Гуманитарлық пәндер



бет21/58
Дата07.09.2023
өлшемі149.36 Kb.
#476851
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58
Силлабус Балалар әдебиеті

Сағат саны-1
Жоспары
1. Балалар әдебиетіндегі соғыс тақырыбы
2. Б.Бұлқышев («Өмір сүргім келеді», «Шығыс ұлына хат», «Заман біздікі, жастар», «Тыңда, Кавказ!»,
3. С.Мұратбеков («Жусан иісі»повесі), Ғ.Мүсіреповтің ( «Қазақ солдаты романы»).
1. Баубек Бұлқышев өмірі мен шығармашылығы. Баубек Бұлқышев 1916 жылы Жезқазған облысының Ұлытау ауданында туған. Баубек қаршадайынан әке-шешеден жетім қалады.Ауыл интернатында тәрбиеленіп, артынан ФЗО мектебін бітіреді.
Кішкентайынан бірге өскен досы Мұқан Иманжанов екеуі қабырға газетіне қатар өлең жазатын еді. Екеуі де ақын болуды арман ететін. Осы мақсатқа жету үшін Ұлытаудың екі ұланы 1935 жылы Алматыға келеді.Олар келгенде оқулардың бәрі басталып кетеді. Тек сауда-қаржы техникумында ғана орын бар болып, амалсыздан соған түседі.
Баубек Алматыға келгеннен кейін поэзияға ден қойып, өлеңдер жаза бастайды. «Балалық шақ», «Айсұлу» деген поэмаларын жазып бітіріп, «Ауылдан Алматыға» атты әңгімесін аяқтайды. Оның «Алматы –менің туған қалам» деген бітпей қалған романы бар.
1939 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») және «Октябрь балалары» (қазіргі «Ұлан») газеттерінде істеген кезеңнен бастап көркем әдебиетке ден қояды. Баубек көптеген өлеңдер жазып, республикалық газет, журнал беттерінде өз өлеңдерін жариялап отырды.
1940 жылы ол Қызыл Армия қатарына шақырылады. Екінші дүниежүзілік соғысқа алғашқы күндерден бастап қатысады. Оның соғыстағы ерлігі ата дәстүрінің жалғасы іспеттес. Баубектің әкесі Амангелді Иманов пен Әліби Жангелдин басшылық еткен 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына белсене қатысқан.
Көсемсөз шебері, ер жүрек жауынгер, сапёрлер ротасының командирі, аға лейтенант Баубек Бұлқышев 1944 жылдың бас кезінде Украина жерін фашистерден азат ету майданында қаһармандықпен қаза тапты.
Оның шығармалары әдеби жинақтарға енді және «Заман біздікі», «Өшпес өмір», «Адамзатқа хат» деген атпен жеке-жеке кітап болып шықты.
Б.Бұлқышевтің «Заман біздікі» жинағында «Ана қабірінің басында», «Май көркі», «Арнау», «Ұлы ақын», «Тәтті жыр», «Жамбылға», «Оқушы жыры», «Ер жеткенде», «Қыран», «Жауынгер», «Су сұлуы»т.б. өлеңерін, сонымен қатар, И.А. Крыловтан «Қара шыбын мен ара», В.В.Маяковскийден «Жолдас құстар, күттік сізді, сіздер үшін ұшпасқа не?» деп аталған аударма өлеңдерін берген.Өлеңдерінің көпшілігі 1937-1939 жылдары жазылған.
«Алматылықтар» деп аталатын романы 1941-1942 жылдары, соғыс уақытысында жазылғандықтан, аяқталмай қалған. «Айсұлу» атты поэмасы бар. Және де шағын бірнеше әңгімелері де бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет