Заттанған тұйық етістіктің формалары
Тұйық етістік заттанған етістіктердің ішіндегі етістікке тән жақтары көп, ең жақын түрі. Заттанған тұйық етістіктердің басқа заттанған етістіктер сияқты шақ және етіс категориясымен бірге аспект категориясы бар.
Етіс
|
Ырықты етіс
|
Ырықсыз етіс
|
Аспект
Шақ
|
Созылмалы емес
|
Созылмалы
|
Созылмалы емес
|
Созылмалы
|
Осы шақ
|
to write
|
to be writing
|
to be written
|
|
Жедел өткен шақ
|
to have written
|
to have been writing
|
to have been written
|
| Заттанған тұйық етістіктердің мағынасы мен қызметі
Түбірі туынды зат есімнен шыққандықтан заттанған тұйық етістік (The Infinitive) баяндауыш қызметін атқармайды. Бірақ та
негізгі етістікпен, көбінесе модаль етістіктермен тіркесіп келген де, күрделі баяндауыштың құрамында тұрып, оның негізгі етістік бөлігі қызметін атқарады.
He continued to write (Ол жазуын жалғастыра берді). We can help you (Біз сізге жәрдем бере аламыз).
Заттанған тұйық етістік cөйлемнің жеке бір мүшесі ретінде мынадай сөйлем мүшелерінің қызметін атқара алады:
бастауыштың қызметін атқарады.
To enter the university was his main aim (Университетке түсу – оның баcты мақсаты еді).
To waste time on useless thing won’t do (Уақытын босқа жоғалту (жіберу) жарамайды).
толықтауыштың қызметін атқарады.
I like to read fantastic books (Мен қиялғажайып (туралы) кітаптарды оқығанды ұнатамын).
He wanted to travel to Siberia (Оның Сібірге саяхат жасағысы келді).
анықтауыштың қызметін атқарады. Анықтауыштың қызме тін атқарғанда ылғи да өзі анықтайтын сөзден кейін тұрады.
He gave me some books to read (Ол маған оқуға кітаптар берді).
I have much work to do today (Бүгін менің істейтін жұмысым көп).
заттанған тұйық етістік мақсат, себепсалдар пысықтауыш қызметін атқарады.
He works hard to know English better (Ағылшын тілін жақсы білу үшін ол көп жұмыс істейді).
Not to be late for his classes he has to get up early (Сабағынан кешігіп қалмау үшін оған ерте тұруға тура келеді).
күрделі баяндауыштың құрамында негізгі етістік функция сында келеді.
His dream from his childhood was to sail to other countries (Оның бала кезден арманы басқа елдерге саяхат жасау еді). The aim of his visit is to get introduced with the real situation in that region (Оның сапарының мақсаты сол аймақтағы нақты жағдаймен танысу еді).
Осы мысалдарда көрсетілгендей, заттанған тұйық етістіктер дің сөйлемдегі атқаратын қызметінен оның екі жақты табиғаты байқалады: түбірі етістік болмағандықтан, өзінің бастапқы зат есімге тән белгілерін де сақтайды. Дегенмен сөйлемнің жоғарыда аталған мүшелерінің қызметін атқарғанда, зат есімге жақын, тән ерекшеліктерімен қатар, оларды зат есімнен ерекшелеп тұратын етістікке тән белгілері де анық байқалады. Атап айтқанда, заттан ған тұйық етістіктердің төмендегідей ерекшеліктері бар:
«Іt» есімдігінің сөйлемнің басында келуі және заттанған тұйық етістіктің сөйлемнің соңында тұруы ағылшын тілінің граммати калық ерекшелігіне сай келетін қалыпты жағдай болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |