А. Ысқақов
морфологиялық категорияны «жеке сөздердің өзгеруі (түрленуі)
арқылы туатын жалпы грамматикалық мағыналар» деп атаса,
Н.Оралбай
морфологиялық категорияларды
«грамматикалық мағына мен грамматикалық мағынаны білдіретін
тілдік бірліктерден, көрсеткіштерден құралып, сөйлемдегі сөздерді
бір-бірімен байланыстыратын» категория ретінде түсіндіреді.
Ғалымның пайымдауынша, морфологиялық категория
– грамматикалық мағына мен оны білдіретін тілдік бірліктердің бұлжымас бірлігі.
Грамматикалық категория грамматикалық мағына жəне грамматикалық
форма ұғымдарымен тығыз байланысты.
1.Грамматикалық мағына
грамматикалық категорияның
элементі ретінде өмір сүреді,
соның құрамына кіреді.
2.Қандай да бір
грамматикалық
категория кемінде екі
түрлі формада көрінуі
шарт.
Грамматикалық категориялар біртектес грамматикалық мағыналарды
білдіретін грамматикалық формалардың жиынтығынан құралады.
Септік категориясы
Сан-мөлшер
категориясы
Жақ категориясы
Шақ категориясы
Рай категориясы
Етіс категориясы
САН
-
МӨЛШЕР
(
КӨПТІК
)
КАТЕГОРИЯСЫ
Көптік (сан-мөлшер) категориясы -
заттың мөлшерінің аз-көптігін
қамтып атайтын категория. Тілдердің
барлығына дерлік тән,жалпылама
ортақ грамматикалық
категорияларлың бірі. Грамматикалық
сан-мөлшер категориясы сөз
таптарының бірі - есімдіктерге тән
категория болып табылады.
Славян тiлдерiнде, сонын iшiнде орыс тiлiнде, грамматикалық, сан- мөлшер
категориясының қолданылу өрiсi түркi тiлдерiмен салыстырғанда,
анағұрлым кең. Мысалы, орыс тiлiнде зат есімдер ғана жекеше, көпше түрде
колданылып коймай, олармен тіркесе жұмсалатын сын есімдер де жекеше,
көпше түрде колданылады. Орыс тiлiнде сын есім мен зат есім сөздердiң
тiркесiнен құралған сөз тiркесiнiң зат есiм сыңары (анықталғыш сөз) көпше
түрде қолданылса, оның сын есім сыңары да (анықтауыш сөз) көпше түрде
жұмсалады (мысалы: высокая гора - высокие горы).
Ал түркi тiлдерiнде мұндай тіркестердiң кұрамындағы зат есiмнен болған
сыңарлар (анықталғыштар) мейлi көпше түрде, мейлі жекеше түрде
қолданылсын, бұған қарамастан, сын есімнен болган сыңарлар
(анықтауыштар) әрдайым жекеше түрде жұмсалады (мысалы: биік тау - биік
таулар).
|