Х. Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру»


Персоналды жұмысқа тартуды және еңбекке бейімделуді жоспарлау



Pdf көрінісі
бет28/132
Дата28.09.2023
өлшемі1.21 Mb.
#478931
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   132
oku kural personald baskar

Персоналды жұмысқа тартуды және еңбекке бейімделуді жоспарлау
Келешекте ұйымның персоналға қажеттілігін сыртқы және ішкі көздердің есебінен 
қанағаттандыру мақсатында персоналды жалдау және қабылдау жөніндегі іс-шараларды 
жоспарлау. 
Персоналды жұмыстан босату немесе қысқартуды жоспарлау. Өндірісті 
немесе басқаруды оңтайландыру салдарынан жұмыс күшінің керек шамадан артықтығы 
пайда болады. Персоналды босатуды жоспарлау сыртқы еңбек нарығына біліктілігі 
жоғары кадрларды шығармауға және персоналға әлеуметтік қйыншылықтар тудырмауға 
мүмкіндік береді. 
Жұмыстан босайтын жұмыскерлердің жұмысын жоспарлау, босатулар 
түрлерінің жіктеуіне негізделеді. Олар: 
- жұмыскердің талабы бойынша
- әкімдіктің талабы бойынша 
- зейнеткерлікке шығуға байланысты. 
Персоналды пайдалануды жоспарлау. Бұл үдеріс штаттық лауазымды жұмыс 
орындарын толтыру жоспарын жасаудан басталады. Адамға лайықты болатындай еңбек 
ету шарттарымен қамтамасыз ету қажет. 
Оқытуды жоспарлау.Персоналды оқытуды жоспарлау ұйым ішінде және сырттай 
оқыту немесе білім алу өз бетінше дайындалу арқылы болатынын ескерген іс-шаралардан 
тұрады. 
Іскерлік мансапты,қызметтік кәсіби жоғарлатуды жоспарлау.Ол жұмыскерді 
ұйымға қабылдаған уақыттан бастап, жұмыстан шығады-ау деген уақытқа дейін оның 
қызметі немесе жұмыс орнының жүйесі бойынша жоспарлы түрде көлденеңінен және 
тігінен жылжуын ұйымдастырудың қажеттілігінен тұрады. 
Персоналды қаржыландыруды жоспарлау.Персоналға жұмсалатын шығын 
ұйымның өндірістік және әлеуметтік көрсеткіштерін жасау үшін негіз болып табылады. 
Персонал шығыны-еңбек қызметкерлерінің әрекет етуіне байланысты барлық 
шығындарды қамтитын интегралдық көрсеткіш. 
Персонал санын мөлшерлеу және есепке алу. Жұмыс істейтіндердің санын 
мөлшерлеу персоналды басқарудың бүкіл жйесінің арқа сүйер әректі. 
Уақыт мөлшері деп сәйкес біліктілігі бар бір адам немесе жұмысшы тобының бірлік 
жұмыскердің жұмысты орындауға жұмсаған қоғамдық қажетті уақыт шығынын айтамыз. 
Сандық мөлшері депірі агрегаттарда қызмет көрсету үшін қажет болатын 
жұмысшыларды немесе белгілі кәсіби біліктілігі бар жұмыс істейтіндер санат саны деп 
түсіну керек. 
Еңбек ұжымының тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіш кадрлар ағымы болып 
табылады. 
Жұмысқа қабылдау үдерісі мен оның сипаттамасы.Жұмысшы күшін жинақтау 
келешек өзгерістерді ескере отырып, барлық жұмыс орындарына үміткерлерді 
дайындаумен түсіндіріледі. 
Жинақтау дәстүрлі түрде сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. 
Персоналды басқару үдерісіндегі бастапқы кезеңі-кадрларды жинақтау және іріктеу. 


26 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет