Грамматикасы



бет48/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Созылмалы өткен шақ


Созылмалы өткен шақ «to be» көмекші етістігінің өткен шақ формасы мен негізгі етістіктің есімше формасы арқылы жасалады. Өткенде белгілі бір уақыт аралығында болған іс­ әрекеттің мезгілі өткен шақта болған, жүзеге асқан екінші бір әрекет арқылы немесе «at this time yesterday, at 5 o’clock yester- day» деген мезгілдік үстеулер арқылы да беріледі.
I was translating a text at ten o’clock yesterday (Мен кеше сағат онда мәтінді аударып жатыр едім).
You were translating a text at ten o’clock yesterday (Сіз кеше сағат онда мәтінді аударып жатыр едіңіз).
He (she) was translating a text at ten o’clock yesterday (Ол кеше сағат онда мәтінді аударып жатыр еді).
It was raining when we went out (Біз далаға шыққанда, жаңбыр жауып тұр екен).
We are translating a text at ten o’clock yesterday (Біз кеше сағат онда мәтінді аударып жатыр едік).
You were translating a text at ten o’clock yesterday (Сіздер кеше сағат онда мәтінді аударып жатыр едіңіздер).
They were translating a text at ten o’clock yesterday (Олар кеше сағат онда мәтінді аударып жатыр еді).
Жалпы сұрақта «to be» көмекші етістігі бастауыштың алдында тұрады.
Was I translating a text at ten o’clock yesterday? (Мен кеше сағат онда мәтінді аударып жатыр ма едім?)
Were you translating a text at ten o’clock yesterday? (Сіз кеше сағат онда мәтінді аударып жатыр ма едіңіз?)
Was he (she) translating a text at ten o’clock yesterday? (Ол кеше сағат онда мәтінді аударып жатыр ма еді?)
Was it raining when you went out? (Сіз далаға шыққанда әлі жаңбыр жауып тұр ма еді?)
Were we translating the text at ten o’clock yesterday? (Біз кеше сағат онда мәтінді аударып жатыр ма едік?)
Were you translating a text at ten o’clock yesterday? (Сіздер кеше сағат онда мәтінді аударып жатыр ма едіңіздер?) Were they translating a text at ten o’clock yesterday? (Олар кеше сағат онда мәтінді аударып жатыр ма еді?)
Арнаулы сұрақта сұраулы сөйлемнің басында, көмекші етіс­ тіктің алдында сұрау есімдігі келеді. Ал бастауышқа не бастауыш­ қа қатысты анықтауышқа сұрақ қойғанда сөйлемнің құрылымы өзгермейді.
Who was translating a text at ten o’clock yesterday? (Кеше сағат онда кім мәтінді аударып жатыр еді?)
Whose friend was translating a text at ten o’clock yesterday? (Кімнің досы кеше сағат онда мәтінді аударып жатыр еді?) What text was Asan translating at ten o’clock yesterday? (Асан кеше сағат онда қай мәтінді аударып жатыр еді?) What were they doing at ten o’clock yesterday? (Олар кеше сағат онда не істеп жатыр еді?)
Болымсыз сөйлемде көмекші етістіктен кейін болымсыздықты білдіретін «not» сөзі келеді.
I was not translating a text at ten o’clock yesterday (Мен кеше сағат онда мәтінді аударып жатқан жоқ едім).
You were not translating a text at ten o’clock yesterday (Сіз кеше сағат онда мәтінді аударып жатқан жоқ едіңіз).
He (she) was not translating a text at ten o’clock yesterday (Ол кеше сағат онда мәтінді аударып жатқан жоқ еді).
It was not raining when we went out (Біз далаға шыққанда, жаңбыр жауып тұрған жоқ еді).
We were not translating the text at ten o’clock yesterday (Біз кеше сағат онда мәтінді аударып жатқан жоқ едік).
You were not translating the text at ten o’clock yesterday (Сіздер кеше сағат онда мәтінді аударып жатқан жоқ едіңіздер).
They were not translating at ten o’clock yesterday (Олар кеше сағат онда мәтінді аударып жатқан жоқ еді).
Ауызекі тілде болымсыздық формасы қысқарған түрінде ке­ луі мүмкін.
was not = wasn’t; were not = weren’t
Созылмалы өткен шақ өткенде, белгілі бір уақыт аралығында болған іс­әрекеттің процесін баяндағанда, іс­қимылдың қалай өр­ бігенін сипаттау мақсатында қолданылады.
It was autumn (Күз болатын). We were sitting in the dining room (Біз бәріміз асханада отыр едік).
My son was playing the piano (Менің ұлым пианинода ойнап жатқан). My mother was cooking supper for us in the kitchen (Анамыз бізге кешкі тамақ пісіріп жатыр еді). At that time we heard a noise. We went out. In the street some­ body was shouting (Сол кезде біз бір дауысты естідік. Біз далаға шықтық. Көшеде біреу айқайлап жатты).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет