Х. Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру»


Персоналды жоспарлаудың қағидалары



Pdf көрінісі
бет27/132
Дата28.09.2023
өлшемі1.21 Mb.
#478931
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   132
oku kural personald baskar

Персоналды жоспарлаудың қағидалары. Жоспарлау үдерісі жалпы жоспарлау 
сияқты бірқатар қағидаларға негізделеді.Ұйым қызметкерлерінің барынша көпшілігі 
жоспарлау жұмыстарымен, оны құрудың бастапқы кезеңдерінде-ақ қатысуы маңызды 
болып саналады. 
Персоналды жоспарлау әдістері.Персоналдарды жоспарлауда қолданылатын 
әдістер: 
- баланыстық тәсілдер ұйымдағы бар ресурстар мен жоспарлы мерзімдегі оларға деген 
қажеттіліктің өзара байланысына негізделеді 
- нормативті тәсіл белгілі мерзімдегі жоспарлық тапсырыстың негізгі өнім бірлігіне 
шаққандағы әр түрлі ресурстардың шығындарының өлшеміне байланысты 
- математикалы-статистикалық тәсілдер-әр түрлі үлгі негізіндегі үйлесімді есептеулер. 
Персоналмен атқаратын жұмыстың жедел жоспарының құрылымы
Персоналмен атқаратын жұмыстың жедел жоспарын жасау үшін арнайы жасалған 
сауалнаманың көмегімен келесі мәліметтерді жинау керек: 
1. Персоналдың тұрақты құрамы жөнінде(аты-жөні, мекен-жайы, жасы, жұмысқа тұрған 
уақыты және т.б.) 
2. Персоналдың құрамы жөнінде (біліктілігі, жынысы, жасы, ұлты, мүгедектердің үлес 
салмағы, жұмысшылардың, қызметкерлердің, білікті жұмысшылардың үлес салмағы және 
т .б.) 
3. Персоналдың тұрақсыздығы жөнінде 


25 
4. Өндірістің тоқтап тұруы мен адамдардың науқастануына байланысты уақытты 
жоғалтуы туралы 
5. Жұмыс күнінің көлемі туралы 
6. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақылары туралы 
7. Әлеуметтік сипаттағы қызмет көрсетулер туралы. 
Персоналға қажеттілікті жоспарлау. Персоналға қажеттілікті жоспарлау 
персоналды жоспарлау үдерісінің бастапқы сатысы болып табылады.Ол нақты және 
жоспарланған жұмыс орындары, ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды жүргізу 
жоспары, штаттық кесте және бос орындарды толтыру жоспарлары туралы мәліметтерге 
негізделеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет