Грамматикасы


Жедел өткен созылмалы өткен шақ



бет54/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Жедел өткен созылмалы өткен шақ


Шақтың бір түрі өткенде, белгілі бір уақыттан бұрын болып өткен іс­әрекетті білдіреді.
It had been raining since we arrived here but it had stopped now (Мұнда біз келгелі бері жаңбыр жауып тұр еді, ал қазір тоқтады).
He had been in hospital for two months. Now he had come home (Ол екі ай бойы ауруханада болды, енді үйіне келді).
Осы сөйлемдердің баяндауыштары жедел өткен шақ форма­ сында, біреуі істің процесін (The Past Perfect Contіnіous Tense) көрсетеді, ал екіншісі аяқталған, біткен іс­әрекетті (The Past Per- fect Tense) білдіреді.
Бұл екі әрекеттің екеуі де өткендегі белгілі бір сөйлеп тұрған уақыттан бұрын болып өткен іс­қимылдар болып табылады.


Жедел өткен созылмалы келер шақ


Жедел өткен созылмалы келер шақ алдағы болатын белгілі уақыттан бұрын басталатын және келер шаққа ұласатын (іс­ әрекетті) іс­әрекеттің процесін білдіреді. Жедел өткен созылма­ лы келер шақ «to be» көмекші етістігінің жедел өткен келер шақ формасы «shall have been, will have been» мен негізгі етістіктің есімше түрі арқылы жасалады.
We shall have been studying biology for two terms (by) next year (Біз келесі жылы екі семестр бойы биологияны оқитын боламыз).
The students will have been taking the examinations on June 2. (Маусымның екісінде студенттер емтихан тапсы­ рып жатады).
The ecologists will have been controlling the air pollution for three weeks (by) next month. (Экологтар келесі айда үш апта бойы ауаның ластануын бақылап жататын болады).
(Бұл шақ формасы ағылшын тілінде сирек қолданылады).


Шақ формаларының стилистикалық мақсатта жұмсалу ерекшеліктері


Ағылшын тілінде шақ формалары қимылдың, іс­әрекеттің тек қана мезгілі мен аспектісін білдіру үшін ғана емес, сонымен қатар стилистикалық мақсатта да қолданылады. Төмендегідей шақ түрлері мынадай стилистикалық мағынаны білдіреді:
Нақ осы шақ. Нақ осы шақ формасы жүріп жатқан, белгілі бір уақыт аралығында болатын іс­әрекеттің процесін білдіретіндіктен, белгісіздік осы шаққа қарағанда іс­әрекетті әсерлі етіп көрсетеді. Белгісіздік осы шақ бір нәрсе жайлы хабар, мәлімет, беру үшін қолданылса, ал нақ осы шақ іс­әрекетке эмоциялық реңк беріп, әсірелеу үшін қолданылады. Сондықтан да нақ осы шақ формасы сөйлемді әсерлі, іс­әрекеттің жүру процесіне тыңдаушының на­ зарын аудару үшін және оған эмоциялық реңк беру үшін қолда­ нылады. Нақ осы шақ ауызекі сөйлесу тіліне тән, соған орай диа­ логтік сөйлесу тілінде көп қолданылады. Осыған қатысты нақ осы шақ мынадай мақсатта пайдаланылады:
а) кісінің, біреудің ренішін туғызатын не күлкісін келтіретін немесе мақтанышын туғызатын іс­әрекеттерін, біреудің қалыпта­ сып кеткен үйреншікті әдетін сипаттау үшін қолданылады. Мұн­ дай мағыналарды білдіргенде «always» үстеуі немесе оның сино­ нимі қолданылады.
She is always loosing his books (Ол ылғи кітабын жоғалтады да жүреді).
He is always making fun of people (Ол ылғи жұртқа күледі де жүреді).
Aidar is always coming to people’s help (Айдар ылғи адамға көмектесуге дайын тұрады.) (Айдар ешкімнен көмегін аямайды).
You are always finding fault with me (Сіз менен ылғи кінә табасыз да жүресіз).
ә) нақ осы шақ физикалық таным, сезім және ақыл­ой проце­ сінің қарқындылығына, жылдамдығына тыңдаушының назарын аудару мақсатында жұмсалады. Мұндай мағыналарды білдіруде сезімді, ойды білдіретін абстрактілі етістіктер жиі қолданылады. (Ал ағылшын тілінің грамматикалық заңдылықтары бойынша мұндай етістіктер нақ осы шақта қолданылмайды).
After that incident Samal is constantly thinking of him (Сол оқиғадан кейін ол Самалдың ойынан ылғи кетпей жүр). I am beginning to understand his behavour (Мен оның мінез­құлқын енді түсініп келе жатқандаймын).
I’m not finding it inevitable to prognose the market relations (Мен нарықтық қатынасты болжауға болмайтын нәрсе деп ойламаймын).
б) іс­қимыл, әрекетке сан алуан эмоциялық реңк беру үшін көптеген етістіктер, солармен бірге «to be» көмекші (дәнекерлеуші) етістігі де қолданылады.
I travelled around the world (Мен дүниежүзін араладым). He is enjoying travelling around the world when he can’t pay me a cent for my earnings! (Маған жалақыма бір сент те ақша төлей алмай жүріп, ол дүние жүзін аралап pақаттанып жүр).
We see you are smoking less (Біз сіздің темекіні аз шегетініңізді көріп тұрмыз... (бұл екі сөйлем кекесінді мағынаны білдіріп тұр).
I see his health is still getting bad (Оның денсаулығы нашарлап бара жатқанын түсінемін. (Айтушы ренішін білдіріп тұр).
He is being successful! What a strong man! Full of inspi­ ration (Ол табысқа жетіп келеді. Қандай мықты адам! Шабытқа толы).
(Бұл сөйлем айтушының көңілі толып, мадақтауын білдіріп тұр).
Еск ер т у. Созылмалы шақтың басқа түрлері де осындай стилис­ тикалық мақсатта қолданылуы мүмкін, бірақ та олар нақ осы шаққа қарағанда сирек кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет