Грамматикасы


Жіктеу, тәуелдік және өздік есімдіктер



бет24/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Жіктеу, тәуелдік және өздік есімдіктер


Бұл топқа «me my myself, you your youself» бір түбірден шыққан есімдіктер жатады. Олардың барлығының жақ және тек категориясы бар.
Жіктеу есімдіктері
Жіктеу есімдіктері зат есімнің орнына жұмсалады. Зат есімді есімдіктердің екі септік жалғау формасы бар.



Септік түрі

1­ші жақ

2­ші жақ

3­ші жақ

жекеше

көпше

жекеше

көпше

жекеше

көпше

Атау септік

I

We

you

you

he, she, it

they

Табыс септік

me

us

you

you

him, her, it

them

Жіктеу есімдігі бастауыштың не баяндауыштың қызметін атқарғанда атау септігінде болады:
He translates the text (Ол мәтінді аударады).
It was he who translates the text (Мәтінді аударатын – ол).
Толықтауыш қызметін атқарғанда, әдеттегідей табыс септігі­ нің сұрағына жауап беріп, ағылшын тілінің нормасына сай, сөй­ лем мүшелерінің орын тәртібі арқылы байланысу заңдылықтары бойынша баяндауыштан кейін келеді:
He asked me for help (Ол менен көмек сұрады).
I prepared everything for the trip (Мен саяхатқа бәрін әзірледім).
Еск ер т у. Ауызекі сөйлесу тілінде есімдік атау септігіне қара­ ғанда көбінесе тура не жанама толықтауыш формасы түрінде баяндауыш қызметін атқарады.
No, its not me (Ол мен емес қой).
It’s him we are talking about (Біз ол жайлы сөйлесіп жатырмыз). All people tried to treat with Azat as Ardak, but they were not her (Жұрттың бәрі Азатпен Ардақ сияқты қарым­қатынас жасауға тырысқанмен, олар бәрі бір Ардақтай емес еді).
We are not them, are we? (Біз олар емеспіз ғой, рас па?)
We simply couldn’t behave as they were, since we are not them (Біз­біз, олар­олар, сондықтан да біз өзімізді олар сияқты ұстай алмаймыз ғой).
Сондай­ақ жіктеу есімдігінің бірінші жақтағы жекеше түрі толықтауыш тұлғасында мынадай жағдайларда қолданылады:
Сөйлемдегі екінші бастауыш қызметін атқарады.
Well, you and me, we are like as two couples of water (Сен және мен судың екі тамшысындай ұқсаспыз).
а) сөйлемнің бастауышының алдында келетін оқшау сөз де осы формада келеді:
Me, І’m only one of those (Ал мен тек солардың бірі ғанамын);
ә) эллипті сөйлемдерде келеді:
«Didn’t you keep your promise? (Уәдеңде тұрмадың ба?). Who? Me? Never. Nothing kind (Кім? Мен бе? Ешқашан да).
б) салыстырмалы шырайда «such, as» және сөздерінен кейін келеді:
Such as me? (Мендей ме?).
As tall as me? (Мен сияқты бойшаң ба?).
No, she іs taller than me (Жоқ, ол маған қарағанда бойшаңдау).
Егер де есімдіктен кейін айқындауыш мүше болса, онда жіктеу есімдігі атау септігінде тұрады:
Іt іs I who adviced it (Бұған кеңес берген мен).
Жіктеу есімдігінің үшінші жақ формасы текке жіктеледі:
«he» – ер кісіге қатысты, «she» – әйел адамға қатысты және
«іt» – жансыз затқа қатысты қолданылады.
«Іt» есімдігінің жіктеу есімдігінің ішінде алатын орны ерек­ ше. «Іt» жіктеу есімдігінің жалпы, абстрактілі мағынасы көп. Сондықтан оның дәл мағынасын тек контекст арқылы ғана анық­ тауға болады. Бұл есімдік мынадай екі жағдайда қолданылады:

  1. деректі зат есімнің орнына не зат есімнің эквивалентінің орнына қолданылғанда, сол өзі айқындайтын сөздің алдында не одан кейін келеді.

«Іt» есімдігі өзі ауыстыратын зат есім, зат есімді тіркес немесе сөйлемнен кейін келеді.
Then we saw something black ... (Сосын біз қарайған бірнәрсені көрдік).
Іt was a boat (Ол қайық екен).
Out men reached it took out a man sleeping in it (Біздің адамдар оған барып, оның ішіндегі кісіні одан (қайықтан) шығарып алды).
ә) «іt» есімдігі басыңқы (жақсыз) сөйлемнің басында келген­ де, бағыныңқы сөйлемдегі сөздің, сөз тіркесінің не сөйлемнің ор­ нына қолданылады, яғни оның мағынасы бағыныңқы сөйлемде беріледі:
I found іt difficult to solve such a problem alone (Мұндай мәселені жалғыз өзім шешу маған қиын деп таптым); Іt’s strange his leaving without saying a word about it (Бұл жөнінде ештеңе айтпастан оның кетіп қалғаны кісі таңданарлықтай болды);
Іt was dangerous to stay here for a long time (Бұл жерде ұзақ уақыт қалу қауіпті).

  1. басқа сөздің орнына емес, өз алдына сөйлемнің мүшесі ре­ тінде жұмсалғанда «іt» есімдігі нақты бір затты не құбылысты білдіреді. Бұл мақсатта екі түрлі жағдайда қолданылады:

а) адамды не затты білдіретін «іt» сілтеу есімдігінің мағынасын (айтушының «іt» есімдігі арқылы кім, не жайлы айтып тұрғанын) контекст не ситуация арқылы анықтауға болады:
Does it suit you? (Сізге бұл ыңғайлы ма?) (Бұл сіздің көңіліңізге қона ма?);
No, it won’t do (Жоқ, бұл жарамайды).
ә) сөйлемде ауа­райын немесе (уақытты) мезгілді, яғни таби­ ғи құбылысты білдіретін жақсыз сөйлемде бастауыштың орнына қолданылады (Ағылшын тілінде бастауышсыз сөйлем болмайды):
Іt was a hard time (Ол бір қиын кезең еді).
Іt іs cold today (Бүгін күн суық).
Іt gets dark (Қараңғы түсіп келеді).
Іt was a sunny fine day (Ол бір тамаша, шуақты күн еді).
Ағылшын тілінде «іt» есімдігінен басқа жалпылама мағынада қолданылатын тағы үш түрлі жіктеу есімдігі бар. Олар: you, they, we.
We invite you for dinner (Біз сізді қонаққа шақырамыз). You can come and see our new flat (Сіздің келіп, біздің жаңа пәтерімізді көруіңізге болады).
They said that they were glad to meet us (Олар бізбен танысқанына қуанышты екенін айтты).
«I» есімдігінің орнына радио, теледидар, газет­журналдарда, ғылыми мәтіндерде, жеке адам ұйым атынан сөйлегенде «we» есімдігі қолданылады.
We informed about it earlier. (Біз бұл жайлы бұрын хабарлағанбыз).


Еск ер т у. 1. «We, you, they» есімдіктерінен кейін «both, all»
есімдіктері оларға эмфатикалық мағына беру үшін жұмсалады.
І want you both to be happy (Біз сендердің екеуіңнің де бақытты болғандарыңды қалаймыз).
He turned out to be the best player of them all in the team (Ол командадағы ең жақсы ойыншы болып шықты).

Қазіргі ағылшын тілінде «іt all» тіркесі де қолданылады.


It all seemed impossible (Мұның бәрі мүмкін еместей болып көрінді).
«both, all» есімдіктері бастауыш функциясындағы жіктеу есім­ діктерімен тіркесіп келгенде, олардың арасында жіктеу есімдігі, көмекші етістік не дәнекерлеуші етістік келеді.
They were all leaving tonight (Олардың бәрі бүгін кешке жүргелі отыр).
You can all discuss this problem (Сіздер бәріңіз бұл мәселені талқылауларыңызға болады).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет