Түбір сөз
|
Туынды сөз
|
Қос сөз
|
Біріккен сөз
|
Сөз тіркесі
|
Қысқарған сөз
|
Ж ұрнақ
|
Жалғау
|
Ана
Қант
сан
|
Егін-ші
Қобыз-шы
|
Биік-биік
Ап-аласа
|
Аққу, тасбақа
|
Темір жол, қара торы
|
ҚарМУ,
ҰБТ,МАБ
|
Сөз тудырушы
|
1.Көптік
2.Септік
3.Жіктік
4.Тәуелдік
|
Біл-гіш, ас-паз
|
|
Сөз түрлендіруші
|
|
Зат есім өткеннен кейін
Зат есім күнделікті өмірде кездесетін заттардың, құбылыстардың атауы болатын лексика-семантикалық сөз таптарының бірі болып саналады. Зат есім өздерінің лексика-семантикалық сипаттарына қарай, сөйлемдегі өзге сөздермен еркін қарым-қатынасқа түсетіндіктен, сол қатынастарға аса қажетті өкптік, тәуелдік, септік және жіктік жалғауларын қабылдап, түрленіп отырады; екіншіден, зат есімдердің сөз тудыратын және форма тудыратын арнаулы жұрнақтары бар.
Зат есімнің лексика-грамматикалық сипаты:
Жалпы және жалқы зат есім;
Дерексіз (абстракті) зат есім көзге көрінбейтін, қолмен ұстауға келмейтін заттардың атауы. М: сезім, бақыт, самал т.б.
Деректі (конкретті) зат есім, керісінше, көзге көрініп, қолмен ұстауға болатын заттардың атауы. М: үстел, қол, тас т.б.
Адамзат атауы зат есімдерге кім? деген сұраққа жауап беретін заттар (дәрігер, бала, мұғалім) жатса,
Ғаламзат атауы зат есімдерге не? деген сұрақтарға жауап беретін заттар (үй, орман, жер) жатады.
Жалпы есімдер тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдарды білдіретін зат есімдер. М: ағаш, бала, көмір т.б.
Зат есімдердің құрылымы. Зат есім құрылымы жағынан дара да, күрделі де болады. жалаң зат есімдер екі салаға бөлінеді: біріншісі – түбір зат есімдер, екіншісі – туынды зат есімдер. Түбір зат есімдер деп қазіргі кезде тиісті морфемаларға (түбір және жұрнақтар) бөлшектенбейтін, тек бір ғана түбір морфема ретінде қабылданатын заттық атауларды атаймыз.(ат, адам, құс).
Туынды зат есімдер деп қазіргі кезде түбір морфемаға және қосымша морфемаға бөлшектенетін, демек, түбір сөзден жұрнақ арқылы жасалған заттық атауларды айтамыз. (атшы, адамшылық, егінші)
Күрделі зат есімдерге кемінде екі я онан да астам түбір морфемадан құралған формалар жатады.
Біріккен зат есімдер: бәйтерек, белбеу.
Қосарланған: ақыл-айла.
Тіркескен зат есімдер (тіркесу арқылы жаслады): ауыл шаруашылығы, қоғамдық еңбек. Қысқарған зат есімдер: ҚазССР, см, га т.б.
Етістікті өткеннен кейін
Етістік-грамматикалық категорияларға да, мағынаға дабай. Күрделі сөз табы. Етістіктің мағынасын, морфологиялық, синтаксистік белгілерін қаншалықты егжей-тегжейлі оқытқанмен, морфологиялық талдауда мұның бәрін қамтып, толық көрсету қиын. Дегенмен морфологиялық талдауда етістіктің грамматикалық белгілеріне мән беріп, көрсетіп отыру қажет. Ол белгілер мыналар:
Етістік
Достарыңызбен бөлісу: |