Ағылшын тілінде сын есімнің үш шырайы бар:
жай шырай: nice, difficult;
салыстырмалы шырай: nice, more difficult;
күшейтпелі шырай: (the) nicest, (the) most difficult.
Сын есімнің күшейтпелі шырайы заттың сапасын шектеп, ерекшелеп, оқшаулап тұрады. Сондықтан да онымен бірге белгілі артикль келеді.
Ағылшын тілінде сын есімнің шырайлары мынадай тәсілдер мен жасалады:
а) бір буыннан тұратын сын есімдердің салыстырмалы және кү шейтпелі шырайлары түбір сөзге «-er» (салыстырмалы шырай) және
«-est» (күшейтпелі шырай) жұрнақтары жалғану арқылы жасалады: small – smaller – smallest;
big – bigger – biggest;
ә) үш немесе одан да көп буыннан тұратын сын есімдермен more (салыстырмалы шырай) және most (күшейтпелі шырай) сөздері тіркесіп келуі арқылы шырай формалары жасалады.
important – more important – most important; comfortable – more comfortable – most comfortable;
б) екі буыннан тұратын сын есімдердің шырай формалары осы екі түрлі жолдың біреуі арқылы жасалады.
«-ful, -re» жұрнақтарына біткен сын есімнің шырай формалары
«more» (салыстырмалы шырайда), «most» (күшейтпелі шырайда) сөздерінің тіркесіп келуі арқылы жасалады:
waterful – more waterful – most waterful mature – more mature – most mature
(в) «-er, -y, -ly» жұрнақтарына бітетін сын есімдердің де шы райлары түбір сөзге салыстырмалы шырайдың «-er, -est» жұр нақтары жалғану арқылы жасалады.
purer – purer – purerest; easy – easier – easiest ; dirty – dirtier – dirtiest;
г) кейбір сапалық сын есімдердің шырай формалары түбір сөздің өзгеруі арқылы жасалады (ондай сын есімдердің салыс тырмалы, күшейтпелі шырай формаларын есте сақтау қажет).
many – more – most; much – more – most; lіttle – less – least; good – better – best; bad – worse – worst;
д) «far, old» сын есімдерінің салыстырмалы, күшейтпелі шы райларының екі түрі бар. Бұл сын есімдердің екінші түрінің ма ғынасы басқаша және сын есімнің түбірі өзгерген формада келеді. far – 1) further – fartherest (қашықтыққа және уақытқа қатысты
қолданылады).
2) farther – fartherest (тек қана қашықтықты білдіреді). old – 1) older – oldest (адамға, затқа қатысты қолданылады).
2) elder – eldest (тек адамға қатысты, яғни бір отбасында ғы туыс, ағайындыларға қатысты қолданылады).
«Further (furtherest)» және «farthest (fartherest)» алысырақ (алыстау), ең алыс деген мағынада қолданылады. Ал «further» формасы ғана «әрі қарай, арғы» деген мағынаны білдіреді. «el- dest» – бір отбасы мүшелеріне қатысты «жасы жағынан ең үлкені» деген мағынада қолданылады.
The eldest son in the family is twenty (Отбасының ең үлкен ұлы жиырмада).
«elder» сөзі сөйлемде салыстырмалы шырай функциясында қолданылмайды, оның орнына «older» формасы қолданылады.
His father іs older than his mother (Оның әкесі шешесінен үлкен).
Bill is older than Kate (Биллдің жасы Кэттен үлкен).
Салыстырмалы немесе күшейтпелі шырай формасындағы сын есімдермен бірге белгілі артикль тіркесіп келгенде, олар зат есім ретінде қолданылады.
She іs the eldest of the Browns (Ол – Браундар отбасының ең үлкені).
The eldest was eleven, the youngest was six. (Ең үлкені – он бірде, ең кішісі – алтыда).
е) күрделі сын есімдердің салыстырмалы және күшейтпелі шырай формалары бірінші элементіне «-er, -est» жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
well – dressed – betterdressed – bestdressed good – lookіng – betterlookіng – bestlookіng
Көпшілік жағдайда күрделі сын есімдердің шырайлары
«more, most» сөздері тіркесіп келуі арқылы жасалады: oldaged – more old – aged – most oldaged
far – sighted – more far – sighted – most far – sighted.
Достарыңызбен бөлісу: |