Х. Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру»



Pdf көрінісі
бет29/132
Дата28.09.2023
өлшемі1.21 Mb.
#478931
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   132
oku kural personald baskar

 
Жұмыс мазмұнын талдау - бұл жұмыстардың мазмұнын жүйелі және терең 
зерттеу үдерісі.Жұмысқа қабылдау үдерісі келесі кезеңдерден тұрады: 
- бос орында жұмыс істеу үшін үміткерлерге қойылатын талаптарды нақтылау 
- үміткерлерді іріктеп алу 
- үміткерлерді сұрыптап алу 
- жұмысқа қабылдау. 
Лауазымдық нұсқау негізінде жасалған мамандық карта төмендегідей 
мамандықтың сипаттамасынан тұрады: 
- жалпы білімі 
- арнайы білімі 
- шет тілін білуі 
- компьютерде жұмыс істей білуі және т.б. 
 
 
2. Персоналды оқыту жүйесі. Персоналды дамыту өндірістің табысты жұмыс 
істеуінің ең маңызды факторларының бірі болып табылады.Қазіргі жағдайда, ғылыми-
техникалық прогресс кәсіби білімдер мен тәжірбиелердің ескіру үдерісін айтарлықтай 
жылдамдықта,орын алып отыр. 
Персоналды дамыту деп жұмыскердің біліктілігін жоғарлатуға бағытталған іс-
шаралардың жиынтығын айтамыз.Ол ең алдымен мыналарды қамтиды: 
- жалпы және кәсіби білім түріндегі қажетті білім,тәжірбие және кәсіпті беретін оқытуды 
- біліктілігін жоғарлатуға байланысты кәсіби мен тәжірбиесін жақсарту 
- жетекшілік қызметке өткенде және жетекшінің мансабын қалыптастыруда қажет 
болатын танымдар мен дайындықтарды беретін басқару және жетекшілік ету мектебіне 
оқытуды 
- мағынасы бойынша басқа мамандықты игеру екінші білім алумен тең. 
Персоналды дамыту бірінші кезекте тұруы қажет.Оларды іріктеу және дамыту 
керек: 
- оқуға ынталы жұмыскерлерді қолдау 
- білімдер мен озат тәжірбиелерді тарату 
- жас білікті қызметкерлерді оқыту 
- басқарушы персоналдың қызметкерлерді дамытудың маңыздылығын түсіну 
- кадрлар тұрақсыздығын төмендету. 
Кәсіби білім алу мүмкіндігі жұмыскерлермен жоғары бағаланады. 
Кәсіби даму қызметкерді жаңа өндірістік функцияларды орындауға, жаңа қызметті 
меңгеруге дайындау үдерісін білдіреді.Персоналдың кәсіби дамуының маңызды 
құралы - кәсіби оқыту ұйымының қызметкерлеріне жаңа кәсіби білімдер мен 
тәжірбиелерді тікелей беру үдерісі болып табылады. 
Кәсіби оқыту-персоналды дамытудың маңызды факторы. 
Оқытуды ұйымдастыру мен оның мақсатына сәйкес кәсіби оқытудың екі түрін 
көрсетуге болады: 
- нақты мамандандырусыз, оқып жатқан адамның біліктілік деңгейіне байланыссыз 
қандай да бір жалпы кәсіби білімдерді алу 
-нақты мамандандырусыз, өзінің негізгі мамандығынан басқа белгілі бір бағыт және 
проблема бойынша бойынша жаңа мамандыққа бейімделу. 
Қазіргі заманғы ұйымдарда кәсіби оқыту келесі кезеңдерден тұрады: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет