Персоналды басқару – бұл функция тек қана персонал қызметіне жатпайды. Басқа да
бағыттағы жұмысқа өз құзырының көлемінде персонал басқарудың басқа да субьектілері -
өндірістік бөлімшелердің желілі жетекшілері оған бағынатын мамандармен бірге міндетті
түрде қатысуға тиісті.
Ұйымның персоналын басқару жүйесі – персоналды басқарудың функциясын
жүзеге асыратын жүйе.
Жалпы және желілі жетекшіліктің ішкі жүйесі ұйымды бүтіндей басқаруды,
жеке атқарымдық және өндірістік ішкі бөлімдерді басқаруды жүзеге асырады.
Персоналды жоспарлау және маркетинг ішкі жүйесі персонал саясатын және
персоналды басқару стратегиясын жасау, персонал әлеуетін және еңбек нарығын талдау,
персоналды
жоспарлауды
ұйымдастыру,
персоналды
ұйымдастыруды
қамтамасыздандыратын сыртқы ақпарат көздерімен өзара байланыстарды қолдау.
Персоналды жалдау және есепке алуды басқару ішкі жүйесі персоналды
жалдауды ұйымдастыру, персоналмен әңгіме өткізу, бағалау, іріктеу және қабылдауды
ұйымдастыру, орын ауыстыруды, марапаттау мен жұмыстан шығаруды есепке алу,
персоналды кәсіби бағдарлау және ұтымды пайдалануды ұйымдастыру, жұмыспен
қамтуды басқару, персоналды басқару жүйесін іс-қағаз жүргізу жұмысымен
қамтамасыздандыру.
Персоналдың дамуын басқарудың ішкі жүйесі оқыту, қайта даярлау, жаңа
жұмыскерлердің бейімделуі және қызметке орналасуы, бос қызмет орындарына
үміткерлерді бағалау, шығармашылық іс-әрекеттерді ұйымдастыру, іскерлік мансап пен
қызметтік - кәсіптік сатымен жоғарылатуды жүзеге асыру, кадрлар резервімен жұмысты
ұйымдастыру сияқты жұмыстарын атқарады.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын дамытудың ішкі жүйесі
басқарудың қалыптасқан ұйымдастырушылық құрылымын талдау, басқарудың жаңа
құрылымын жобалау, штаттық кестені құру, жетекшілік етудің әдістері мен стилін дамыту
бойынша ұсыныстарды жасау және жүзеге асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |