Гуманитарлық пәндер



бет13/58
Дата07.09.2023
өлшемі149.36 Kb.
#476851
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58
Силлабус Балалар әдебиеті

2.Айтыстың түрлері, жанрлық ерекшелігі, тәрбиелік мәні. Айтыс түрлері мал мен иесінің айтысы, дін айтысы, ақындар айтысы, жұмбақ айтыс, қыз бен жігіт айтысы, өлі мен тірінің айтысы болып бөлінеді.
Әдебиеттік жағынан алғанда,айтыс өлеңдерін мазмұнына,тақырыбына қарай екі түрге бөлуге болады. Біріншісі- халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрып салтына байланысты туған айтыстар. Екіншісі – шын мәніндегі ақындар айтысы.Соңғысы қазақ айтыстарының күрделісі болып табылады.
Айтыс өлеңдерінің алғашқы үлгілері халықтың тұрмыс-салтына,әдет-ғұрпына байланысты туған. Және ол жұрттың жиналған жерінде,ойын-сауық үстінде шығарылған.Олрды шығарушы да ақындар еді.Бұл айтыстар жалпы айтыс өлеңдерінің алғашқы өлеңдері болғандықтан да өзіне тән ерекшеліктері барлығын көрсетеді.
Ең алдымен ойын-сауық ретінде, халықты көңілдендіру, күлдіру негізінде туғанын аңғартады. Өлеңі жұрттың жаттап алып,айта беруіне лайықталған болады. Мұнда нағыз ақындар айтысындағыдай тыңнан қозғалатын күрделі әңгімелер,оқыстан туған оқиғалар, буырқанып-бұрсынып шығатын сөз түйіндері кездеспейді. Көбінесе жеңіл-желпі айтылған әзіл-оспақ түрінде болып отырады. Екіншіден, бұл айтыстарда халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрып салтына байланысты туғанәр түрлі ұғым, түсініктер араласа жүреді.
Бұл айтылғандар тұрмыс-тіршілік әдет-ғұрып салтқа байланысты туған айтыс өлеңдерінің кемшілігі емес.Ол айтыс өлеңдерінің қалай туып,алғашқы қалыптасу ретінде нені сөз еткендігін аңғартатын ерекшелігі болуға тиісті.Және осы айтыстар кейіннен үлкен айтыс өлеңдерінің,яғни ақындар айтысының,шығуына негіз салды,соның бастамасы болды деп түсінеміз.
Бекіту сұрақтары:

  1. Айтысқа түсініктеме беріңіз.

  2. Айтыс өнерінің ерекшеліктерін атаңыз

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Т.Ақшолақов. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. -Алматы, 2014«Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы » сериялар жинағы. 30 том.
2.Қазақ балалар әдебиетінің қазынасы. Көп томдық..-Алматы,2013.
3.Әлем балалар әдебиеті. 50 томдық. –Алматы,2014.
4.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы(ХІХ ғасыр басындағы әдебиет).2-кітап.2014.
5.Қазақ әдебиетінің тарихы. 8- том. Кеңес дәуірі (1941-1956). Құраст:Қирабаев С. –Алматы,2014.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет