бұйрық рай, қалау рай, шартты рай, ашық рай
деген
төрт түрі бар.
Етістіктің 2-жақ бұйрық рай түрі рай категориясының негізі болып саналады,
басқа райлар осы рай формасынан жасалынады.
Бұйрық рай, шартты рай
іс-
әрекеттің шартын білдіреді;
қалау райы
сөйлеушінің іс-әрекетке тілегін,
ниетін білдіреді. Ал
ашық рай
үш жақта, үш шақта айтыла береді.
ЕТІС КАТЕГОРИЯСЫ
Етіс категориясы
- етістіктерге тəн категория. Етіс категориясы қимыл,
іс-əрекеттің объектіге немесе субъектіге бағытталғандығын білдіреді,
субъектінің объектімен өз ара қарым-қатынасын айқындайды. Түркі
тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде етіс категориясының
өздік етіс
,
ырықсыз етіс
(жер жыртылды),
ортақ етіс
(хат жазысты),
өзгелік етіс
(жаздыр, білдір, күттір, сөйлет, шақырт) түрлері бар.
Етіс категориясы салт етістік және сабақты етістік деп аталатын
ұғымдармен тығыз байланысты. Етіс жұрнақтары салт етістікті
сабақты етістікке, және керісінше, сабақты етістікті салт етістікке
айналдыра алады. Мысалы: күл (салт етістік) күлдір (сабақты
етістік), жаз (сабақты етістік) - жазыл (салт етістік) және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |