Х. Д. Чурин атындағы «Менеджмент және агробизнесті ұйымдастыру»


Персоналды басқару жүйесі



Pdf көрінісі
бет3/132
Дата28.09.2023
өлшемі1.21 Mb.
#478931
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132
oku kural personald baskar

Персоналды басқару жүйесі. Персоналды басқару жүйесі персоналдарды басқару 
мақсаттарының, функцияларының, ұйымдастырушылық құрылымның қалыптасуларынан, 
басқарушылық шешімдерді негіздеу, өңдеу, қабылдау және орындау үдерістерінде 
мамандар мен жетекшілердің тігінен және көлденеңінен атқарымдық өзара 
байланыстардың қалыптасуынан тұрады. 
 
Персоналды басқару функциялары жүзеге асыратын жүйе ұйымның персоналын 
басқару жүйесі деп аталады.
Ұйымдағы персоналды басқару жүйесі ұйымды бүтіндей және оның жеке бөлшектерін
басқаруды орындайтын атқарымдық, қамтамасыздандырушы ішкі жүйелерден тұрады: 

Персоналды жоспарлау және маркетинг 

Персоналды жалдау және есепке алуды басқару 

Еңбек қатынастарын басқару 

Бір қалыпты еңбек жағдайын қамтамасыздандырудың ішкі жүйесі 

Персоналды дамытуды басқару 

Персоналдың мінез – құлқын басқару 

әлеуметтік дамытуды басқару 

персоналды басқару жүйесін құқықтық қамтамасыздандыру 

персоналды басқару жүйесін ақпараттық қамтамасыздандыру 

персоналды басқару жүйесін техникалық қамтамасыздандыру. 
Персоналды басқару жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы – бұл 
персоналды басқару жүйесі мен лауазымды тұлғалардың өзара байланысқан жиынтығы. 
Персоналды басқарудың екі бағыты бар: 




бизнестің стратегиялары шеңберінде ұйым мен жұмыскерлер арасындағы қарым- 
қатынасты реттеу негізінде ұйымның бәсекеге қабілеттілік жағдайлары мен ұзақ 
мерзімді дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады. 

ағымдағы персоналдық жұмыстар жүргізіледі.; персонал қажеттілігінің қазіргі 
жағдайы мен жоспарлауы, штаттық кестелерді жасау, персоналды бағалау және 
іріктеу, таяудағы кадрлық ауысымдарды, жұмыстан босатуды жоспарлау, 
біліктілігін жоғарлату және қайта даярлау және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет