жіктік жалғаулары деп атайды. Жақ категориясы етістіктерге тән
категория.
Орыс тілінде жіктелетіндер — етістіктер ғана, ал есім сөздер онда жіктелмейді.
Түркі тілдерінде де негізінен етістіктер жіктелінеді. Кейде түркі тілдерінде
баяндауыш қызметінде жұмсалғанда зат есімдер де, сын есімдер де, кейбір
есімдіктер де жіктеліне береді. Осыған байланысты жіктік жалғаулар
баяндауыштық аффикстер деп те аталынады.
ШАҚ КАТЕГОРИЯСЫ
Бұл - етістіктерге тән категория. Өйткені іс-әрекет уақытпен тығыз
байланысты. Осы шақ - сөйлеу кезімен сәйкес келетін іс-әрекетті
білдірсе, ал келер шақ - сөйлеу кезінен соң, яғни келешекте болуға тиісті
іс-әрекетті білдіреді. Мыс: кел+ді, кел+ген өткен шақ); кел+е жатыр,
кел+іп тұр (осы шақ); кел+е+ді, кел+мек (келер шақ), т.б.
Бір шақтың бірнеше түрі (формасы) болуы мүмкін. Мысалы, қазақ
тілінде оқы+ды+м, оқы+ған+мын дегендердегі -ды, -ған аффикстерінің
екеуі де өткен шақты білдіреді. Бірақ олардың мағыналары бірдей емес:
алдыңғысы - жедел өткен шақты, соңғысы бұрынғы өткен шақты
білдіреді. Ағылшын, француз, неміс тілдерінде де өткен шақтың бірнеше
түрлері бар.
РАЙ КАТЕГОРИЯСЫ
Рай категориясы
да етістіктерге тән. Ол іс-әрекеттің іске асу мүмкіндігіне
сөйлеушінің қалай қарайтындығын білдіреді. Мысалы:
оқы, оқыса, оқыса игі еді,
оқығысы келеді
деген формалар әлі іске аспаған, бірақ іске асуы мүмкін
әрекетті немесе қалау тілек, болжам мағынасындағы іс-әрекетті білдіреді. Ал
оқыдым, оқығанмын, оқимын
дегендер ақиқат іс-әрекетті білдіреді.
Тіл-тілде райдың түрлері мен саны әр басқа. Орыс тілінде райдың үш түрі
болса, қазақ тілінде
Достарыңызбен бөлісу: |