4-БОӨЖ тапсырмалары Айшықтау мен құбылту түрлерінің қолданылуы.
Сағат саны-1
Әдістемелік нұсқау: Баяндама оқу материалдарын, әдебиеттерді толық оқып шығуынан кейін жасалатын жазба жұмыс. Ол мәтіннен қысқаша түсінік алып, керекті жерлерін алу. Автордың негізгі ойлары баяндама жазуда сөзбе-сөз көшіріліп алынбайды, өзіндік оймен қорытынды жасалып жазылады. Бұл мәтіннің мазмұнын тиімді қамти алуын көздейді.
-«Ер Төстік» ертегісі мен «Аяз би»ертегісінде кейіпкерлер қалай бейнеленген,әр ертегінің ерекшелігі неде?
-Екі ертегідегі кейіпкерлерді бейнелеудегі сөз қолданыстар,өрнектер қандай?
-Қиял-ғажайып ертегілері мен шыншыл ертегілердің бір-бірінен айырмашылықтарын көрсетіңіздер.
-Тағы қандай ертегі түрлері болады?
-Аңыздың ертегіден айырмашылығы қандай?Қандай аңыздарды білесіз?
2-тапсырма. «Ер Төстік»ертегісіне жоспар жасаңыз және сол жоспар бойынша мәнерлеп айтуға дайындалыңыз.
3-тапсырма. «Ер Төстік» ертегісінен төменде көрсетілген үзіндіні жаттап алыңыз.
Кенжекейдің әкесі қыздарына түгел енші беріп,көп жасаумен ұзатады.Сонда Кенжекей әкесінің берген еншісіне,мінгізген ат,арттырған жасауына разы болмайды. «Әкем маған жылқыдан Шалқұйрық атты берсін,жасаудан Ақсырмалы сауытты берсін,түйеден құба інгенді берсін»,-дейді.
Кенжекейдің әкесі қызына ашуланып,кісісін қайтарып жібереді. «Қызыма айта бар:Ерназардың байлығы оған жетеді.Шалқұйрық атты сұрағаны несі?Шалқұйрық жылқымның құты,құтқа қыз ие болған жер бар ме екен?Құба інген түйемнің басы,түйемнің басын сұрағаны несі,қызда ондай түйе артқан бар ма екен?Ақсырмалы сауыт атадан ұлға қалатын мұра,мені қызым қу бас дегені ме?Қызым өйтіп жаулығын білдірмесін»,-дейді.
Кенжекей әкесіне қайта кісі салыпты. «Шалқұйрықтың сұрағаным,ерге лайық ат еді,ер мінсін деп едім;Құба інгенді сұрағаным,ер қосын артсын деп едім;Ақсырмалы сауытты сұрағаным,Ер Төстік ер еді,сол ер кисін деп едім»,-депті.
Әкесі Кенжекейдің сөзінен жеңіліп,сұрағандарын беріпті. «Қызыма сәлем айт,Сорқұдықтың басына көшін қондырмасын,қондырса кесір болады»,-депті.
Сонымен Ерназар келіндерін алып,қайта береді.Бір күні көші жар басында тігулі тұрған жарты лашыққа кездеседі.Бұл перінің қызы Бекторының лашығы екен.Көш тұсынан өтіп бара жатқан кезде лашығынан шығып,шайқақтап,перінің қызы Бекторы былай дейді:
-Сүйген де жарың ЕР Төстік,
Құтты болсын,Кенжекей!
Мінген де атың Шалқұйрық
Құтты болсын,Кенжекей!
Артқан да түйең Құба інген
Құтты болсын,Кенжекей!
Киген де сауытың Ақсырмал
Құтты болсын,Кенжекей!
Жар басында демесең
Жарты лашық демесең,
Біздің үйге түсе кет!
Көбікті саумал іше кет!-дейді.
Перінің қызы Бекторының тиісе сөйлегенін жақтырмай,Кенжекей мынадай жауап береді:
-Перінің қызы,Бекторы,
Шайпау сөзің қой,Торы,
Сүйген де жарым Ер Төстік,
Өз жарымды сүйемін!
Мінген де атым Щалқұйрық,
Өз атымды мінемін.
Артқан да түйем Құба інген,
Өз түйеме артамын!
Киген сауытым Ақсырмал,
Өз сауытым киемін!
Жар басында демеймін,
Жарты лашық демеймін,
Қайтсең де үйіңе түспеймін.
Бал берсең де ішпеймін.
Перінің қызы,Бекторы,
Шайпау сөзіңқой,торы!
Осылай деп Бекторының бетін қайтарып тастайды. «Қап бәлем,Кенжекей,саған қылармын!»-деп Бекторы тісін қайрап қала береді.
Айшықтау мен құбылту түрлерінің қолданылуын батырлар жырынан үзінді жазыңыз
Әдебиет:
Қирабаев С.Шындық және шығарма.-Алматы,2014
«Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы» сериялы жинақтар. 30 том.2014-2015.
Рахметова С., Әбдікәрімова Т., Қабатаева Б. Ана тілі. Жалпы орта мектептің 3-4- сыныптарына арналған оқулық. -Астана, 2018.
Айтжанова Қ. Қазақ әдебиетін оқытудың әдіснамасы. –Алматы
Достарыңызбен бөлісу: |