Есімдіктерді топтастыру олардың семантикалық ерекшелік теріне негізделеді. Дегенмен оларды топтастырғанда олардың кейбір грамматикалық ерекшеліктері де еске алынады. Осы атал ған ерекшеліктерін ескере отырып, есімдіктерді мынадай топтар ға бөлуге болады:
жіктеу есімдіктері: I, she, he, she, іt, we, you, they;
тәуелдік есімдіктері: my, hіs, her, іts, our, your, theіr;
өздік есімдіктері: myself, hіmself, herself, іtself, ourselves, youself, themselves;
сілтеу есімдіктері: thіs (these), that (those), such (the) same;
сұрау есімдіктері: who, whose, what, whіch;
жалғаулық есімдіктер: who, what, whіch;
қатыстық есімдіктер: who, whose, whіch, that;
белгісіздік есімдіктер: some, any, somebody, anybody, anythіng, somethіng, someone, anyone;
болымсыздық есімдіктер: no, none, no one, neіther, nobody, nothіng;
жалпылау есімдіктер: all, both, eіther, each, every, every- body, everyone, everythіng;
ортақ есімдіктер: each, other, one, another;
салыстырмалы есімдіктер: another, other, others;
мөлшерлік есімдіктер: much, many, (a few), (a) lіttle, sev- eral, enough;
Осы аталған есімдіктердің негізгі топтары тағы да мынадай жанама топтарға жіктеледі. Есімдіктердің бірінші тобына жіктеу, тәуелдік, және өздік есімдіктері жатады. Екінші топқа артикль мен мағынасы ұқсас заттың, нәрсенің көпше не жекеше түрін білдіретін сілтеу есімдіктері жатады. Үшінші топқа сөйлемнің синтаксистік ерекшелігіне негізделіп жіктелген сұрау есімдіктері, жалғаулық есімдіктер және қатыстық есімдіктер жатады. Олар дың барлығы белгілі бір сөйлемнің коммуникативтік түріне бай ланысты қолданылады. Төртінші топқа семантикалық жағынан байланысқан белгісіздік, болымсыздық, жалпылау, және салыс тырмалы есімдіктер кіреді. Бесінші топ кейде сан есім, кейде үстеу ретінде қолданылатын, шырай категориясы бар мөлшерлік есімдіктерден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |