Гуманитарлық білім” факультеті «География және қоғамдық пәндер» кафедрасы



бет30/30
Дата14.06.2016
өлшемі1.76 Mb.
#136023
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

ОБСӨЖ №30



1.Сабақтың тақырыбы: Халықаралық қатынастар
2.Сабақтың жоспары:

1. Дүниежүзілік саясат пен халықаралық қатынастар

2. Дүниежүзілік қауымдастықтың ғаламдық проблемалары.

3. Қазақстанның сыртқы саяси бағдары.


3.Теориялық мәліметтер:

1. Бүкіл ғаламшардағы адамзат дамуының қазіргі жағдайларында жиын-тық әлемдік саяси процесі ретінде халықаралық қатынастардың саясат-тануы мына проблемаларды бірінші кезекке қояды:

а) халықаралық қатынастар жүйесі және оның шығу тегі ұғымы;

б) дүниежүзілік саясат пен халықаралық құқықты қалыптастырудағы таптық және ұлттық мүдделердің рөлі;

в) дүниежүзілік әлеуметтік ілгерілеу;

г) осы заманғы ғаламдық проблемалар және оларды шешу жолдары;

д) халықаралық қатынастарды демократияландыру.

Халықаралық қатынастар халықтар, мемлекеттер мен мемлекеттер жүйесі-нің арасындағы байланыстар мен өзара байланыстардың жиынтығын сипат-тайды. Халықаралық қатынастар деп саяси, шаруашылық- экономикалық, ғылыми- техникалық, валюта- қаржылық, әлеуметтік, дипломатиялық, құқықтық, ізгілік және коммуникациялық байланыстардың және дүние-жүзілік қоғамның барлық негізгі субъектілері арасындағы қатынастардың жиынтығы ұғынылады.

Халықаралық қатынастар саясаттануының негізгі субъектілері- мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар. Олардың өзгешелігінің басты белгілері егемендігі (мемлекеттің) және егеменді еместігі (халықаралық ұйымдар, қозғалыстар және т.с.с.) болып табылады.

Негізгі ұғымдардың шектелу қажеттігі туралы. Саясат ғылымында «халықаралық қатынастар», «сыртқы саясат», « дүниежүзілік саясат» санат-тары қолданылады.

Сыртқы саясат- халықаралық аренадағы жекелеген мемлеттердің іс- қимылдарының сипаты, сонымен бір мезгілде халықаралық қатынастар ретінде бүкіл сыртқы саясаттардың белгілі бір жиынтығы болып табылады.

Халықаралық қаынастар жекелеген мемлекеттердің айқындамалары мен іс- қимылдарының, олардың қатынастары мен проблемаларының әншейін жиынтығы ғана емес, керісінше белгілі бір объективті және субъективті факторларға байланысты серпінді түрде дамитын жүйе болады.

Мемлекеттің халықаралық қатынастарымен сыртқы саясаты өзара ықпалдас болады. Бір жағынан, халықаралық қатынастар көбінде белгілі бір тарихи дәуірде жетекші державалардың ішкі саясатын бейнелеп, білдіреді, екінші жағынан, кез келген мемлекет халықаралық құқықтың қалыптасқан өзара қытынастарының, нормалары мен принциптерінің дүниежүзілік шынайылығын, «әлемдік саясат ойыны ережелерін» есепке алуға мәжбүр болады.



Осы заманғы халықаралық қатынастардың сипаттамасынан нені есепке алу керек?

Біріншіден, XX ғасырдың 90- жылдарында түбегейлі өзгерістер болды: КСРО, социализмнің әлемдік жүйесі күйреді, Варшава Шарте мен Экономикалық Өзара Көмек Кеңесі таратылды, «қырғиқабақ соғыс» жойылды, бұрынғы кеңестік кеңестікте жаңадан жас ұлттық мемлекеттер пайда болды және т.т.

Екіншіден, Шығысқа НАТО ықпалының өрістеу процесі жүріп жатыр. Югославияға қатысты АҚШ- пен НАТО саясаты- НАТО-ның БҰҰ Жарғы-сын бұзғанын дәлелдейтін оқиға, олар ашық түрде соғыс қимылдарының килікті.

Үшіншіден, Ресей мен Шешенстан арасындағы жанжал.

Төртіншіден, адмзат алдында тұрған ғаламдық проблемалар.

Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар тәжірибесінде әртүрлі шемадағы белгілі бір заңдылықтар байқалады.

а) біртұтас ұлттар өздерін дүниежүзілік аренада тең құқықты субъекті-лер деп мәлімдей отырып, халықаралық қатынастарға қатысушылардың мемлкеттілік пен егемендікті барынша жүзеге асыру үрдісі;

б) халықаралық қатынастарға қатысушылар санының барған сайын ықпалдасуының күшейе түсуі, кең көлемді саяси, әлеуметтік- экономикалық және ізгілік ынтымақтастықтың институциялық нысандарының нығаюы үрдісі;

в) жаңа қауымдастықтың орнығуы процесінде диалектикалық тұрғыдан өзара мүдделестікті ескеру негізінде ынтымақтастықты ұлғайту, сондай- ақ әртүрлі мемлекеттердің бәсекелестігімен тіпті тайталасу процестері болған кездегі халықаралық қатынастардың өтпелі жай- күйі.



Халықаралық (дүниежүзілік) саясат халықаралық құқық субъек-тілерінің мүдделерімен келісуіне, соғыс және бейбітшілік, бүкіл адам-заттың өмір сүруі, жалпыға ортақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен ғаламдық, аймақтық және ұлттық жанжалдарды реттеу, қоршаған ортаны қорғау, мешеулік пен кедейлікті, аштық пен ауруларды жеңу, әлемде әділетті тәртіп орнату мәселелерін шешуге байланысты осы субъектілердің мақсатты саяси қызметі болып табылады.

Бүгінгі таңда дүниежүзілік қауымдастықта тарихи, әлеуметтік- экономикалық және мәдени дамудың әртүрлі деңгейлеріндегі 200- ден астам мемлекеттердің өкілдері болып отыр.

Дүниежүзілік саясат құрылымдық жағынан ұлттық мемлекеттердің сыртқы саяси қызметі, БҰҰ- ының, халықаралық одақтардың, ұйымдар мен мекемелердің ғаламдық қызметі, осыған өкілдік алған мемлекеттер мен халықатардың өкілдері болып табылаы. Дүниежүзілік саясаттың негізгі артықшылықтары адамзат алдында тұрған ортақ проблемаларды шешу қажеттілігімен және осы саясат субъектілерінің ұлттық мүдделеріне байланысты болады.

Саясаттың халықаралық қатынастардағы жетекші рөлі мына факторларға байланысты болады:

а) дүниежүзілік саясат субъектілерінің орасан зор ресурстары мен бүкіл қоршаған дүниеге әсер ету мүмкіндіктері бар, сонымен бірге олар саяси, сондай- ақ саяси емес халықаралық процестерді басқарудың қуатты тетіктеріне ие болып отыр;

б) халықаралық қатынастардың ғаламдастыру жөнінде айқын көрінетін үрдісі бар, мұның өзі оларды реттеуге арналған халықаралық саяси тетіктерді жетілдіруді талап етеді;

в) қазіргі заманғы ядролық дәуір бүкіл адамзаттың қауіпсіздігі мен өмір сүру проблемаларын айрықша қойып отыр, бұл дүниежүзілік саясаттың басты бағытын белгілейді;

г) осы заманғы әлем сонымен бір мезгілде қарама- қайшылықты және біртұтас, өзара байланысты әрі өзара тәуелді дүние.

Дүниежүзілік саясатта жалпы адамзат проблемалары мен мемлекеттің ұлттық мүдделері мәнді көрінісін табады. Ұлттық мүдде мемлекет қызметінде оның түбегейлі қажеттерін түсіну мен көрсету болып табылады.



Халықаралық саясат екі бірдей процесс: мемлекеттің өз мүдделерін қорғау мен жүзеге асыру және басқа мемлекеттердің, дүниежүзілік қауымдастықтың мүдделерін есепке алу болып табылады.

Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар, дүниежүзілік саяси процесс екіұдай қарама- қайшы әлемнен көп қарама- қайшылықты әлемге көшуімен сипатталады, АҚШ- тың басым айқындамаларын сақтаған жағдайда саяси және экономикалық өзара байланыстар мен қатынастарды ғаламдастыру процесі жүреді. Туындайтын алшақтықтарды шешудің әдісі ретінде халықаралық қатынастарда қауіпсіздікті нығайту мен соғысты жою про-блемасы басты мәселе болып отыр, халықаралық және ұлттық өмірлік қазметінің негізгі салаларын демократияландыру үрдістері көріне бастады.



2. XX ғасырдың 60- жылдары ғаламтану бағыты пайда болды.

Ғаламдық проблемалардың негізгі топтары:

а) халықаралық әлеуметтік- саяси проблемалар: жалпыға бірдей қауіпсіздік жүйесін нығайту негізінде ядролық соғысқа жол бермеу, жанталаса қаруландырудың деңгейін төмендету, аймақтық, мемлекетаралық жанжалдарды реттеу, күш көрсетпеу әлемін құру;

б) халықаралық әлеуметтік- экономикалық және экологиялық проблемалар: дамушы елдердің мешеулігін (аштықты, кедейлікті, сауат-сыздықты) жою, энергетикалық, шикізат және азық- түлік дағдарыстарын шешу, демогарфиялық ахуалды оңтайландыру, өндірістің экологиялық қаіпсіздігін қамтамасыз ету, ғарыш пен Дүниежүзілік мұхитты бейбіт мақсаттарға игеру;

в) адам проблемалары: негізгі құқықтар мен бостандықтарды сақтау, адамның өмір сүруінің қажетті өмірлік жағдайларын қамтамасыз ету, қоғамдық қатынастарды демократияландыру, адамды саясаттан және халықаралық қатынастардан аластауды жою.

Өзінің сипаты жағынан ғаламдық проблемалар әртүрлі болады, алайда олардың бәрі адамзаттың географиялық бірлігі мен оның өмір сүруінің принципіне бағынады. Өркениет басынан кешетін қайсыбір проблемада қауіп- қатердің деңгейіне қатысты даулар пайда болады, бірақ олардың өскелең өткірлігі мен олар сөзсіз шешіледі. Бұл орайда, қаншалықты қуатты болғанымен, бір де бір мемлекет, мемлекеттердің бір де бір тобы бұл проблемаларды дербес шеше алмайды. Бейбітшілік жағдай-ларындағы барлық елдердің өзара іс- қимылдары ғана, жалпыға ортақ өзара тәуелділікті түсіну мен бірінші кезекке жалпы адамзаттық міндеттерді қою ғана халықтардың ертеңі күніне деген, былайша айтқанда өмір сүруіне кәміл сенімін ұялатады.

Қазіргі заманғы әлемнің ғаламдық проблемалары туындауының себептері қандай? Олардың көрінуіне себепші факторлар қандай?

Біріншіден, бұл дүние жүзінде кең өрістеген ғылыми- техникалық революция. Оның өткендігі өнеркәсіп төңкерістерінен айырмашылығы техникадағы, технологиядағы және ғылымдағы бір мезгілдегі сапалық секірістер болып табылады. Мұның өзі әскери істе, өндірісте, көлікте, байланыста, саудада ірі ілгерілеулерді туғызды, адамзат алдынан еңбек қарулары мен құрал- жабдықтарын, материалдық және рухани құндылық-тарды өндіруде принципті жаңа мүмкіндіктерді ашты.

Екіншіден, ғылыми- техникалық революция дүние жүзіндегі аса ірі әлеуметтік өзгерістермен, елдердің индустриялық дамуын шапшаңдатқан қоғамдық ілгерілеу мен тұспа- тұс келді.

Үшіншіден, қоғамдық дамудың барлық жақтарын, ең алдымен энергияның жаңа түрлерін, электрді, атом энергиясын, ғарышты, Дүниежүзілік мұхиттың құпияларын игеру мен оның байлықтарын пай-далануға жеткізетін өндіргіш күштердің дамуын шапшаңдату.



3. Дүниежүзілік тәртіпті қалыптатырудың геосаяси үлгілері туралы. Әлем XXI ғасырда қандай болмақ?

АҚШ-тың бұрынғы Президенті Б. Клинтон АҚШ Конгресінде сөйлеген сөзінде XXI ғасыр- бұл Американың ғасыры деген болатын.

ФГР-ның бұрынғы канцлері Г. Коль XXI ғасырда дүниежүзілік қоғамдастықтың дамуын үш орталық: АҚШ, Германия мен Жапония бастаған Біріккен Еуропа анықтайтын болады деп атап көрсетті.

Жапонияның бұрынғы премьер- министрі Накасонэ әлемдік дамуды тоғыз орталық: капитализмнің дамыған жеті елі, Ресей мен Қытай белгілей-тін болады деп жазды. Кейбір саясаткерлер XXI ғасыр екі үстем держава-лардың – АҚШ пен Қытай тайталасының ғасыры болады деп есептейді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев бейбітшілік, қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы ынтымақтастық негізінде іргесі қаланатын бірнеше орталықты атап көрсетті.

Бұл саяси қайраткерлердің, мемлекеттер басшыларының болжамдары. Халықаралық қатынастар саласындағы мамандар да болжамдар жасайды, олар жоғарыда айтқан пікірлер мен қаншалықты бөлісер екен?

Дүниежүзілік тәртіпті қалыптастырудың бірінші үлгісінде әлем бір- қарама- қайшы- авторитарлық үлгі ретінде көрінеді, онда АҚШ өзінің еркімен және өзінің ұлттық мүдделеріне және өзінің дүние түсінігіне негізделген «әлемді құрумен» айналысуға мәжбүр болады.

Екінші үлгі- екіұдай қарама- қайшылықты қақтығысты үлгі, онда АҚШ пен Қытай жетекші рөл атқарады.

Үшінші үлгі- көп қарама- қайшылықты әлем- әртүрлі елдердің, ең алдымен саяси ықпал мен қуат орталықтары мүдделерінің теңгерімі есебінің үрдісімен байланысты тайталассыз демократиялық жүйе.

Қазіргі уақытта ең болашағы бар әрі ықтималы көп қарама- қайшылықты әлемнің үшінші үлгісі болып табылады, оны жүзеге асыру дүниежүзілік геосаяси дамудың екі алғашқы нұсқаларының әсеріне байланысты болады.



Дүниежүзілік қоғамдастықта Қазақстан қандай орын алады, біздің мемлекетіміздің сыртқы саясатының принциптері мен мақсаттары қандай?

1991 жылы Қазақстан Егеменді ел, халықаралық қатынастардың дербес субъектісі болды. Алайда тәуелсіздік алып, егемендікті жариялау көптеген проблемаларды шешу қажеттігін талап етті. Қазақстан дүниежүзілік саясаттың белортасында болды, сондықтан оған ерекше назар аударылды. Осының бәрінің негізі бар болатын, ең алдымен, оның аумағының орасан зор көлемі, ұшан- теңіз табиғат байлықтары, халқының көп этникалық құрамы, сайып келгенде, бұрынғы КСРО –ның ядролық әлеуетінің көп үлес салмағы болды.

Қазіргі кезеңде Қазақстанның тәуелсіздігін 120 мемлекет танып отыр, олардың 115 мемлекетімен дипломатиялық қатынастар, орнатылған, 49 шетел елшіліктері мен миссиялары, халықаралық ұлттық ұйымдардың 19 өкілдіктері жұмыс істейді, Республика БҰҰ-ның мүшесі болды.

Қазақстанның сыртқы саясат бағыты беделді халықаралық ұйымдар мен форумдардың бірқатар құжаттарында, атап айтқанда, БҰҰ-ның Жарғысында, 1970 жылғы халықаралық құқық принциптері туралы мәлімдемеде, 1975 жылғы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Кеңестің қорытынды актісінде баянды етілген халықаралық қатынастардың негізгі принциптерін сақтауға бағдарланған.



Құжаттарды талдау халықаралық актілерде әңгіме он прицип турралы болып отырғанын дәлелдейді:

1. Егеменді теңдік принципі.

2. Басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау принципі.

3. Халықаралық ынтымақтастық принципі.

4. Халықаралық міндеттемелерді адал орындау принципі.

5. Күш қолданбау немесе күштеп қоқан- лоққы жасамау принципі.

6. Шекаралардың мызғымастығы принципі.

7. Мемлекеттер аумағының тұтастығы принципі

8. Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу принципі.

9. Ұлттар мен халықтардың өзін- өзі билеу принципі.

10. Адамның құқықтарымен негізгі бостандықтарын құрметтеу принципі.

Президент Н. Назарбаев Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарына «Егемен мемлекет ретінде Қазақстанның орнығуы мен дамуы» деген еңбегінде: «ТМД», «АТА», «Азия», «Еуропа»,»Америка» бағыттары деп анықтама берген. Кез келген басқа мемлекет сияқты, Қазақстанның сыртқы саясаты ұлттық мүдделерге негізделді. Геосаяси жағдайды, экономиканы, әскери әулетті, эникалық- саяси құрамды негізге ала отырып, біздің мемлекет дүниежүзілік дипломатияда қабылданған саяси құралдарға сүйенеді.

Бұл тұрғысындағы стратегиялық бағыт аумақтық жағынан жақын «көршіміз» Ресеймен өзара қатынас болып табылады, онымен қатынастар екі мемлекеттің даму тарихы барысында қалыптасып, олардың мүдделері көп ретте үйлесім тапты. Тең құқықтық және сенімді қатынастардың дамуы мен нығаюы Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамта-масыз етудің маңызды шарты болып табылады.

Қазақстан Орта Азия мемлекеттерімен ықпалдастық процестерін белсенді түрде ұстанып келеді. Отын- энергетика кешеніндегі ықпалдастық аймақтың барлық мемлекеттерін отынның барлық түрлерімен толық қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасайды, сонымен бірге, табиғи шикізат пен бірлескен инвестициялар негізінде бәсекелік- еркін өнім өндіруді ұйым-дастыруға мүмкіндік беретін сенімді экспорттық және қатынастар ең алдымен осы аймақта Қырғыстанмен және Өзбекстанмен болып отыр.

«АТА» бағыты- бұл Оңтүстік- Шығыс Азияның басқа елдеріне шығатын Пекин- Сеул- Токио бағыты. Оның маңыздылығы бұл елдердің озық технологиялар елдері болуымен анықталады, олар кең көлемді ин-вестициялар мүмкіндігі бар несие көздері болып табылады. Болашақта бұл аймақ Қазақстанда бірқатар жобаларды іске асыру үшін біздің өнімдерімізді өткізу және жұмысшы күшін тарту рыногына айналуы мүмкін.

АТА ауқымында Жапония жетекші рөл атқарады және АТА- ны дүниежүзілік экономиканың орталығына айналдыруға ұмтылып отыр. Жапония Қазақстанның аса ірі қаражат құюшысы болады. Жаңадан құрылған экономикалық және әлеуметтік дамудың Қазақстан- Жапония қауымдастығы (1995ж) жұмыс істеуде, оның негізгі бағыттары өнеркәсіп, құрылысты, инфрақұрылымды, әлеуметтік саланы дамыту үшін инвес-тициялар мен шетелдік жеңілдікті несиелерді тарту болып табылады.

Қытаймен ынтымақтастықты дамыта отырып, Қазақстанның дүние-жүзілік коммуникацияларға шығу мүмкіндігі бар. Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия, Таиланд, Индонезия жылына 4-5 тен 8-9 %- ға дейін экономикалық даму өсімінің жоғары қарқындарын көрсетіп келеді.

«Азиялық» бағыт Туркиямен , Иранмен, Үндістанмен, Пәкістанмен және Азияның басқа да мемлекеттерімен ынтымақтастықты көздейді. Қауіпсіздік проблемасы азиялық саясатта басым орын алады. Осыған байланысты Қазақстанның Азиядағы іс- қимылдар мен сенім шаралары мәселелері жөніндегі Кеңесті шақыру туралы бастамасы нақты саяси мәнге ие болады және халықаралық өмірдің нақты факторына аналады.

«Еуропалық» бағыт стратегиялық бағыт болып табылады. Мұның осындай бағыт болуы, ең алдымен, мынаған байланысты: Еуропа дүние жүзінің аса ірі саяси, экономикалық және мәдени орталықтарының бірі және Азия мен Еуропаның ортасында орналасқан Қазақстан еуропалық мемлекеттерді болашағы бар әріптестер ретінде қарастырады. Еуропалық Кеңеспен ынтымақтастық техникалық көмек, инфрақұрылымды және кадрларды оқытып- үйретуді дамыту мақсатында несиелер алу мүмкіндігін береді.

«Америкалық» бағытты да стратегиялық бағыт деп қарастыруа болады. Қазақстан- Америка қатынастары саясат пен экономика саласындағы әріптестік деңгейіне көтерілді. Сауда- экономикалық ынты-мақтастық саласында бірқатар шарттар мен келісімдерге, атап айтқанда, Сауда келісіміне қол қойылды, осыған сәйкес Қазақстан АҚШ- пен сауда жасауда мейлінше қолайлы ел мәртебесін алды.

Сонымен, Қазақстанның сыртқы саясаты орнығу кезеңінен ойдағыдай өтті және жаңа тарихи жағдайларда мемлекеттік саясаттың ажырағысыз бөлігі ретінде нық ірге тепті. Қазақстанның дүниежүзілік қауымдастық-тағы орны мен оның дүниежүзілік саяси процестегі рөліне қатысты жоғарыда қойылған сұрақтарға жауап бере келіп, біздің президентіміздің Қазақстан әлемдегі геосаяси және геоэкономикалық үрдістерге әсер ететін ірі аймақтық державаның көзқарасымен келісуге барлық негіздер бар.
4.Бақылау сұрақтары:

1. Халықаралық қатынастардың саясаттануының бірінші кезектегі проблемалары?

2. Халықаралық қатынастар саясаттануының негізгі субъектілері?

3.Халықаралық саясат екі бірдей процесс?

4. XX ғасыр.60 жылдардағы ғаламтану бағыты?

5. Қазақстанның сыртқы саясатының он принципі?

6. Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттары?

7. Қазақстанның сыртқы саясатының орнығу кезеңі?



5.Студенттің үй тапсырмасы:

Конспект


6.Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмасы:

Сұрақтарға жауап беру

Тест

Глоссарий



7.СӨЖ тапсырмасы: Қазақстанда сайлау өткізу механизмдері.
ОБСӨЖ сабақтарының әдістемелік нұсқауы.

кафедрасының________2008ж мәжілісінде талқыланып,№ ___ хаттамасымен бекітілді.


Кафедра меңгерушісі_______________________

Құрастырған: География және қоғамдық пәндер кафедрасының доценті Алтынбеков Б.








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет