Гуманитарлық пәндер



бет16/58
Дата07.09.2023
өлшемі149.36 Kb.
#476851
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58
Силлабус Балалар әдебиеті

Бекіту сұрақтары:

  1. ХХ ғасырдың бас кезіндегі балалар әдебиеті өкілерін атаңыз.

  2. ХХ ғасырдың бас кезіндегі балалар әдебиеті өкілдерінің шығармаларын атаңыз

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Т.Ақшолақов. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. -Алматы, 2014«Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы » сериялар жинағы. 30 том.
2.Қазақ балалар әдебиетінің қазынасы. Көп томдық..-Алматы,2013.
3.Әлем балалар әдебиеті. 50 томдық. –Алматы,2014.
4.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы(ХІХ ғасыр басындағы әдебиет).2-кітап.2014.
5.Қазақ әдебиетінің тарихы. 8- том. Кеңес дәуірі (1941-1956). Құраст:Қирабаев С. –Алматы,2014.
8 Дәріс Ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығы.
С.Сейфуллин өлеңдеріндегі ұлттық болмыс, патриотизм тақырыбы. Ақынның суреткерлік шеберлігі, тіл өрнегі. («Бандыны қуған Хамит» повесі, «Көкшетау» поэмасы, «Ақсақ киік»,«Жазғы дала»т.б. өлеңдері).
Б.Майлин – прозалық шағын әңгіме жанрының майталманы. Оның шығармаларының басты тақырыбы – қарапайым еңбек адамы, ел өмірінің реалистік сипаты, аштық құрбандары суреттері («Күлпаш», «Айт күні», «Жаңбыр» әңгімелері, т.б.)
Сағат саны-1
Жоспары
1. С.Сейфуллин өлеңдеріндегі ұлттық болмыс, патриотизм тақырыбы
2. Б.Майлин – прозалық шағын әңгіме жанрының майталманы
1. С.Сейфуллин өмірі мен шығармашылығы. Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 1894 жылы қазіргі Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында шағын дәулетті, орта шаруаның семьясында туды. Сәкеннің ата-анасы ауыл арасына қадірлі, меймандос, адал ниетті, ақ жарқын, сонымен бірге өнерлі иелері болды. Сәкеннің өзі де әкесінің аң аулаған саятшы, сауыққой, домбырашы, шешесінің халық өлең –жырларын көп білетін, сөзге шебер адамдар болғандығын айтады. Мұның өзі Сәкеннің өлең-жыр, әңгіме-ертегілерге деген құмарлық сезімінің ерте оянуына көп әсер етеді.
Сәкен бастапқыда ауыл молдасынан оқып тез-ақ хат танып кетеді. Баласының оқуға алғырлығын, зейінделігін, ой –талабының күштілігін байқаған Сейфолла Сәкенге орысша білім бергісі келеді. Осы мақсатпен 1905 жылы оны Успенск (Нілді) мыс заводындағы мектепке береді. Сәкен мында үш жылдай оқыды. Онан кейін Ақмоладағы бастауыш орыс мектебіне (Приходская школаға) түседі. Мұны бітірген соң, үш кластық училищеде оқиды. Сәкеннің жастайынан екі тілде бірдей білім алуы, оның орыс әдебиетінің көрнекті қаламгерлерінің шығармаларымен, сондай-ақ өз халқының әдебетімен молынан танысуына мүмкіндік береді.
1913 жылы Сәкен Омбы қаласына барып, оқытушылар семинариясына түседі. Семинарияны ол үш жылдан кейін, 1916 жылы бітіріп шығады. Сәкеннің ақындық жазушылық талабы ерте кезден басталады. Ол Успенск мен Ақмолада оқып жүрген кезінде-ақ өлең шығара бастайды. Омбы қаласында оқып жүрген кезінде білім алушылардың «Бірлік» атты әдеби үйірмесіне қатыса жүріп, өзінің алғашқы өлеңдер жинағын құрастырады. Бұл жинақ 1914 жылы «Өткен күндер» деген атпен Қазан қаласында басылып шығады. Бұл кітап Сәкеннің ақындық талабының зор екендігін жалпы жұртшылыққа танытады.
Сәкен 1918 жылы Каммунистік партияның қатарына өтеді. Осы жылы контрревалюцияшыл күштердің әлегімен Ақмоладағы Совет үкіметі уақытша сәтсіздікке ұшырайды. Сәкен басқа жолдастарымен тұтқынға түседі. Әуелі Ақмола, кейін Петропавль түрмесіне, Омбы қалаларының түрмелерінде, қыстың қалшылдаған қатты аязында аш-жалаңаш, қол-аяғы кісендеулі күйінде атаман Анненковтың азап вагонында болады. Жалынды революционер ақын мұның бірде-біріне мойымайды.
Қажыма, ер көңілім, бәрі де өтер,
Сан азап бір күнгідей болмай кетер.
Қара түн басып тұрса алды –артыңды,
Жарқырап ататын таң әлі-ақ жетер,-
деп, өзіне де, өзімен шегіп жүрген қарулас достарына да қайрат –жігер береді.
1919 жылы Колчак түрмесінен жолдастарының көмегімен қашып шығып, жасырын атпен бетбақдаланы кезіп өтіп, Түркістан жаққа барып, ондағы Совет үкіметінің жұмысына қатысады. Сәкен айдауда, қуғында жүргенде өлең жазуын тоқтатқан емес. Ол өлеңдерінде ақын өзінің халық жағында жарқын болашақ үшін күресетіндігін айтады. «Жас қазақ марсельезасы» өлеңі қазақ жастарының революциялық гимніне айналды.
1920 жылы Сәкен Ақмолаға келіп, жаңа құрылған Совет өкіметінің оқу –ағарту, баспасөз жұмысын басқарады. Сол жылы ол Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің президиум мүшесі болып сайланады. Қоғамдық қызметпен қатар, жазушылық еңбегі өрлеу үстінде болады. 1929 жылы «Қызыл сұңқарлар» атты әйгілі пьесасын жазды. Сонымен бірге оның совет тақырыбына жазған көптеген өлеңдері осы кезде жарық көрді.
1922 жылы Сәкен Қазақстан Халық ағарту комиссарының орынбасары болды. Сол жылы советтердің ІІІ сьезінде Қазақстан Халық комиссарлар советінің председателі болып тағайындалды. Одан кейін «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы болды.
1924 жылдан 1937 жылға дейін республикамыздың көптеген мәдени-ағарту мекемелерінде жауапты қызметтер атқарды. Жоғарғы оқу орындарында қазақ әдебиеті тарихынан лекциялар оқыды. «Әдебиет майданы» ( қазіргі «Жұлдыз») журналының редакторы міндетін атқарады.
С. Сейфуллин қызмет бабында осыншалықты аса жауапты, сан-салалы жұмыстарды атқару үстінде де жазушылық еңбегін есте доғарған емес.
Жиырмасыншы жылдарда Сәкеннің «Асау тұлпар», «Домбыра», «Экспресс» атты өлеңдер жинағы, оның өз өміріне байланысты жазылған «Тар жол, тайғақ кешу» атты романы жарық көрді. «Жер қазғандар», «Бандыны қуған Хамит» повестері мен көптеген әңгімелерін, «Советстан», «Қызыл ат», «Көкшетау», «Маузер» поэмаларын жазды.
1936 жылы бүкіл Қазақстан жұртшылығы Сәкеннің әдеби қызметінің жиырма жылдығын тойлады. «Еңбек Қызыл Ту» орденімен наградталды.
1938 жылы сталиндік репрессияның құрбанына айналып, атылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет