Грамматикасы


Ираш Аманқызы Баймұратова СЫН ЕСІМ



бет16/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   153
dokumen.pub 9786012473537


Ираш Аманқызы Баймұратова
СЫН ЕСІМ


Сын есім заттың түсін, сапасын, белгісін, көлемін, мөлшерін, материалдық, заттық, психологиялық күйін, иісін білдіретін сөз табы. Сын есім сөйлемде, негізінен, анықтауыштың және баянда­ уыштың қызметін атқарады.
He іs a tall boy (Ол бойшаң бала). The boy іs tall (Баланың бойы ұзын).
Қазіргі ағылшын тіліндегі сын есімнің тек қана шырай грам­ матикалық категориясы бар. Шырай категориясы тек сапалық сын есімдерде ғана болады. Сын есім анықтауыш қызметін ат­ қарғанда зат есіммен және күрделі баяндауыштың құрамында келетін дәнекерлеуші етістікпен тіркесіп келеді. Көбінесе үстеу сөздермен бірге тіркесіп қолданылады:
very nіce, too dіffіcult, still dark, rather cold, quite different.


Еск ер т у. 1. «а» префиксінен жасалған сын есімдер, әдетте баяндауыш қызметінде жұмсалады. Ал анықтауыш қызметін атқарғанда атауыш сөзден кейін келеді.
He kept awake for long time (Ол көп уақытқа дейін ояу жатты). When he was asleep somebody touched him by hand (Ол ұйықтап жат­
қанда, біреу оны қолынан ұстады).
2. «іll», «well» деген сын есімдер анықтауыш емес, баяндауыш қызметін атқарады.
Old John іs іll agaіn (Қарт Джим қайтадан ауырып қалды). Pupils do well at school (Оқушылар мектепте жақсы оқиды).


Сын есімнің классификациясы
(топқа жіктелуі)
Сын есім мағынасына және грамматикалық ерекшеліктеріне қарай сапалық және қатыстық болып екіге бөлінеді. Сапалық сын
есімдер заттың көлемін, мөлшерін, пішінін, түсін, т.б. білдіреді, яғни зат есім сапасы жағынан сан алуан болуы мүмкін. Сондықтан да олардың шырай категориясы бар. Сапалық сын есімнің «ly» жұрнағы арқылы жасалған туынды үстеу формалары бар: rapid
rapidly; brave – bravely. Сын есіммен омоним болып келетін үстеулер де бар: fast – fast; much much.
Қатыстық сын есімдер заттың сапасын екінші бір затқа қатыс­ ты түрде білдіреді. Яғни, материалға (woolen, golden), мекеніне, орнына (Asian, Australian), уақытқа (annually, weekly) байланысты білдіретін қатыстық сын есімдер. Қатыстық сын есімдердің шырай категориясы болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет