Бекіту сұрақтары:
.С.Сейфуллин өмірі мен оығармашылығына тоқталыңыз.
Б.Майлин өмірі мен шығармашылығына тоқталыңыз
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Т.Ақшолақов. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. -Алматы, 2014«Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы » сериялар жинағы. 30 том.
2.Қазақ балалар әдебиетінің қазынасы. Көп томдық..-Алматы,2013.
3.Әлем балалар әдебиеті. 50 томдық. –Алматы,2014.
4.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы(ХІХ ғасыр басындағы әдебиет).2-кітап.2014.
5.Қазақ әдебиетінің тарихы. 8- том. Кеңес дәуірі (1941-1956). Құраст:Қирабаев С. –Алматы,2014.
9 Дәріс М.Әуезовтің балалар әдебиетіне салған жаңа бағыты. Балалар әдебиетіндегі абай образы. Жазушы шығармасындағы адам мен табиғаттың бір-бірімен жарасымды тіршілік ету қажеттігі басты идея ретінде қозғалуы. Жазушының тіл шеберлігі. («Көксерек» повесі, «Жетім», «Қорғансыздың күні» әңгімелері, «Абай жолы» романы т.б.). Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы қазақ анасының ұлттық бейнесі. («Ананың анасы», «Ананың арашасы», «Адамның анасы», «Ер ана», «Ақлима»т.б.)
Сағат саны-1
Жоспары
1. М.Әуезовтің балалар әдебиетіне салған жаңа бағыты
2. Абай жолы» романы
3. Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы қазақ анасының ұлттық бейнесі
1. М. Әуезов өмірі мен жазушылық қызметі. Қазақтың ұлы жазушысы ғалымы, қоғам қайраткері. М.Әуезовтың есімі бүкіл әлем дүниесіне әйгілі де ардақты.
Заманымыздың аса көрнекті жазушысы Қазақстан Республикасы Академиясының академигі М. Әуезов қазақ әдебиетінің көш басшыларының бірі.Халық әдебиетінің жан-жақты өскелең талабына жауап беру үшін М. Әуезов әдебиетінің жанрларын неғұрлым қамтуға талпынды. Мәселен, қазақ әдебиетінің аға буыны ақын әрі аудармашы ретінде де қалам тартқаны белгілі. Көп қырлы жазушылығының үстіне ол әрі ғылым, педагог, әрі публицист, қоғам қайраткері болады.
М. Әуезов үлкен өмірлік, творчествалық жол кешті. 1897 жылы дүниеге келген оның Семей облысында Абай ауданында дүниеге келген, өткен алғашқы жиырма жылдық өмірі өзінің бала кезден сүйікті ақыны әрі рухани ұстазы болған А. Құнанбаевтың балғын балалық, жастық және жігіттік жағын еске түсіреді. Кейін Әуезовтың өз эпопиясында жазғаны да сол дала, сондағы ауыл, сол бір қоғамдық орта болатын.
Мұхтардың атасы Әуез Абайға көрші көңілдес, шағын ғана шаруасы бар сауатты кісі екен. Ол немересін алғашқыда ауылдағы мұсылман мешітіне беріп, арабша сауаттандырады, кейін оны інісі Қасымбек Семейдегі орыс мектебіне оқытты.
Мұхтар мұғалімдік семинарияның толық курсынан өтті. Әлем әдебиеті және орыс әдебиетімен танысуға мүмкіндік алды. Ол Ленинградтың Мемлекеттік университетін және Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасын оқып бітірді. М.Әуезов үлкен өмірлік, творчестволық жол кешті.Жазушы 1961 жылы қайтыс болды.
«М.Әуезов жиырмасыншы жылдары көптеген повестер мен әңгімелер жазды, кейін бұлар «Қараш-қараш» жинағына енді. Автор олардың кейбіреуін қайта қарап, түзетті бірақ көпшілігі өзгеріссіз күйінде қалдырылды. Жинақтағы әңгімелерді үш топқа бөлуге болады.
1. Даладағы әлеуметтік күресті әр қырынан баяндайтын «Қараш-қараш» повесі және «Жуандық» әңгімесі жатады.
2. Революцияға дейінгі Қазақстанның тұрмысы мен әдет-ғұрпын, әйелдердің жағдайын көрсететін «Қорғансыздың күні», «Кім кінәлі», «Кінәмшіл бойжеткен», «Оқыған азамат», «Қаралы сұлу» туындылары жатады.
3.Адамның табиғатқа қарым-қатынасын бейнелейтін «Қыр суреттері», «Көксерек», «Жетім» шығармалары жатады.
Қазақ даласындағы Қазан төңкерісі әкелген жаңалықты бейнелей отырып, М.Әуезов Шәлтіктің («Шатқалаң»), Бекболдың («Бүркітші»), Мақпалдың, Айша мен Жақыптың («Білекке білек»), Несіпбай мен Құлжатайдың («Іздер»), Жақсылықтың («Жуандық»), Есіркептің («Асыл нәсілдер») бейнесін жасайды, бұлардың бәрі – жаңа өмір құру жолындағы белсенді, жігерлі күрескерлер».
Жазушы М.Әуезов «Абай жолы», «Өскен өркен» романдарын, «Еңлік-Кебек», «Бәйбіше-тоқал», «Қаракөз», «Түнгі сарын», «Айман-Шолпан», «Тартыс», «Шекарада», «Алма бағында», «Абай» пьесаларын жазды.
М.Әуезовтің балалар әдебиетінде «Жетім», «Қараш-қараш оқиғасы», «Көксерек», «Шатқалаң,» «Бүркітші», «Қыр суреттері» т.б. шығармаларымен қоса «Абай жолы» романынан үзінділер де оқылып келеді. Енді осы шығармалардың кейбіреулеріне талдау жасайық.
2. «Абай жолы» эпопеясы. Эпопея ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқының өмірін үлкен тарихи оқиғалардан бастап, күнделікті қоғамдық тіршіліктің ұсақ фактілеріне дейін жан-жақты баяндайды. Сонымен қатар, ұлы ақынның өмірін қоғамдық-тарихи шындықпен, қазақ халқының тұрмысымен, әдет-ғұрпымен және дәстүрімен тығыз байланыста көрсетеді.
«Бірінші кітаптың «Қайтқанда», «Қат-қабатта», «Жолда», «Шытырманда», «Бел-белесте», «Өрде», «Қияда» деп аталатын тараулары дәл және поэтикалық тұрғыда жазылған.
Эпопеяның алғашқы беттерінде Қодардың трагедиясы басталады. Құнанбай Қодарға жала жауып, өлім жазасына кеседі де, жерін өзі басып алады.
Абайдың балалық шағы мен жастық шағы, рухани өсуі жағынан нанымды сипатталған. Әуелі балалық шаққа тән, айналадағының бәрін жақтырмай қарсы алатын Абайды көрсек, ал кейінірек әділдік іздеп алқынған, халық қамына, мұңына жаны ашитын, кедейлер үшін өз басын да аямаған бала жігіт Абайды байқаймыз.
Эпопеяның екінші кітабы «Тайғақта», «Жайлауда», «Еңісте», «Оқапта», «Асуда», «Тарауда», «Биікте» тарауларынан тұрады.
Эпопеяның екінші кітабында жеткіншек ұрпақтың өкілдері өздерінің әр түрлі үміт армандарымен, болашаққа талпыныстарымен көзге түседі.
Эпопеяның екінші кітабында жеткіншек ұрпақтың өкілдері өздерінің әр түрлі үміт армандарымен, болашаққа талпыныстарымен көзге түседі. Сәдуақас, Хасен, Мағауиялар өз халқына пайда келтіру мақсатында мектепте оқып жүр.Олар Абайдың өлеңдерін сүйіп оқиды, оны халық арасына таратады.Өйткені олар болашақ қоғамның өкілдері әрі үміті еді. Бұл адал, пәк жастарға қарама-қарсы бағытта қатал, сараң, қатыгез Әзімбай, екі жүзді, жағдайға қарай құбылғыш, арам ниетті Шұбар мен Көкбай көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |