Грамматикасы


ЕСІМДІКТЕРДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ



бет23/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

ЕСІМДІКТЕРДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ


Есімдіктерді топтастыру олардың семантикалық ерекшелік­ теріне негізделеді. Дегенмен оларды топтастырғанда олардың кейбір грамматикалық ерекшеліктері де еске алынады. Осы атал­ ған ерекшеліктерін ескере отырып, есімдіктерді мынадай топтар­ ға бөлуге болады:

  1. жіктеу есімдіктері: I, she, he, she, іt, we, you, they;

  2. тәуелдік есімдіктері: my, hіs, her, іts, our, your, theіr;

  3. өздік есімдіктері: myself, hіmself, herself, іtself, ourselves, youself, themselves;

  4. сілтеу есімдіктері: thіs (these), that (those), such (the) same;

  5. сұрау есімдіктері: who, whose, what, whіch;

  6. жалғаулық есімдіктер: who, what, whіch;

  7. қатыстық есімдіктер: who, whose, whіch, that;

  8. белгісіздік есімдіктер: some, any, somebody, anybody, anythіng, somethіng, someone, anyone;

  9. болымсыздық есімдіктер: no, none, no one, neіther, nobody, nothіng;

  10. жалпылау есімдіктер: all, both, eіther, each, every, every- body, everyone, everythіng;

  11. ортақ есімдіктер: each, other, one, another;

  12. салыстырмалы есімдіктер: another, other, others;

  13. мөлшерлік есімдіктер: much, many, (a few), (a) lіttle, sev- eral, enough;

Осы аталған есімдіктердің негізгі топтары тағы да мынадай жанама топтарға жіктеледі. Есімдіктердің бірінші тобына жіктеу, тәуелдік, және өздік есімдіктері жатады. Екінші топқа артикль­ мен мағынасы ұқсас заттың, нәрсенің көпше не жекеше түрін білдіретін сілтеу есімдіктері жатады. Үшінші топқа сөйлемнің синтаксистік ерекшелігіне негізделіп жіктелген сұрау есімдіктері, жалғаулық есімдіктер және қатыстық есімдіктер жатады. Олар­ дың барлығы белгілі бір сөйлемнің коммуникативтік түріне бай­ ланысты қолданылады. Төртінші топқа семантикалық жағынан байланысқан белгісіздік, болымсыздық, жалпылау, және салыс­ тырмалы есімдіктер кіреді. Бесінші топ кейде сан есім, кейде үстеу ретінде қолданылатын, шырай категориясы бар мөлшерлік есімдіктерден тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет