Гуманитарлық пәндер


Дәріс ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы балалар әдебиеті Сағат саны-1



бет14/58
Дата07.09.2023
өлшемі149.36 Kb.
#476851
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58
Силлабус Балалар әдебиеті

6 Дәріс ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы балалар әдебиеті
Сағат саны-1
Жоспары
1. М.Өтемісұлының патриоттық өлеңдері және оның тәрбиелік маңызы.
2. Ы.Алтынсарин-қазақ балалар әдебиетінің атасы
3. Қазақ балалар әдебиетіндегі Абай шығармаларының маңызы
4. Ш.Құдайбердиевтің өмірі мен шығармашылығы
1. Махамбет - ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы көрнекті ақын. Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Нарын құмы, Бекетай деген жерде туған.
Махамбет Х/Х ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүріп, сол кезеңнің дүбірлі тарихи оқиғасының жалынды жаршысы, насихатшысы болды. Ел тарыққан заманда одан шығар жолды батыл күрестен тауып, жауына қарсы қол бастаған қамқоршы, әрі батыр, әрі ақын болды.
Ақынның бүкіл өмірі мен ақындық қуаты түгелдей дерлік халық қамына атой салған қоңыраудай күмбірлеп, тау құлатар тасқын толқынындай тулап, дамыл таппады.Кеудесін ыза кернеп, халқының мұңы мен зарын толғады.
Махамбеттің өз әкесі Өтеміс, арғы атасы Құлмәлі делінеді.Өтемістен он бала болғандығын Махамбеттің:
Өтемістен туған он едік,
Онымыз атқа мінгенде,
Жер қайысқан қол едік,-
дейтіні сондықтан.
Махамбеттің шыққан ортасы-шағын шаруа. Бірақ бір ағасы –Бекмұханбет хан сарайына жақын, ханның сенімді адамдарының бірі әрі биі болған. Ол хан жағында болып, 1836-1838 жылдардағы шаруалар көтерілісіне қарсы күрескен. Ал Махамбеттің басқа ағайындары көтеріліс жағын жақтап, жау қолынан қаза тапқан.
Махамбет жас кезінде хан сарайында болады. Оған екі түрлі себеп бар. Біріншіден,Өтеміс балаларының үлкені Баймағанбет – Жәңгірдің 12 биінің бірі . Екіншіден, Махамбет те Күлмәлі аулының старшыны болып сайланады. Махамбет ресми түрде старшын атанса да, іс жүзінде Махамбет атынан мөр басушы ақынның інісі Қожахмет болған.
Махамбет қай жағынан болсын ерте оянып, ел ісіне ерте араласқан және керекті жерінде ел басын қосуға шебер, ұйымдастырғыш, қабілеті мейлінше күшті жастардың бірі болып саналады.Махамбет жас болса да жалынды ақын, жарқ еткен талант екендігін ел тез таниды, оның даңқы жасынан-ақ шығады. Махамбеттің осы қабілетін өз керегіне пайдаланбақ болған Жәңгір хан оны сарай ақыны етуге әрекеттенеді. Осы мақсатпен хан өзінің ұлы Зұлқарнайынды Орынборға оқуға жібергенде, ақынды соның қасына қосшы етіп қосқан.
Орынборда болу Махамбетке көп пайдасын тигізген. Хан баласының қасында жүріп ақын өзі де орысша үйреніп, сауатын ашқан.Сол замандағы қыр қазағы үшін бұл сирек кездесетін құбылыс екені түсінікті.
Махамбет – турашыл, бірбеткей, өр мінезді, әділет пен еркіндікке талпынған ақын. Махамбеттің мінезі ұнамаған хан мен оның жендеттері - би, сұлтандар - оны қудалауға кіріседі.1829 жылы Махамбет патша әскерінің қолына түсіп, «қашқын» ретінде Калмыков түрмесіне қамалады. 1831 жылы одан қашып шығады.Бұл кезде екі жақтан бірдей қанау қысымынан азап шеккен бұқара халық қатты күйзеліске ұшырайды, аш-жалаңаштыққа душар болады.
Хан Жәңгір өзі бас болып, оның туысқандары, билері, сұлтандары, старшындары, халықтың шұрайлы жер,жақсы қонысын тартып алып бір зорлатса, түрлі алым-салықты күшейтіп,халықты тағы да қан қақсатты.Бұл қысымға қарсы 1836-1837 жылдары еңбекші халық көтеріліске шықты.Көтерілістің басшысы Исатай болса, оның серігі Махамбет көтеріліске өзінің жалынды жырларымен дем беруші болады.
1838 жылы Баймағанбет сұлтан мен подполковник Гекке басқарған жазалаушы отрядтың тегеурініне төтеп бере алмай, Исатай, Махамбет қолы жеңіліске ұшырайды.Исатай қаза болады, ал Махамбет 1841 жылы түрмеден босайды.Баймағанбет сұлтан Махамбетті өлтірудің жолына кіріседі.Махамбетті өлтіртеді.1846 жылы 42 жасында қаза табады.
Махамбет ең алдымен халқын, Отанын сүйген патриот ақын. Оның өлеңі –елін тереңнен сүюдің айқын үлгісі.Санасы оянып, ойы өсе бастаған күннен бастап-ақ ақын, халықты қанап отырған би-төрелерге,хандарға, сұлтандарға қарсы шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет