«Continuous» деген термин жалғасу, созылу деген мағынаны білдіреді. Бұл шақтар белгілі бір уақыт аралығында өтетін, іске асатын не белгілі бір мерзімге созылып, өрбіп отыратын ісәре кеттің процесін білдіреді. Сондықтан да кейде бұл шақтарды прогрессивті шақтар деп те атайды. Бұл шақ формасында келген етістік белгілі бір уақыт аралығында, сөйлеп тұрған уақытта, қазір жүріп жатқан, өткенде белгілі бір уақыт аралығында болған және алдағы уақытта белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асатын іс әрекетті білдіреді. Осыған байланысты бұл шақ тобының нақ осы шақ, өткендегі нақ (созылмалы) осы шақ және келер (созылмалы) нақ осы шақ түрлері бар. Ісқимылдың мезгілі «now, from... till, during, while, at ten o’clock» мезгіл пысықтауыштары арқылы беріледі немесе контекст, ситуация арқылы анықталады.
Нақ осы шақ
Нақ осы шақ қазір сөйлеп тұрған уақытта жүріп жатқан іс әрекетті білдіреді. Хабарлы сөйлем түрі «to be» көмекші етіс тігінің осы шақ формасы (am, are, is) мен негізгі етістіктің есімше формасы арқылы жасалады. Ісәрекеттің мезгілі шақтың фор масынан немесе контекстен де белгілі. Сонымен қатар «now» – қазір», «still» – «әлі», «at this time» – осы уақытта / кезде» үстеу лері арқылы да беріледі.
I am translating a text now (Мен қазір мәтінді аударып жатырмын).
You are translating a text now (Сіз қазір мәтінді аударып жатырсыз).
He (she) is translating a text now (Ол қазір мәтінді аударып жатыр).
It is still raining now (Әлі жаңбыр жауып тұр).
We are translating the text now (Біз қазір мәтінді аударып жатырмыз).
You are translating the text now (Сіздер қазір мәтінді аударып жатырсыздар).
They are translating the text now (Олар қазір мәтінді аударып жатыр).
Ауызекі тілде хабарлы сөйлемде бастауыш пен көмекші етіс тіктің қысқарған формалары келeді: I am = I’m; you are = you’re; he is = he’s; she is = she’s; it is = it’s; we are = we’re; they are = they’re;
Жалпы сұрақта «to be» көмекші етістігі бастауыштың алдын да тұрады.
Am I translating a text now? (Мен қазір мәтінді аударып жатырмын ба?)
Are you translating a text now? (Сіз қазір мәтінді аударып жатырсыз ба?)
Is he (she) translating a text now? (Ол қазір мәтінді аударып жатыр ма?)
Is it still raining? (Әлі жаңбыр жауып тұр ма?)
Are we translating the text now? (Біз қазір мәтінді аударып жатырмыз ба?)
Are you translating the text now? (Сіздер қазір мәтінді аударып жатырсыздар).
Are they translating the text now? (Олар қазір мәтінді аударып жатыр ма?)
Арнаулы сұрақта сұраулы сөйлемнің басында, көмекші етіс тіктің алдында сұрау есімдіктері келеді. Ал бастауышқа не баста уышқа қатысты анықтауышқа сұрақ қойылғанда сөйлемнің құ рылымы өзгермейді.
Who is translating a text? (Мәтінді кім аударып жатыр?)
Whose friend is translating a text? (Кімнің досы мәтінді аударып жатыр?)
What text is Asan translating? (Асан қай мәтінді аударып жатыр?)
What are they doing? (Олар не істеп жатыр?)
Болымсыз сөйлемде көмекші етістіктен кейін болымсыздық ты білдіретін «not» сөзі келеді.
I am not translating a text now (Мен қазір мәтінді аударып жатқаным жоқ.)
You are not translating a text now (Сіз қазір мәтінді аударып жатқан жоқсыз.)
He (she) is not translating a text now (Ол қазір мәтінді аударып жатқан жоқ).
It is not raining now (Қазір жаңбыр жауып тұрған жоқ). We are not translating the text now (Біз қазір мәтінді аударып жатқан жоқпыз).
You are not translating the text now (Сіздер қазір мәтінді аударып жатқан жоқсыздар).
They are not translating the text now (Олар қазір мәтінді аударып жатқан жоқ).
Ауызекі тілде болымсыздық формасы қысқарған түрінде келуі мүмкін.
I am not = I’m not; we are not = we’re not = we aren’t; you are not
= you’re not = you aren’t; he is not = you’re not = you aren’t; she is not = she’s not = she isn’t; it is not = it’s not = it isn’t; they are not = they’re not = they aren’t;
Еск ер т у. Ағылшын тілінде мынадай етістіктер созылмалы шақ формасында жұмсалмайды:
Адамның сезімін, танымын және ақылой қызметін т.б. мағынаны білдіретін етістіктер нақ осы шақ формасында жұмсалмайды. Ондай етістіктерге «to want (қалау), to like (ұнату), to love (жақсы көру, сүю), to wish (тілеу), to see (көру), to hear (есту), to feel (сезу, сезіну), to notice (байқау), to know (білу), to understand (түсіну), to remember (есте сақтау), to be (болу)» т.б. жатады.
Нақ осы шақ алдын ала көзделген, жоспарланған не жақын арада болатын ісәрекетті білдіру үшін де жұмсалады. Нақ осы шақ формасы
көбінесе мұндай ісәрекетті білдіргенде қозғалысты білдіретін етістік термен келеді.
We are going to the country tomorrow (Біз ертең қаланың сыртына барғалы отырмыз (Біз ертең қаланың сыртына бармақпыз).
They are meeting at 5 o’clock (Олар сағат бесте кездеспекші).
Затты және шектеулі бір уақыт аралығында ғана болып өтетін іс әрекетті білдірмейтін етістіктер созылмалы осы шақта қолданылмайды. Бұған «be, consist, lack, please, fit, conclude, matter, possess, belong to, con- tain, need, resemble, have, depend on, owe, seem, cast, deserve, own, tend» етістіктері жатады.
Заттың күйін білдіретін етістіктермен келмейді. He resembles his father (Ол әкесіне ұқсайды).
She pleased with the requirement (Ол талаптарға келісті). He owes me 10 dollars (Ол маған он доллар қарыз).
They own a house on the seaside (Олар теңіздің жағасындағы үйді иемденді (алды).
Everybody must get what he deserves (Әркім өзіне лайықтыны алуы керек).
This house has many rooms (Бұл үйде көп бөлме бар).
Етістік заттың күйін, жайын, мезгілі шектеулі ісәрекетті білдіреді. The problem involves three steps (Our problems are involving tree levels) (Бұл мәселе үш сатыны қамтиды).
This coat fits you well (The tailor is fitting the coat) (Бұл пальто сізге шақ келеді).
Our plans depend on the weather (I am depending on your help) (Біздің жоспарымыз ауа райына байланысты).
Достарыңызбен бөлісу: |