір уақытта әкелуімен, активтерді мойындауды тоқтату сәтіне дейінгі капиталдың өгерулері туралы есептегі капитал құрамында қамтылады (құнсызданудан болған шығындарды және шет ел валюталарымен болған операциялардан пайдалар мен шығындарды қоспағанда, олар пайдалар мен шығындар туралы есепте танылады). Сатуға арналған қолда бар қаржы активтері бойынша пайыздар пайда мен шығындар туралы есепте пайда болу сәтінде қамтылады және тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып есептеледі.

Амортизациялық құны бойынша есептелінетін қаржылық активтер мен міндеттемелер бойынша пайда мен шығындар қаржылық активтер мен міндеттемелердің танылуы немесе құнсыздануы тоқтаған жағдайда, сондай-ақ тиісті амортизацияны есептеу барысында пайда мен шығындар туралы есепте қамтылады.
(vi) Танылудың тоқтатылуы

Қаржы активтерін тану қаржы активтері бойынша ақшалай қаража алу талаптары тоқталынған кезде, немесе Қор қаржы активтерінің меншік құқығымен байланысты тәуекелдер мен пайдаларды аударған кезде тоқтатылады. Осындай табыстау кезінде туындайтын немесе сақталатын кез-келген құқықтар мен міндеттемелер бөлек актив немесе міндеттеме ретінде танылады. Қаржы міндеттемелерін тану олар орындалған жағдайда тоқтатылады.

Сондай-ақ Қор өтеуге үмітсіз деп танылған активтерге қатысты қалдықтарды есептен шығару жағдайында акивтерді тануды тоқтатады.
vii) РЕПО және «кері» РЕПО келісімі

Сату және кері сатып алу («РЕПО») жөніндегі мәмілелер бойынша сатылған бағалы қағаздар қамтамасыз етілген қаржы операциялары ретінде есепке алынады және РЕПО келісімі бойынша қамтамасыз етумен бой көтеретін бағалы қағаздар ретінде бухгалтерлік баланста сыныпталады.



«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ

2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есеп беруге ескертпе
3. Есеп саясатының негізгі қағидаттары, жалғасы

б) Қаржы құралдары, жалғасы
(vii) РЕПО және «кері» РЕПО келісімі, жалғасы
Сату бағасы мен кері сатып алу бағасының арасындағы айырмашылық пайыздық шығынды білдіреді және тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, «РЕПО» мәмілелерінің әрекет ету кезеңі ішінде пайда мен шығындар туралы есепте танылады.
«Кері РЕПО» келісімі бойынша алынған бағалы қағаздар «Кері РЕПО» мәмілелері бойынша дебиторлық берешек ретінде мазмұндалады. Сату бағасы мен кері сатып алу бағасының арасындағы айырмашылық пайыздық кірісті білдіреді және сыйақының тиімді мөлшерлемесі әдісінің негізінде осындай келісімдер іс-әрекет ететін кезең ішінде есептеледі.
Егер кері сату міндеттемесімен сатып алу шарты бойынша сатып алынған активтер үшінші тұлғаға сатылса, міндеттемелер қайтарылып, бағалы қағаздар сату үшін арналған міндеттеме секілді мазмұндалады және әділ құны бойынша бағаланады.
(viiі) Активтерді және міндеттемелерді өзара есепке алу

Қаржылық активтер және міндеттемелер өзара есепке алынады және егер бұл үшін заңды негіз болатын болса және тараптардың ниеті өзара есептеу жолымен берешектерді реттеу, немесе активті іске асыру және міндеттемелерді бір уақытта орындау болатын болса бүктеулі түрде баланста бейнеленеді.


в) Негізгі қаражаттар
(і) Меншікті активтер

Негізгі қаражат объектілері жинақталған амортизация мен құнсызданудан болған шығындарды шегере отырып, нақты шығындар бойынша қамтылады.

Егер негізгі қаражат объектілері пайдалы қызметтің түрлі мерзімі бар бірнеше компоненттерден тұрса, мұндай компоненттер негізгі қаражаттың жекелеген объектілері секілді есептеледі.
(іі) Амортизация

Негізгі қаражаттар бойынша амортизация олардың пайдалы қызмет мерзімі ішінде тозуды тең есептеу әдісі негізінде есептеледі және пайда мен шығындар туралы есепте бейнеленеді. Тозу активтердің пайдалуға дайын болған күнінен бастап немесе активтерді жасап аяқтау және оны пайдалануға дайын болған сәттен бастап есептеледі. Түрлі негізгі қаражат объектілерінің пайдалы қызмет ету мерзімі төменде келтірілген:



Компьютерлік жабдықтар

3-5 жыл

Кеңсе жабдықтары

7 жыл

Көлік жабдықтары

5-7 жыл


(г) Материалдық емес активтер
Қор сатып алған материалдық емес активтер жинақталған амортизация сомаларын және құнсызданудан болған шығындарды шегеруімен нақты құн бойынша бейнеленеді.

«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ

2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есеп беруге ескертпе

3. Есеп саясатының негізгі қағидаттары, жалғасы
(г) Материалдық емес активтер, жалғасы
Арнайы бағдарламалық қамсыздандыруға арналған лицензияны сатып алуға және оны ендіруге кеткен шығындар тиісті материалдық емес активтердің құнына капиталдандырылады.
Материалдық емес активтер бойынша амортизация олардың пайдалы қызмет мерзімі ішінде тозуды тең есептеу әдісі негізінде есептеледі және пайда мен шығындар туралы есепте бейнеленеді. Амортизация оларды пайдалы қызмет етудың болжанған мерзімі ішінде активтерді сатып алған күннен кейінгі айдың бірінші күнінен бастап есептеледі. Материалдық емес активтердің болжанған пайдалы қызмет ету мерзімі – 1 жылдан 3 жылға дейін.


(д) Құнсыздану
(і) Қаржылық активтер
Әрбір есептік күндегі жағдай бойынша қаржылық активтер мүмкіндікті құнсызданудың объективті куәлігінің болу мәніне бағаланады. Бір немесе бірнеше оқиға салдарынан активтерден күтілетін болашақ ақшалай қаражат ағымар мөлшеріне жағымсыз ықпал етудің объективті куәсі болған болса, қаржылық акивтер құнсызданған болып саналады.

Амортизациялық құны бойынша есепке алынатын қаржы активтері, құнсызданудан болған шығын сомалары активтердің баланстық құны мен пайыздың бастапқы тиімді мөлшерлемесі бойынша дисконтталған болашақ күтілетін ақшалай қаражат ағымдарының құнының арасындағы айырма ретінде есептеледі. Сатуға арналған қолда бар қаржы активтер, құнсызданудан болған шығындар осы активтердің әділ құны негізінде есептеледі.

Әрбір қаржылық активтік мөлшері айтарлықтай болып саналады, жеке жеке құнсыздану мәніне тексеріледі. Қалған қаржылық активтер кредиттік тәуекелдің ұқсас характеристикасы бар активтер тобы құрамында тексеріледі

Құнсыздануынан болған барлық залал кезең ішіндегі пайда мен шығындар туралы есепте танылады. Сатуға арналған қолда бар қаржы активтерінің құнсыздануынан жинақталған шығынның барлық сомасы пайда мен шығындар есепке тасымалданады.



«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ

2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есеп беруге ескертпе
3. Есеп саясатының негізгі қағидаттары, жалғасы

(д) Құнсыздану, жалғасы
(іі) Қаржылық емес активтер
Мерзімі ұзартылған салықтардан басқа қаржылық емес активтер әрбір есепті датаға құнсыздану себептерінің болу мәніне бағаланады. Қаржылық емес активтердің өтелетін құны сату шығындары мен пайдалану құнының шығынын шегергендегі әділ құнының ең жоғарғысы ретінде анықталады. Пайдалану құнын бағалау кезінде болашақ ақша ағындарыағымдағы құнға дейін активке тән ақшаның уақытша құны мен тәуекелдіктің ағымдағы нарықтық бағамын мазмұндайтын есептелген (салық төлегенге дейінгі) дисконттық мөлшерлемені пайдалану жолымен дисконтталады. Ақша ағыны басым болмайтын актив (басқа активтерден ерекше деңгейде тәуелсіз басым болатын) үшін өтелетін құн актив тиесілі басым ақша ағынының бірлігімен анықталады.

Басқа активтерге қатысты құнсызданудан болған барлық залалдар таза зейнетақы активтеріндегі есепте танылады және бағамдардағы өзгерістер өтелетін құнды анықтау үшін пайдаланылған болса ғана өзгертіледі. Құнсызданудан болған әрбір залал амортизацияны шегеріп анықталған құннан аспайтын активтік баланстық құннан аспайтын мөлшерде, егер құнсыздану залалы танылмаған болса, өзгертіледі.



(е) Акционерлік капитал
Дивиденттер
Қор Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттелетін дивиденттерді жариялайды және төлейді.
Әдеттегілік акциялар бойынша дивиденттер жариялануына қарай таратылмаған кірістерді пайдалану секілді қамтылады.
(ж) Салық салу
Табыс салығы жөніндегі шығыстар ағымдағы табыс салығы мен мерзімі ұзартылған салыққа кіреді. Табыс салығы жөніндегі шығыстар пайдалар мен шығындар туралы есепте танылады, тікелей капитал құрамында танылатын операцияларға жатқызылатын жағдайларды қоспағанда.
Ағымдағы табыс салығы салық мөлшерлемесін есептеу күніндегі жағдай бойынша қолданыстағы немесе қолданысқа ендірілген негізде есептелен жыл ішіндегі салық салынатын пайда жайындағы салық сомасынан, тиісті төлемдерден, сондай-ақ өткен жыл ішіндегі табыс салығы төлемдері бойынша міндеттемелер мөлшерінің барлық түзетулерінен тұрады.

«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ

2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есеп беруге ескертпе
3. Есеп саясатының негізгі қағидаттары, жалғасы
(ж) Салық салу, жалғасы
Мерзімі ұзартылған салық қаржылық есеп беру мен салық базасында бейнелеу мақсатында анықталатын активтер мен міндеттемелердің баланстық құны арасында туындайтын уақытша айырмашылық жайындағы баланстық әдіспен көрсетіледі. Мерзімі ұзартылған салық мөлшері салық мөлшерлемесінен анықталады, олар болашақта және есептік күндегі жағдай бойынша қолданыстағы немесе қолданысқа енгізілген заңдарға негізделген уақытша айырмашылықты қалыптастыру сәтінде қолданылатын болады. Мерзімі ұзартылған салықтық активтер мен міндеттемелер ағымдағы табыс салығы бойынша активтер мен міндеттемелердің сомасы біріне екіншісіне қарсы еспеке алуға заңды құқығы болған жағдайда өзара есепке алынады.

Мерзімі ұзартылған салықтық активтер тиісті есептелетін уақытша айырмашылықтарды іске асыруға қарсы салық салынатын пайда алудың жоғарғы мүмкіндігі бар болған жағдайда ғана танылады. Мерзімі ұзартылған салықтық активтердің мөлшері әрбір есептік күндегі жағдай бойынша жойылады және тиісті салықтық пайдаларды іске асыру ықтимал болып табылмайтын шамада төмендетіледі.



з) Сыйақы түріндегі пайдалар мен шығындарды тану
Пайыздық кірістер мен пайыздық шығыстар тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып, пайдалар мен шығындар туралы есепте қамтылады.
Басқа да комиссиялар, сондай-ақ басқа кірістер мен шығыстар тиісті қызметті беру күнінді қамтылады.
Операциялық жалдау жөніндегі төлемдер жалдаудың болжанған мерзімі ішінде тозуды теңдей есептеу әдісімен пайда мен шығындар туралы есепте танылады. Операциялық жалдау бойынша алынған сыйақы барлық жалдау кезеңі ішінде жалдау жөніндегі жиынтық шығынның құрамдас бөлігі ретінде танылады.
и) Әзірге енгізілмеген жаңа стандарттар мен интерпретациялар
2008 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша кейбір жаңа стандарттар, стандарттарға өзгертулер әлі күшіне енген жоқ, және олардың талаптары осы қаржылық есептілікті жасау кезінде ескерілген жоқ. Көрсетілген стандарттардың және түсініктемелердің мыналары Қор қызметіне әлеуетті ықпал етуі мүмкін. Қор аталған стандарттар мен түсініктемелерді олар күшіне енген сәттен бастап қабылдауды жоспарлайды. Қор бұл жаңа стандарттардың қаржы есептілігіне болжалды әсерінің қандай боларына талдау жасаған жоқ.

«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ

2008 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатын жыл үшін қаржылық есеп беруге ескертпе

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет