«Shall» модаль етістігі
«Shall» модаль етістігі 2ші, 3ші жақта міндеттілікті, парызды білдіреді. Қазіргі ағылшын тілінде оның қолданыс аясы тарылып, көбінесе ресми тілде және бағыныңқы сөйлемде келеді.
It was settled that the experiment shall be finished
(Тәжірибені бітіру керек екендігі шешілді).
Қазіргі кезде «shall» модаль етістігі біреудің ерікжігерін, қалауын, айтушының уәдесін, екінші адамға қаратып айтылғанын, ескертуін білдіреді.
Who doesn’t work seriously shall cause indignation of others (Кімдекім тиянақты жұмыс істемесе, ол басқалардың ренішін туғызады).
Children shall listen to their parents (Балалар атааналарын тыңдауы керек).
He shall not go out without any permission (Ол рұқсатсыз далаға шыға алмайды). (Оның рұқсатсыз далаға шықпауы керек).
You shall meet nowhere such an amazing thing (Сіз мұндай таңданарлық нәрсені еш жерден кездестіре алмайсыз).
«Shall» етістігі негізгі етістіктің тек осы шақ формасымен (The Indefinite Infinitive) келеді. Сұраулы сөйлемде бірінші, үшінші жақта екінші адамның рұқсатын алуға бағытталған өтінішті білдіреді. Айтушы бұл форманы біреудің қалауын, құптауын сұрағанда (өтінгенде) қолданылады.
Shall I begin reading? (Оқуды бастай берейін бе?)
Shall I do this task in written form? (Мен бұл тапсырманы жазбаша орындайын ба?)
Shall he help you? (Ол сізге көмектессін бе?)
«Wіll» модаль етістігі
«Wіll» модаль етістігінің үш формасы бар: осы шақ, өткен шақ және қалау рай (would) формасы. «Wіll» модаль етістігі мынадай мағынаны білдіреді:
Біреудің ерікжігерін немесе діттеген ойын білдіреді. Бұл мағынаны білдіргенде «wіll» етістігі бірінші жақта келеді және одан кейін келетін негізгі етістік белгісіздік осы шақ формасында (The Indefinite Infinitive) тұрады.
We learn English (Біз ағылшын тілін үйренеміз).
We will do all our best to know it perfectly (Бұны жетік білу үшін бар күшімізді салуымыз керек).
We will achieve great success in our study (Біз оқуда үлкен табысқа жетеміз).
Бұл мағына кейде қалау райдың «would» формасы арқылы да білдіріледі.
One must work hard who would learn foreign language (Кімде кім шетел тілін үйренгісі келсе көп жұмыс істеуі керек).
Болымсыз түрінде «wіll» етістігі ісәрекет істеуден бас тарту ды, қаламауды білдіреді.
I adviced him to follow the college regulations but he won’t (Мен оған институттың тәртібін сақта деп кеңес бергенмін, бірақ ол олай істемеді).
We asked him to read English books much but he wouldn’t do that. (Біз оған ағылшынша кітаптарды көбірек оқы дегенбіз, бірақ ол олай істеген жоқ).
2ші, 3ші жаққа қаратылып айтылған айтушының бұйрығын, бұйыра айтылған ақылкеңесін білдіреді.
You will hurry if you don’t want to miss your train (Егер пойыз дан қалып қойғыңыз келмесе сіздің асыққаныңыз дұрыс). He will plan his future action (Ол өзінің алдағы ісқимылын жоспарлағаны дұрыс).
Сыпайы түрде айтылған ақылкеңесті, өтінішті білдіреді.
«Wіll, Would» модаль етістіктері бұл мағынада жұмсалғанда сұ раулы сөйлем түрінде де, бағыныңқы сөйлемде де осы аталған мағыналарды береді.
Will you come and have dinner with us? (Сіз (біздің үйге келіп) бізбен бірге тамақ ішіп кетпейсіз бе?)
Will you borrow me any money? (Сіз маған қарызға ақша бере тұрмайсыз ба?)
Would you help me with the task? (Сіз мына тапсырманы орындауға көмектесіп жібере алмайсыз ба?)
«Would» етістігі сыпайы өтінішті білдіреді. Бұл мағынада жұм салғанда осы екі етістіктің арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ.
Болжалдылық мағынаны білдіреді.
You will understand while reading the whole story (Әңгімені түгел оқығанда сіз оны түсінесіз).
He will find right decision thinking a bit (Аздап ойланса, ол дұрыс шешімін табады).
They will have got right away from dangerous (Оларда қатерден шығудың дұрыс жолы бар).
I am sure you will have made up your mind of it (Мен сіздің бұл жөнінде бір шешімге келгеніңізге көзім жетеді).
Достарыңызбен бөлісу: |