Грамматикасы


Жедел өткен осы шақтың қызметі мен үстеулердің сөйлемдегі орын тәртібі және қолданылу ерекшеліктері



бет51/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Жедел өткен осы шақтың қызметі мен үстеулердің сөйлемдегі орын тәртібі және қолданылу ерекшеліктері


Жедел өткен осы шақ төмендегідей іс­әрекетті білдіру үшін жұмсалады:

    • өткенде басталған және қазіргі уақытпен байланысты іс­ әрекетті білдіреді. Мұндай іс­әрекетті білдіргенде «for» мерзімнің ұзақтылығын білдіретін шылау мен «since» (… бері) сөзі нақты уақытты көрсетеді:

I have lived in Almaty five for years (Мен Алматыда бес жылдан бері тұрып келемін).
They have lived in Astana since 1998 (Олар Астанада 1998 жылдан бері тұрып келеді (тұрады).
She has been here since 6 o’clock (She is still here) (Ол сағат алтыдан бері осында). (Ол әлі осында).
I have seen different flowers in this forest (Мен бұл орманда әртүрлі гүлдерді көрдім (Мен оларды тағы көруім мүмкін).

    • өткенде басталған және аяқталған уақыты белгісіз, бірақ та осы не келер шақпен тығыз байланысты іс­әрекетті білдіреді. Мұндай іс­әрекеттің мезгілін білдіру үшін «already, not yet, just, this minute, today, this month (year, century), lately» үстеулері келеді:

My sister has been very busy lately (Соңғы кезде менің әпкемнің қолы тимей кетті).
There have been a lot of changes in our country recently (Соңғы кездері біздің елімізде көптеген өзгерістер болды).
Alma has received many letters this month (Осы айда Алма көп хат алды).
Have you seen Azamat today? I haven’t seen him this week (Сіз бүгін Азаматты көрдіңіз бе? Мен бұл аптада оны көргенім жоқ).
They have had many interesting meetings this year (Биыл оларда көптеген қызықты кездесулер болды).

    • жедел өткен осы шақ білдіретін іс­әрекеттің нәтижесі екінші бір, яғни заттың, әрекеттің, құбылыстың қазіргі күйіне, жағдайына әсер етеді. Осындай екі іс­әрекеттің арасындағы байланысты себеп пен салдардың арасындағы байланыспен салыстыруға болады.

I have lost my book. (I have no book. I can’t read the text) (Мен кітабымды жоғалтып алдым) (Менің енді кітабым жоқ. Мәтінді оқи алмаймын).
Arman has read the story. (He knows the story) (Арман әңгімені оқып шықты) (Ол енді ол әңгімені біледі).
She has bought a new flat. (She has got a flat) (Ол жаңа пәтер сатып алды) (Оның енді пәтері бар).
Бұл мысалдарда өткенде болған, аяқталған іс­әрекеттің (жедел өткен осы шақ) нәтижесі сол сөйлеп тұрған кездегі іс­әрекетке себеп болып, соның салдарын туғызып тұр.

    • жедел өткен осы шақ өткенде басталған және сол сөйлеп тұрған уақытта аяқталған іс­әрекетті білдіреді.

I haven’t seen you for ages (but I see you now) (Мен сізді көрмегелі талай уақыт өтті) (Бірақ қазір сізбен кездесіп тұрмын).
Ardak hasn’t cleaned this room for months (Now she is cleaning it) (Ардақ бұл бөлмені айлар бойы тазалаған жоқ.) (Қазір оны тазалап жатыр).
He has just gone out (Ол жаңа ғана кетіп қалды.) (Ол қазір бұл жерде жоқ).
(Жедел өткен осы шақ ауызекі сөйлеу тілінде көптеп қолда­ нылады).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет