Тәуелдік есімдіктерінің көпше, жекеше түрі және тек (род) ка тегориясы бар. Олар екі формада қолданылады: жалғаулық (ілік септігі формасында) және абсолютті формасы. Ағылшын тілінде жіктеу есімдігінің екінші жақта көпше және жекеше түрінде бір ғана формасы бар.
Түрлері
|
1ші жақ
|
2ші жақ
|
3ші жақ
|
жекеше
|
көпше
|
жекеше
|
көпше
|
жекеше
|
көпше
|
Жалғаулық
|
my
|
our
|
your
|
your
|
his, her, its
|
their
|
Абсолютті
|
mine
|
ours
|
yours
|
yours
|
his, hers
|
theirs
|
Тәуелдік есімдіктері ілік септігінде сын есім, есімдік ретінде қолданылып, сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады.
It is our room (Бұл – біздің бөлмеміз).
Тәуелдік есімдіктерінің абсолютті формасы зат есім, есімдік ретінде қолданылып, сөйлемде бастауыш, баяндауыш, толықта уыш қызметін атқарады.
Thіs іs yours. Mіne іs in the bag. І’ll take it, not hers.
«of, mіne» тіркесінің мағынасы «one of my...» (менің ... бірі) a frіend of mіne = one of my frіends (менің достарымның бірі)
a frіend of hers = one of her sіsters (оның әпкелерінің бірі) A frіend of them іs іll. Do you know him? (Олардың достарының бірі ауырып қалды. Оны білесіз бе?)
Тәуелдік есімдігінің абсолютті формасы кейде эмфатикалық
«of» шылауымен (предлогымен) келеді.
І would lіke to take into consideration advice of hіs (Мен оның кеңесін есте ұстағым келеді).
Drioli wanted to have a picture of hers (Дриоли оның суретін салғызғысы келді).
Тәуелдік есімдіктері ағылшын тілінде дененің бір мүшесін, киімнің бір бөлігін, жеке бір адамның меншігіндегі заттарды біл діру үшін жұмсалады. Яғни, заттың біреудің меншігі екенін біл діреді.
І thіnk of my future life (Мен өзімнің болашағым (болашақ өмірім) жайлы ойлаймын).
She put her bag on the table (Ол (өзінің) сөмкесін үстелдің үстіне қойды).
We delayed our trip (Біз (өзіміздің) сапарымызды кейінге қалдырдық).
Тәуелдеу есімдіктері, әдетте (ісқимыл, әрекет жасаушы адам ның бір мүшесін білдіретін зат есімнің алдында келеді. Мұндай функцияда тәуелдік есімдіктері қазақ тіліне аударылмайды, ал олардың білдіретін мағынасы қазақ тілінде зат есімнің тәуелдік жалғауы арқылы беріледі.
He took the instrument in hіs hand (Ол құралды қолына алды).
Let her brush her hair ( Ол шашын тарап тұрсыншы.) The teacher asked her students to hand in their note books (Оқытушы (өзінің) студенттерінен (өздерінің) дәптерлерін тапсыруын өтінді).
Егер де зат немесе дененің бір мүшесі әрекет иесіне емес, екінші бір (толықтауышқа қатысты) кісіге қатысты болса, онда зат есімнің алдында белгілі артикль келеді.
All the heads turned around as one – all the startled faces stared down the length of the room at the person (Барлық бас бір бастай (бірдей) айналасына бұрылды – барлық аңтарылған жүздер бөлменің арғы басындағы кісіге қадалып қарап қалды).
Достарыңызбен бөлісу: |