13 практикалық сабақтар
Тақырыбы:.Балалар әдебиетіндегі әлем халықтарының озық шығармалары.
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1-тапсырма. Төменде аталған шығармаларды оқып, қысқаша аннотация жазыңыз.
2-тапсырма. Өзіңіз білетін балаларға арналған әлем әдебиетінің өкілдерінің шығармаларын төмендегі кестеге түсіріңіз.
№
|
Ақын не жазушы аты-жөні
|
Прозалық шығарма аты
|
Поэзиялық шығарма аты
|
Драмалық шығарма аты
|
1.
2.
|
|
|
|
|
Әдістемелік нұсқау: Эссе жазуға әзірлікпен кірісіңіз. Эссе қарапайым шығарма емес. Ол –очерк. Яғни, эссе - сіздің өз жеке ойыңызды, тақырыпқа қатысы әсеріңіз бен көзқарас-пікіріңізді білдіретін жазба түрі. Эссе жазу кезінде логикаңыз, ойды дәйектей алуыңыз, ақпаратты сауатты жеткізуіңіз бағаланатынын ескеріңіз
Әдебиет:
1.Т.Ақшолақов. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. -Алматы, 2014«Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы » сериялар жинағы. 30 том.
2.Қазақ балалар әдебиетінің қазынасы. Көп томдық..-Алматы,2013.
3.Әлем балалар әдебиеті. 50 томдық. –Алматы,2014.
4.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы(ХІХ ғасыр басындағы әдебиет).2-кітап.2014.
5.Қазақ әдебиетінің тарихы. 8- том. Кеңес дәуірі (1941-1956). Құраст:Қирабаев С. –Алматы,2014.
6.Қазақ әдебиетінің тарихы. 7-том. Кеңес дәуірі (1917-1940).Құраст: Қирабаев С. –Алматы,2016
14 Практикалық сабақтар
Тақырыбы: Балалар әдебиетінің негізгі тақырыптары.
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары:.
1-тапсырма.Нұсқауда айтылған пікірлерді мысалдар арқылы дәлелдеп көрсетіңіз.
2-тапсырма.Балалар ауыз әдебиетінің суреттеу тәсілдеріне жататын:қайталау,өлең қайырмасы,формасы,өлшемі,варианттары,портрет,пейзаж,гипербола,литота,кейіптеу,т.б. туралы қысқаша конспектілеп алыңыз да,шығармалардан мысалдар келтіріңіз.
3-тапсырма.Балалар ауыз әдебиетінің түрлерін кестеге түсіріңіз.
№ Ауыз әдебиеті түрлері мысалдар Өзіндік ерекшеліктері
1. Бесік жыры Әлди,әлди,ақ бесік
Ақ бесікке жат,бөпем 1)Өлең түрінде келеді,ұйқасқа құралады;
2)баланы жұбатуға арналған;
3)варианттары көп кездеседі.т.б.
4-тапсырма.Шағын көлемді шығармаларды жаттап алыңыз(жұмбақ,жаңылтпаш,мақал-мәтел,өтірік өлең,төрт түлік туралы жырлар) Пайдаланатын әдебиеттер:
Жұмысқа нұсқау.Төменде көрсетілген жоспар бойынша дайындалыңыз:
1.Ертегілердің түрлері,ерекшелігі,құрылысы,кейіпкерлері.
2.Ертегі сюжеті мен компазициясы,тақырыбы мен идеясы.
3.Аңыз әңгімелер(Алдар көсе,Асан Қайғы,Жиренше) және оның түрлері (тарихи,мекендік,күй)
.1-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңіз.
-«Ер Төстік» ертегісі мен «Аяз би»ертегісінде кейіпкерлер қалай бейнеленген,әр ертегінің ерекшелігі неде?
-Екі ертегідегі кейіпкерлерді бейнелеудегі сөз қолданыстар,өрнектер қандай?
-Қиял-ғажайып ертегілері мен шыншыл ертегілердің бір-бірінен айырмашылықтарын көрсетіңіздер.
-Тағы қандай ертегі түрлері болады?
-Аңыздың ертегіден айырмашылығы қандай?Қандай аңыздарды білесіз?
Достарыңызбен бөлісу: |